Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ "Жер-ана" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану сабағында жер-анаға деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты қорғауға баулиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: №23 ОМЛ

Мерзімі:_________ №____

Тақырып: Жер-ана

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: жақсылық, қамқорлық, әрқашан көмектесу

Мұғалiм: Аманғали Мөлдір Нұрланқызы

Класс: 3 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны:___


Сабақтың мақсаты: «Жер-ана» туралы айта отырып, қиянат жасамау кұндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушыларға жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- Оқушылардың жерге жақсылық жасайтын қасиеттерін дамыту;

- Оқушыларды әрқашан көмектесу арқылы жерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

Кітап, дәптер, аудиотаспа, ән мәтіні, стикерлер

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 5Т ережесі: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Аманбысың ,алтын күн!

Аманбысың, жарқын күн!

Маған жылу, жарық бер,

Қуаныш пен шаттық бер.

Барлығымыз бірге қосылып айтамыз

Сабақ барысын талқылау

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Э.Шимның «Көктем иісі» әңгімесі

Сұрақтар:

-Бала көктем иісін қалай сезінді?

-«Көктемнің иісі» деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?

-Жерге қалай жақсылық жасауға болады?



3. Дәйексөз.

«Баптағанға – жер жомарт. »

Халық мақалы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Неліктен жер өзін баптағанға жомарттық көрсетеді?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бірге қосылып айту. Дәптерге жазып алу

4.Әңгімелесу. (Мұғалім сыйы)

Тбилиси қаласындағы ботаника ғылыми зерттеу институтында биолог ғалым Кохладзенің басқаруымен мынадай тәжірибе жүргізілді. Бақтағы екі түп раушан гүліне екі адам жібереді. Бірінші адам гүлдің сабақтары мен өзегіне ине тығып, зекіп, азап көрсетеді. Екінші раушан шоғына барған бағбан оған су құйып, небір тамаша жылы сөздер айтады. Екі шоқ гүлге сезгіш аппарат хабарлағыштар орнатып қояды да, әлгі тәжірибеге қатысқан адамдардың әрқайсысын өз гүлдеріне қайта жібереді. Сонда азаптаған адам жақындап қалғанын сезген гүл «ай-ай, әлгі қатыгез тағы да келе жатыр» дегендей хабарлағыш (датчик) зарлай жөнеледі. Ал, келесі бағбан жақындағанда гүл жұпар иісін шашып, қауызын ашқан.

Міне, бұл табиғатқа қиянат жасасаң, сөзсіз соның зардабын тартасың дегеннің дәлелі.

- Зерттеу институтындағы қандай тәжірибе жүргізілді?

-Табиғат тірі жан сияқты, өзіне зәбір көрсеткенде қиналуы мүмкін бе?

-Табиғатты қорғауда адамның іс –әрекеті қандай болу керек?



5.Шығармашылық жұмыс.

Жер- бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ.Өйткені... Жер-бәріміздің асыраушымыз. Өйткені... сөйлемді жалғастырып жазу


6.Топпен ән айту.

Атамекен

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы:

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауын аспаныммен астасқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем


Ән мәтіні таратылады

7. Үй тапсырмасы

Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқу


8.Соңғы тыныштық сәтi. (3мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

- Енді осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.Жақсы сөз сөйлейік,жақсы ой ойлайық,жақсы іс жасайық.

- Енді көздеріңізді аша қойыңдар.Сабақ аяқталды.Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!




Баяу әуен қойылады





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.06.2018
660
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12