Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жаз өлеңі 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне аса қажетті.Бұл материалда Абай Құнанбаев өмірбаяны жазылған.Әдебиеттік оқу сабағы оқушылардың тілдік қорын,сөйлеу мәнеріе қалыптастырады.Сабақ жаңа технологиялармен жазылған.Сабақта оқушының қызығушылығын арттыру үшін,ойын түрлері ойнатылады.Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәнерін ұйымдастыру мақсатында мәнерлеп оқытамыз.Оқушылардың сабаққа деген қызуғышылығы артады.Мұғалім оқушының назарын өзіне аударады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңі
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың Абай туралы түсініктерін кеңейту. «Жаз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын танымдылық қызығушылығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды имандылыққа, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сөздік, сұрақ - жауап,
Көрнекілік: Абай суреті, жаз мезгілінің суреті
Пәнаралық байланыс; дүниетану, бейнелеу, музыка

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық.
2. Қызығушылығын ояту. Оқушыларды топқа бөлу
1 - топ «Күз».
2 - топ «Қыс»
3 - топ «Көктем»
4 - топ «Жаз»

ІІ Үй жұмысын пысықтау.

-Сұрақ- жауап. (4 топқа өткен тарау бойынша сұрақтар беру)
ІІІ «Ой қозғау»:
-Суретпен жұмыс.

-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден аңғардың?
-Сурет бойынша әңгіме құру.
ІҮ «Мағынаны тану».

Мұғалімнің түсіндірмесі.
- Сендер, жаз мезгілі туралы осылай суреттейді екенсіңдер. Ал, енді Абай атамыз қалай суреттеген екен? Өлеңді оқымас бұрын Абай атамыз туралы білетіндерімізді есімізге түсірейік.
Топтастыру арқылы Абай туралы білетіндерін еске түсіру.

- Әр топтан бір оқушыдан айтады.
Мұғалімнің түсіндірмесі
- Сонымен қатар Абайды лирик ақын деп те атаймыз. Өйткені табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өміріне арнап жырға қосты. Оның жыл мезгілдеріне арнап шығарған қандай өлеңдерін білеміз?
(Әр топ өздеріне қатысты өлеңдерін жатқа айтқызу)

Ү Оқулықпен жұмыс
1. -Бүгінгі сабағымызда Абай суреттеген «Жаз» өлеңімен танысамыз.
-Өлеңді мәнерлеп оқу. (Тыңдау)
- Оқушыларға іштей оқыту
- Мәнерлеп оқу минутын өткізу

2. Сөздік жұмысы. (Дәптерге жазу)
Күркіреп - өзеннің ағып жатқандағы дыбысы
Шұрқырап - кісінейді
Шалғын - жайылым немесе қалың шөп
Жоны - арқасы
Ыңқылдап - тойынғанның белгісі

3. Жаз мезгілін ақын тілімен сипаттау.

-Жаздыгүнгі табиғат.

-Жан-жануарлардың жазғы тіршілігі.

-Жазғы жайлау.

Сергілу сәті. «Желсіз түнде жарық - ай» әнін орындау
ҮІ Топпен жұмыс.
1. топ. Жаз сөзіне « Бес жолды өлең» құрастыру.
2. топ. Жаз сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
3. топ. Жаз мезгілі .(топтастыру)
4 - топ Жаз мезгілі. Эссе жазу
ҮІІ Бекіту. « Тобықтай түйін»
- Абай кім? - ұлы ақын, жазушы, лирик т. б
- Абайдың қандай өлеңімен таныстық? - «Жаз» өлеңімен таныстық
- Өлеңде не туралы айтылған? -табиғат, сұлулық, әсем сырларын ондағы болып жатқан құбылыстырды, адам өміріне арнап жазған.
Венн диаграммасы. Қыс және жаз мезгілдерін салыстыру.
ҮІІІ Қорытынды .

-Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді? (Смайликтер арқылы білдіру.)

1. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.

2. Бағалау
















Ишаханова Зульфияның қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пәні: Әдебиеттік оқу

Күні: 06.04.2016

Сыныбы: 3 «Ғ»

Сабақтың тақырыбы

Абай Жаз

Сілтеме

3- сыныбына арналған оқулық .Әдебиеттік оқу оқулығы

Мақсаты


1. Оқушылардың Абай туралы түсініктерін кеңейту. «Жаз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
2.Оқушылардың сөздік қорын, танымдылық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Оқушыларды табиғатты сүйе білуге, қорғауға баулу.

