Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жаратылыстану Өкпені шынықтыру 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану Мектеп: И.Нүсіпбаев атындағы

мектеп- интернаты

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Адам Мұғалімнің аты-жөні: Жұман А.М.

Күні: 20.11.2019 ж. Қатысқандар саны: 30

Сынып: 3 Қатыспағандар саны: 2



Сабақтың тақырыбы

Өкпені шынықтыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар: адамның қалай дұрыс тыныс алу керектігін біледі;

Көптеген оқушылар: тыныс алу ағзаға оттектің түсуі мен көмірқышқыл газдың шығуын қамтамасыз ететін үдеріс екенін түсінеді.

Кейбір оқушылар: өкпеде болатын газ алмасу, ұлпа алмасу процесстеріне топтық жұмыс барысында сипаттама береді.

Күтілетін нәтиже

Тыныс алу жиілігіне байланысты зерттеу жұмысына болжам жасайды, зерттеу жүргізеді, қорытындысын шығарады, жақсарту жолдарын анықтайды

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Тыныс алу жайлы сұрақтарға жауап береді;

Зерттеу жұмысы бойынша тұжырым жасайды;

Жазба жұмысын орындайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: тыныс алу жиілігі

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды өзара ынтымақтастыққа, бір біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Тамақтану мен өз денсаулығын күтуге дұрыс көзқарас қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, математика

АКТ қолдану

дағдылары

Презентация, видеожазба, аудиожазба

Бастапқы білім

Тыныс алу мүшелерін және олардың қызметін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ұйымдастыру.

А) Келген қонақтармен амандасу. (Оушылар орындарынан тұрып сәлем береді)

- Балалар, көңіл күйіміз қалай ?

- Жақсы!

Ә) Сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Топтық тапсырма: Сөздердің аражігін ажыратып, мақал құрау, мағынасын табу.

БІРЛІКБАРЖЕРДЕТІРЛІКБАР

  • Біздің бүгінгі күнгі сабағымыздың ұраны бірілк бар жерде тірлік бар. Ендеше, сабаққа белсенді болып, өте үздік болыңдар.


















е





















П

Папавввввв

























Ұйымдастыру


Спортпен айналысып жатқан балалардың суретін көрсету.

  • Неліктен спортпен айналысу керек?

  • Дене сымбатты болу үшін не істеу қажет?

  • Тыныс алу мен спорт арасында қандай байланыс бар?

  • Ұзақ жүгіргенде адамдар өздерін қалай сезінеді?

  • Кейбір адамдар неліктен тез және шапшаң жүгіреді?

  • Кім қандай дене шынықтыру жаттығуларымен айналысады?

  • Дене шынықтыру жаттығуларын жасағанда қандай тыныс алу ережелерін сақтау керек?

  • Неліктен кеудені кең жазғанда терең тыныс алу қажет?

Слайд








Слайд















Сабақтың ортасы



Б) «Иә, жоқ» әдісі. Белсенді оқушыларды анықтау. Қойылатын сұрақтарға дұрыс жауап беруін қадағалау.

- Ақ сандығым ашылды,

Ішінен шуақ шашылды демекші, сыр сандықтың ішіндегі қызықты сұрақтарға жауап беріп көрейік.

1. Ауасыз өмір сүре аламыз. (жоқ)

2. Ауаны жылытып, ылғалдандыратын мүше-мұрын. (иә)

3. Ауа тек қана далада болады. (жоқ)

4. Оттегі таза ауа. (иә)

ҚБ: оқушылардың бағалауы «ду қол шапалақ» әдісі.




Сандықша


Сабақтың ортасы



2 минут















1 минут












5 минут


































1 минут











15 минут









3 минут












Сабақтың соңы

8 минут

В) «Кел, айналып ойналық» ойыны.

- Балалар, мен бір оқуышыны ортаға шақырамын. Барлық оқушы беске дейін санайды, ортадағы оқушы көзін жұмып, бір орнында айналады. Санау аяқталғанда сол орнында тұрып қалу керек.

Тапсырма: Спортпен айналысып жатқан балалардың суретін көрсету . Артындағы сұрақтарға жауап беру?

- Неліктен спортпен айналысу керек?

- Дене сымбатты болу үшін не істеу қажет?

- Тыныс алу мен спорт арасында қандай байланыс бар?

- Кейбір адамдар неліктен тез және шапшаң жүгіреді?

