жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Жаһандық энергетикалық дағдарыс 8 сынып
8 – сынып
Сабақ тақырыбы |
Жаһандық энергетикалық дағдарыс. |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.1.2.1-тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау; 8.2.6.1-кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру; 8.3.2.1-публицистикалық стильдің (мақала) тілдік ерекшеліктерін талдау арқылы мәтіндердің жанрын анықтау. |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлығы тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, детальді ақпаратты анықтайды. Көбі кесте, диаграммаларды толтырады, ақпаратты талдайды. Кейбірі публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктерін түсінеді. |
|||
Бағалау критерийлері |
Жаһандық энергетикалық проблемалар жайлы ақпарат береді, мәтіннің мазмұнын түсінеді, |
|||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Жаһандық, ысырап, дағдырыс, өндіру, тасымалдау, қажеттілігі, уланады, ахуал, бітеді, балама, көрсеткіш. |
|||
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: электр қуаты мен жылу, энергетика. |
||||
Бастапқы білім |
Сауда жасау туралы айтады, ірі сауда орталықтары мен базарлар жайлы кеңейтілген ақпарат береді. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушының бастапқы білімін анықтай алады. |
|||
САБАҚ БАРЫСЫ |
|
|||
Сабақтың жоспар- ланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім ынтымақтастық атмосфе- расын орнату үшін «Мадақтар бұрқасыны» тәсілін қолданады. Оқушылар 1-1,5 минутта бір парақ қағазға ұстазынан естігісі келетін мадақтарды жа- зады, көршісімен алмасып, бір-бірінің жазғандарын оқып береді. Қызығушылық ояту. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан жаһандануға қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: Балалар, сендер жаһандануды қалай түсінесіңдер? «Жаһандану» сөзіне ассоциаграмма құрғызады. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Мұғалім «Ойлан, тап!» тәсілін пай- даланып, берілген тапсырманың шарты бойынша оқушылар сұрақтарға жа- уап береді, суреттерге қарап, қандай зат екенін анықтайды, бұл заттардың адамзатқа не үшін қажет екенін дәлелдейді (1, 2-тапсырмалар). Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады. Орыс тілінде берілген мәтінді оқиды, түсінгенін қазақ тілінде айтады (3-тапсырма). |
|
||
|
Дескриптор: - оқушылар сұраққа толық жауап береді; - суреттерде бейнеленген затты сипаттайды. - жаңа сөздерді үйренеді; - сөздік жұмысын жүргізеді; - түсінігін айтады. «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады. Тілдік бағдар. Публицистикалық стиль, оның ерекшелігі туралы шағын ақпарат береді, жасалу жолдарын түсіндіреді, мысал келтіреді. Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы грамматикалық тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қойып, білімін толықтырады. |
|
||
Сабақтың ортасы
|
Мәтінмен жұмыс. 4, 6, 7-тапсырмалар. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқулықта берілген мәтінді оқытады. Оқушылар мәтінді түсініп оқиды, стилін анықтайды, «INSERT» стратегиясын пайдаланып, әр ойбөлікке белгі қояды, «Жинақтау кестесін» толтырады (1-бағанға мәтіндегі тірек сөздерді, 2-бағанға тірек сөзбен байланысты сөз тіркесін, 3-бағанға тірек сөзді өзі бұрыннан білетін басқа сөзбен тіркестіріп жазады). Дескриптор: - ақпаратты талдайды; - мәтінді өз сөзімен баяндайды; - мәтіннен қажет ақпаратты алады; - «Жинақтау кестесін» толтырады; - өз ойын қорытады. Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Кері байланыс. Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды? Мәтінсоңы жұмыс. «Қызық суреттер» тәсілі бойынша мәтіннен суреттің мазмұнымен сәйкес келетін үзіндіні тауып оқиды, 3-4 сөйлем құрап айтады (9-тапсырма). Оқушылар «Сұрақ-жауап» әдісінің негізінде сұрақ дайындайды, диалогқұрады, сұрақтарға жауап береді (11, 12, 14-тапсырмалар). Дескриптор: - жұп болып жұмыс істей алады; - сұрақ қоя біледі; - тілдік коммуникация орнатады. Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірінің жауаптарын бағалайды.
Кері байланыс. «Не қиын, не оңай?» әдісі бойынша түсініктерін толықтырады. |
|
||
Сабақтың соңы
|
Жұптық жұмыс. Мәтінді оқиды, мемлекеттердің балама энергияны пайдалануының пайыздық көрсеткішін диаграммаға түсіреді. Ақпаратты талдап, бағала (13-тапсырма). Дескриптор: - ақпаратты талдайды; - статистикалық көрсеткіш дайындайды; - пікірін дәйектеп айта алады. Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім «Бағалау ағашы» тәсілін пайдаланып, сабақ барысын бағалатады. Сабақ соңында оқушылар өз ойларын жапырақ тәріздес қағаздарға жазып, ағаш суретіне жапсырады. Немесе жапырақ түстеріне байла- нысты мағына беруге болады. Рефлексия. Ойтаразы. «Бес саусақ» әдісі арқылы бүгінгі сабақты таразы- лайды. Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 5-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындау қажет екені түсіндіріледі. |
Ғаламтор ресурс- тары
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Рефлексия Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (Сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істейді. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайдаланылып, саралау жұмыстары да орындалады). |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген