Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жеті байлық 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін:»

Мектеп директоры:

................... Н.Жораев



Сабақтың тақырыбы: Киелі жеті саны

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Киелі сандар туралы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылығы: Ұлттық дәстүрде сөйлеу тілін дамыту,сауаттылығын, қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелігі: Үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата тегінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Негізгі идеялар: Жеті ата, жеті байлық жеті жарғы атты ұлағаттыұғымдардан хабардар ету.

Көрнекіліктер: Тақта, постер, маркерлер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныппен салемдесу. Әр топқа көш басшы сайлап алу.

ІІ. Үйтапсырмасын тексеру.

Қайта бағыттау сұрақтары:

  • сөздер туралы не білеміз?

  • шешендік сөздер дегеніміз не?

  • Қандай шешендерді блесіңдер?

Қызығушылығын ояту:

Түстер бойынша топқа бөлу.

Сұрақ –жауап:

  • Кім нешеге дейін санап біледі?

  • Санның шегі бар ма?

  • Соның ішінде негізгі сандар қайсы?

Сандарды қайда қолданамыз? Осы сандардың әрбіреуінің тәрбиелік мәні, саналы орны, қасиеті болған. Мысалы :

1 санының киелілігі

2 санының киелілігі мағлұмат беріледі.

Алдындағы смайликтердің артында сандар салынған соған байланысты топтарға бөлу. Мысалы:

І топқа – 3 саны

ІІ топқа – 4 саны

ІІІ топқа – 5 саны

Тапсырма: Әр топ өз сандарының киелілігі туралы жазып қорғайды.




Мағынаны тану:

Тақтаға сурет шығады. Онда 7 саны бейнеленген. Оқушылар өздері табады. Олай болса бүгін біздің жаңа сабағымыз не туралы болуы мүмкін? (Ауызша болжау арқылы )

  • 7 саны туралы

  • 7 санын қандай сан деп атайды?

  • Киелі сан

  • Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз «Киелі жеті саны» деп аталады.


Shape1

















Ой толғаныс.

7 саны қандай сан? Байлық дегенді кім айтады? Ол туралы не білеміз?

7 санының киелі сан екенін айтып,қазақ халқының тіршілігінде көптеген ұғымдардың 7 санымен байланысты екенін айту.(7ата,7 қазына,7 күн,7 шелпек,7 жұт)

1. Жеті ата

Әр адамның өзінен бастап арғы ата-бабаларының есімдерін білуі жеті атаны білу деген сөз.Ондай адамды Жеті атасын білген ұл,жеті жұрттың қамын жер деп дана ,білімді адам деп есептеген. Керісінше білмегендерді Жеті атасын білмейтін жетесіз деп айыптаған.Жеті ата мынадай ретпен құралған.

1.ата

2.әке

3.немере

4.шөбере

5.немене

6.шөпшек

7.туажат

2. Жеті қазына тапсырмасы.

Ертеде халқымыздың ұғымында 7 нәрсені ең маңызды,қажет деп түсінген.Оларды 7 қазына деп атаған. Енді 7 қазынаны атап өтелік:

1.ер жігіт

2.сұлу әйел

3.оқу,білім

4.жүйрік ат

5.берен мылтық

6.құмай тазы

7.қыран бүркіт

3.Халқымыз аптадағы 7 күнді былай атаған:

1.Дүйсенбі

2.Сейсенбі

3.Сәрсенбі

4.Бейсенбі

5.Жұма

6.Сенбі

7.Жексенбі

Аптаның 5-күні қасиетті күн,яғни ол күні 7 шелпек пісіріп,құран оқыған.

Жеті шелпектің тапсырмасы № 4 есеп

4. Жеті жұт. Халқымыз адам өміріне қауіпті табиғаттағы апаттарды да 7-ге бөліп,жеті жұт деп атаған.

1.құрғақшылық

2.жұт

3.өрт

4.соғыс

5.оба

6.топан су

7.зілзала

5. Жеті қарақшы

Осыдан көп заман бұрын аспан әлемінде жеті ағайынды өмір сүріпті. Өздерінің ауызбіршілігі мықты,күшті,сотқарлықпен аты шығып жүріпті. Күндердің күнінде ағайындылардың бірі Үркер шоқжұлдызының Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып,ұрлап кетіпті. Сол әрекетінен кейін оларды басқалар жеті қарақшы деп атап кетіпті.

1.Ерік

2.Жігер

3.Қайрат

4.Қуат

5.Ырық

6.Құдірет

7.Дес


6. Жеті байлық

Бірінші байлық – денсаулық

Екінші байлық – еркіндік

Үшінші байлық- тіл байлық

Төртінші байлық – қайрат –күш

Бесінші байлық – ақ жаулық

Алтыншы байлық – балаңыз

Жетінші байлық – жүз саулық

7. Жеті жетім

1. Тыңдалмаған сөз жетім

2. Киюсіз қалған бөз жетім

3. Иесіз қалған жер жетім

4. Басшысыз қалған ел жетім

5. Аққу-қазсыз қалған көл жетім

6. Замандасы қалмаса

Бәрінен де сол жетім

Оқулықпен жұмыс.

І топ.ІІ топ оқулықтан «Жеті байлық » өлеңін оқыту.

І топ – І, ІІ байлық

ІІ топ – ІІІ, ІV байлық

ІІІ топ – V, VІ байлық

Әр топ өздеріне берілген байлықтарды өз сөздерімен түсіндіреді.

ІІ өлең «Жеті ата» өлеңін оқыту.

Ой толғау.

  1. Сонымен 7 ата дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Байлық сөзін қалай түсінесіңдер?

Бағалау.

Рефлексия.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.







Тексерілді: Л.Алғазиева



































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1203
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12