Күтілетін

нәтижелер


Топтық жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, жыл мезгілдері туралы түсінігі артады, дарынды оқушыны үлгі алады, көркем әдеби тілде сөйлеуге үйренеді.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

7 модуль

СТО, оқытудағы жаңа тәсіл, көшбасшылықты анықтау, оқыту үшін бағалау.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой қозғау, «топтастыру» стратегиясы т.б.

Керекті жабдықтар

Оқулық, интербелсенді тақта, кеспеқағаздар, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақкезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

3 мин


1.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.
2. Қызығушылығын ояту.

Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлінеді.
1 - топ «Күз» (сары жапырақ)
2 - топ «Қыс» (қар)
3 - топ «Көктем» (жауқазын)
4 - топ «Жаз» (жетікүлтелі гүл)


Оқушылар жыл мезгілдері арқылы төрт топқа топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.

Негізгі бөлім










10 минут





7 мин

1. Үй жұмысын пысықтау.

-Сұрақ- жауап. 4 топқа өткен тарау бойынша сұрақтар беріледі.
2. Ой қозғау:
Суретпен жұмыс.

-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден аңғардың?
-Сурет бойынша әңгіме құру.
3. Мағынаны тану.

- Сендер, жаз мезгілі туралы осылай суреттейді екенсіңдер. Ал, енді Абай атамыз қалай суреттеген екен? Өлеңді оқымас бұрын Абай атамыз туралы білетіндерімізді есімізге түсірейік.
- Сонымен қатар Абайды лирик ақын деп те атаймыз. Өйткені табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өміріне арнап жырға қосты. Оның жыл мезгілдеріне арнап шығарған қандай өлеңдерін білеміз?





4. Оқулықпен жұмыс
1. -Бүгінгі сабағымызда Абай суреттеген «Жаз» өлеңімен танысамыз.
2. Сөздік жұмысы.
Күркіреп - өзеннің ағып жатқандағы дыбысы
Шұрқырап - кісінейді
Шалғын - жайылым немесе қалың шөп
Жоны - арқасы
Ыңқылдап - тойынғанның белгісі

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.Сұрақтар бойынша жауап береді.





Суреттер бойынша өз ойларын айтады. Сурет бойынша әңгіме құрайды.





Топтастыру арқылы Абай туралы білетіндерін еске түсіру.

- Әр топтан бір оқушыдан айтады.


Абайдың жыл мезгілдеріне арнап шығарған өлеңдерін айтады.

Топтың атына қарай әр топ Абайдың өлеңдерін жатқа айтады.




Өлеңді мәнерлеп оқу. (Тыңдау)
- Оқушыларға іштей оқыту
- Мәнерлеп оқу минутын өткізу


Дәптерге сөздерді жазады.





Жаз мезгілін ақын тілімен сипаттайды.

-Жаздыгүнгі табиғат.

-Жан-жануарлардың жазғы тіршілігі.

-Жазғы жайлау.


Сергіту сәті



2 мин

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау



Оқушылар жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.


8 мин

7 мин

Топтық тапсырмалар:

І топ: Жаз сөзіне « Бес жолды өлең» құрастыру
ІІ топ: Жаз сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

ІІІ топ: Жаз мезгілі (топтастыру)
ІҮ топ: Бес минуттық эссе

« Тобықтай түйін»
- Абай кім?
- Абайдың қандай өлеңімен таныстық?

- Өлеңде не туралы айтылған?

Әр топ өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды.Тапсырмаларды топта орындайды, талдайды.Әр топ жауаптарын айтады.


Сұрақтар жауап береді.



Венн диаграммасы. Қыс және жаз мезгілдерін салыстыру.

Қорытынды

Рефлексия

5 мин

1.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?


1. Смайликтер арқылы қаншалықты түсінікті екенін көрсетеді.

Үйге тапсырма

1мин

Өлеңді жаттау


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Жұлдызша арқылы бағалайды.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
844
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12