Ұзақ жүгіргенде кейбірі ынтығып, тұншығып жүгіре алмай, тоқтап қалады. Ал кейбірі жеңіл, оңай жүгіреді.

ҚБ: жұлдызшалар арқылы бағалау.

1.Зерттеу жасау. Жұптық жұмыс.

Қажетті құрал-жабдықтар: Ұзын сызғыш, қалам, қағаз

а) Бірқалыпты тыныс алу және кеуде тұсын лентамен өлшеу. Нәтижені жазу.

ә) Терең тыныс алу және өлшеу нәтижелерін жазу, содан кейін терең дем шығару, жаңа нәтижелерді жазу. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда кеуде қуысының өлшемінің нәтижелерін салыстыру.

Кеуде өлшемі нәтижесі, см

Бірқалыпты дем алу

Терең тыныс алу

Терең тыныс шығару

Сергіту сәті.

Зерттеу жасау. Жеке жұмыс.

Зерттеу жұмысын жоспарлау.

Мақсаты: Зерттеу арқылы мен тыныс алу жиілігін білгім келеді.


Тыныс алу

болжам

нақты

орындықта отырғанда



10 рет отырып-тұрғаннан соң



20 рет отырып-тұрғаннан соң



Қорытынды

(Әр адамның өзіндік тыныс алу ырғағы болады)


Менің болжамым:

Алдымен қалыпты жағдайда 1 минутта қанша рет орындыққа отырып, қанша рет дем алатынымды есептеймін. Кестеге жазамын.

Мен екінші рет шаманы өзгерттім. 10 рет отырып – тұрдым. Орындыққа отырып, қанша рет дем алатынымды есептеймін. Кестеге жазамын.

- Мен деген күш түскенде жиі дем алатынымды сездім. Дем алу жиілей түседі.

Заңдылық: жаттығу жүктемесі артқан сайын , тыныс алу жиілігі де артады.

Зерттеуден соң сұрақтар қою:

  • Жай бірқалыпты отырғанда өзіңді қалай сезіндің?

  • Жаттығу жасағаннан кейін не өзгерді?

  • Жылдам қозғалған сайын нені аңғардың?

  • Адамның тыныс алу жиілігі дене жаттығуларына байланысты ма

  • Неліктен олай болды? Оттек не үшін керек?

  • Оттек ағзаға энергия алу үшін керек. Жаттығу барысында неғұрлым көп энергия жұмсалса, соғұрлым ағза оттекті көп қажет етеді. Сондықтан тыныс алу жиілей түседі.

Дескриптор. Білім алушы:

  1. Зерттеу жұмысына ауызша болжам жасау

  2. Тыныс алудың жиілігін орындықта отырғанда, 10 рет отырып-тұрғаннан соң, 20 рет отырып-тұрғаннан соң қалай болатынын нақты анықтау.

ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

Сен білесің бе? Қосымша ақпарат.

Тыныс алу мүшелерінің көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу, жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін киіммен жүру барлығы да еркін, жайлы тыныс алуға, сол арқылы денсаулығымызды мығым етуге көмектеседі.

Топтық тапсырма.

1 топ: Тыныс алу шүшелері

2 топ: Тыныс алу құпиялары

3 топ: Ас қорыту жүйесі

Дескриптор. Білім алушы:

  1. Топта бірлесіп жұмыс жасайды

  2. Ақпаратты толықтырып, тыныс алу мүшелері мен құпияларын айтады

  3. Ас қорту жүйесінің қызметін түсіндіреді.

ҚБ: жұлдызшалар

«Интерю» әдісі. Жұптық жұмыс

  • Балалар, ортаға екі оқушыны шығарғым келеді. Бүгінгі саба бойынша «Сыр сұхбат» бағдарламасының жүргізушісі мен кеңесшісін тыңдайық.







Тест жұмысы:

  1. Тыныс алу ... жиілейді.

а) тойып тамақ ішкенде

ә) денеге күш түскенде

б) дененің тыныштық күйінде

2. Астың ағза арқылы саяхаты ... сағатқа дейін созылуы мүмкін.

а) 18 сағат ә) 2 сағат б) 10 сағат

3. Адам өкпесінің көлемі неше литр болады?

а) 2-4 литр ә) 7 литр б) 3-5 литр

ҚБ. мұғалімнің кері байланысы

«Бестік» кері байланыс




Суреттер









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2020
523
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12