Ашық сабақ "Жеңіс күні" мектепке дейінгі шағын топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жеңіс күні" мектепке дейінгі шағын топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Таным Пән: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Жеңіс күні ортаңғы топ балаларына арналған. Рухани Жаңғыру бағдырламасы аясында жасалған ҰОҚ. Мақсаты: балаларға жеңіс күні туралы түсінік беру, ҰОҚ барысында жеңіс күні туралы суреттер көрсету, әңгіме жүргізу, тәрбиелік сабақ беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі

Өткізу күні: 04.05

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Жеңіс күні» \

Мақсаты: Әскер туралы балалардың білімін қалыптастыру. Ұлы Отан соғысының ардагеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ержүрек, батыр, күшті болуға тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық ізденіс

Өлең шумағы:
Бақтағы гүлдер балбырап,
Тұп-тұнық шықпен жуынды.
Көктемнің күні жадырап,
Көшеге халық ту ілді.

2.Негізгі бөлім

Презентация көрсету.
Сұрақ-жауап:
-Балалар сендер «әскер» деген ұғымды қалай түсінесіндер?
-Әскерге бару әр баланың міндеті. Әр ер бала әскерге барып, азаматтық борышын өтеу керек.
-Біз қазір тату, молшылықта, бейбіт өмір сүріп жатырмыз, кімнің арқасында.
-Осыдан 69 жыл бұрын біздің ата-бабаларымыз біздің болашағымыз үшін немістермен соғысып, жеңіп шыққан. Бұл 1945 жылдың 9 мамыр күні болатын. Осыдан бері бұл күн «Жеңіс күні» деп аталады. Соғыс 4 жылға созылды, яғни 1941жылы басталып 1945 жылы аяқталды. Осы соғыста бабаларымыз көп қиыншылықтар көрді, олар күндіз – түні соғысты, ұйықтамады, аш жүрген күндері болды. Соғысқа байланысты көптеген видеофильмдер бар. Қазір бәріміз интерактивті тақтаға көңіл аударамыз.
Видеофильм көрсету.
-Бұл видеофильмде не туралы айтылған?
-Соғысқа қатысқан ата-әжелерімізді қалай атаймыз?
-Дұрыс айтасындар, біз оларды құрметтеп сыйлауымыз керек.
-Қарандаршы, балалар мына суретте Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова. Олар да соғысқа қатысқан батыр қыздар.
Сөздік жұмыс. Видеофильмдегі түсініксіз сөздерді айтып, мағынасын түсіндіру.
Билингвальдық компоненті: Жеңіс күні день победы.
Балаларды саппен жүргізу.
Сергіту сәті.

Назарларын презентацияға аударады.
Әр бала өз ойын айтады.

Видеофильмді қызығушылықпен қарайды.

Түсінгендерін әр бала әңгімелеп береді.

Сөздерді күнделікті қмірде қолдануға тырысады.
Сөздерді қайталап, есте сақтауға тырысады.
Балалар әуен ырғағымен солдаттарша жүреді.

3.Қорытынды

Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бекіту.
Балаларды мақтап мадақтау.
Балаларға жұлдызшалар тарату.





















































Picture 6

«Жеңіс күні»

Тәрбиешілер : Сыздыкова А.М. Капарова Ш.А

Мақсаты:   Әскер туралы балалардың білімін қалыптастыру. Ұлы Отан соғысының ардагеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ержүрек, батыр, күшті болуға тәрбиелеу.


«Мичурин жалпы білім беретін мектебі» КММ «Балапан» тобында - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес балалармен арнайы жоба «Өлкетану» «Жеңіс күні» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалармен Жеңіс күнін әңгіме еттік , жеңіске қандай қиындықпен жеткеніміз түсіндірілді . Балалар жеңіс туралы тақпақтарын айтты.

Іс-шараны жоспарлау кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескерілді. Материал балаларға қол жетімді деңгейде таңдалады. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді, әңгімені жалғастырды, қызығушылықпен тыңдады, сұрақтарға ықыласпен жауап берді.

«Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы барлық ақпарат «Ұстаз» сайтында орналастырылған.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
1771
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі