Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жазық фигуралар"1 сынып математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1 сынып ұстаздары көмекші құрал ретінде пайдалануларына болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспарының шаблоны


Пән

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі :



Мектеп: №189

Геометриялық пішіндер

Күні:20.02.2018жыл

Мұғалімнің есімі: Мінәжова Гүлнұр Әбибуллақызы

Сынып :1 «Б»

Қатысқандар саны:24

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы;


Жазық фигуралар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

1.3.1.2.жазық фигураларды /үшбұрыш,дөңгелек,шаршы,тіктөртбұрыш/және кеңістік фигураларды/куб,шар,цилиндр,конус,пирамида,тікбұрышты паралепипед/тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар :Жазық фигураларды ажыратады,атайды,қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді,ортақ қасиеттерін айтады.

Көптеген оқушылар:Фигуралардың ортақ қасиеттерін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар :Берілген таяқшалардан жазық фигураларды құрастыра алады.

.

Бағалау критерийі

Жазық фигураларды және кеңістік денелерін ажыратады.

Қоршаған ортадан ұқсас фигураларды анықтайды.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:Жазық фигураларды ажыратады.

Негізгі сөздер мен тіркестер ( пәнге арналған сөздік және терминология)

Үшбұрыш,шеңбер,төртбұрыш,тіктөртбұрыш,фигура,жазық


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар

Бұл фигуралардың ортақ белгілеріне қарап қандай ат қоюға болады?


Сіз неліктен бұл –төртбұрыш,ал мынау төртбұрыш емес екенін айта аласыз ба?


Жазба жұмысы.Геометриялық пішіндерді сызады.




Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында достарының пікіріне құрметпен қарау.Ұжымдық жұмыс барысында сын тұрғысынан ойлау.



Пəнаралық байланыс

Көркем еңбек :1-тапсырмада ши мен ермексаздан фигураларды құрастыру барысында.





АКТ қолдану дағдылар

Интербелсенді тақта.

Бастапқы білім

Оқушылар геометриялық пішіндердің суретін сала алады.кірпіштермен ойнауды немесе ойыншықтар құрастыруды біледі.



Cабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

/4 мин/



Психологиялық ахуал

Оқушылар бір-біріне екі қатарға тұрып комплимент айтады.

Геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа біріктіру. («үшбұрыш», «шаршы», «тіктөртбұрыш», «дөңгелек»)

Ширату жаттығуы. «Топтастыр»ойыны

/Ұ.Ж/Әр топқа фигураларды араластырып беремін.Фигураларды топтастырады.Топтар талқылайды.

-Қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар?

-Қалай орналасқан?

-Ортақ белгілеріне қарап қандай ат қоюға болады?






Үшбұрыш,шаршы,тік-

төртбұрыштар.



Кеңістік фигуралары.



Жазық фигуралар.



Сабақтың ортасы

/32мин/












1-тапсырма «Кім жылдам?» ойыны (жұппен жұмыс)

Ши мен ермексаздың көмегімен 1-топ үшбұрыш моделін, 2-топ шаршы моделін, 3-топ тіктөртбұрыш моделін жасаңыз.4-топ шеңбердің моделін жасаңыз.


2-тапсырма Дәптермен жұмыс. «Ұқсастықты тап»ойыны.Әрбір қатардан бірінші бағандағы заттарға ұқсас фигураны бояу.

« Смайлик»арқылы бағалау

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақаңды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

3-тапсырма. «Миға шабуыл»әдісі /Т.Ж/Жазық пішіндерді құрастыруға арналған тапсырма.

1.7 таяқшадан 2 бірдей тік төртбұрыш құраңыз.

2.5 таяқшадан 2 бірдей үшбұрышты құрастыру

3.10 таяқшадан 2 тік төртбұрыш құрастыру/кіші тіктөртбұрыш үлкен тіктөртбұрыштың ішінде екі таяқшадан құрастырылады.

4.7 таяқшадан 3 үшбұрыш құрастыру.

«Температураны өлшеу» әдісі бойынша бағалайды.

4-тапсырма. «Данышпан суретші»әдісі./Ж.Ж/Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.

Ж азық фигураларды-қызыл,ал кеңістік денелерін көк түспен бояу.

Дескриптор:-жазық фигураларды анықтайды.

-кеңістік денелерді анықтайды.



Ши мен ермексаз


«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»әдісі бойынша бағалау.










т аяқшалар,фигуралар


Сабақтың соңы/4 мин/

«



Бағдаршам»әдісі бойынша кері байланыс.Әр топ өздерінің топтарына сәйкес берілген фигуралары бойынша үш түстің біреуін көтереді.







Саралау – Сіз оқушыларға

қандай тəсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Қабілетті оқушыларға таяқшалардан күрделенген тапсырма арқылы жазық фигураны құрауды бердім.Оқушыларға өз жетекшілігіммен ашық сұрақтар беру,нұсқау беру,пікір таластыруға тарту арқылы көмектесемін.Уәжін өсіру үшін мадақтап отырамын.Ұсыныс беру арқылы оқушыларға көмектесемін.


Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


«Екі жұлдыз,бір ұсныс»әдісі бойынша жұптар бір-бірін бағалайды.,

1.Фигуралардың моделін дұрыс жасай алады.

2.Уақытпен жұмыс жасай алады.

3.Эстетикалық талғамға сай жұмыс жасайды.

«Бағдаршам»әдісі бойынша барлық оқушылар өздеріне өзі баға береді

Бүгінгі сабақтан алған білімдерін саралай отырып,өте жақсы түсіндім деген оқушылар жасыл түсті,жақсы түсіндім деген оқушы болса сары түсті,түсінбедім деген оқушылар сары түсті көтереді. «Смайлик арқылы».

1.Фигуралар мен заттардың пішіндерін салыстыра алады./қалпақты,бояуды,сызғышты/

«Температураны өлшеу»әдісі бойынша

1.Берілген таяқшалар арқылы /7,2,9,10,5/жазық фигураларды құрастыра алады.

2.Уақытқа бағынады.




Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау.



Сергіту сәтін жүргіздім.Ермексазбен жұмыс жасағанда қолымызды аузымызға салмау керектігі туралы айтылды.




Рефлексия.

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Қандай екі нәрсе табысты болды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1

2

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.03.2018
2301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11