Материалдар / Ашық сабақ "Жігіт сипаты. Ақан Сері Қорамсаұлы" 7 "Г" сыныбы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Жігіт сипаты. Ақан Сері Қорамсаұлы" 7 "Г" сыныбы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақан Сері Қорамсаұлы туралы жазылған ашық сабағымда мен әр түрлі әдістерді қолдандым.
Авторы:
19 Желтоқсан 2023
357
32 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: 59

Мектеп: «№4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Күні: 21.12.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Казымова Асылзат Жумабековна

Сынып: 7 «Г»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жігіт сипаты. Ақан Сері Қорамсаұлы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.3.3.1. прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс –әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау;

Сабақтың мақсаттары

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін біліп, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийлері

  1. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін түсініп, ережесін шығара алады;

  2. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды пікірталаста қолдана алады.

Құндылықтар

Оқушылар топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, ынтымақтастыққа үйренеді.

АҚТ қолдануы

Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады.

Тілдік мақсаттар

Гауһар тас, кілең, тәуір, соқыр, масыл, жорға, шамшырақ, өсиет, залал.

Осыған дейін меңгерілген білім

Стильдерді ажырата алады. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздер меңгерген: сәнді, сымбатты, күтім, бұрым, өрген, бойжеткен, жарасымды, сырт келбет, өзіндік өрнек, ұмтылу, іздеу, опа-далап, ұқыптылық, үйлесу;

Пікірталас мәдениетін игерген.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек-көздер

Сабақтың басы

5 минут










I. Оқушылармен амандасу

«Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап алайық.»,-деп оқушыларды ортаға шақырамын.

II. Оқушыларға жағымды ахуал туғызу. «Блиц кездесу» әдісі арқылы оқушылар бір –біріне жылы жүрек, жақсы тілектерін айтады.

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Бүгінгі Ақан Сері Қорамсаұлының өлеңдері мен күйлері деп оқушыларды екі топқа бөлеміз.




«Блиц кездесу» әдісі


Сабақтың ортасы

30 минут










Миға шабуыл

«Ақан Сері Қорамсаұлы» туралы оқушылар бейнеролик көреді.

Оқулықтағы жаңа сөздерді таныстыру.


Гаухар тас- бриллиант

Кілең –постоянно, только

Тәуір –хорошее, лучше

Соқыр –слепой

Шамшырақ –свеча

Масыл –обуза

Жорға -скакать

Өсиет –завещание

Залал –вред


2-тапсырма,141-бет. Айтылым. Суретке қарап батырлардың бойында қандай қасиет болатынын айтады.



3-тапсырма, 142-бет. Оқылым.Жазылым. Жекелей жұмыс. Оқушылар Ақан Сері Қорамсаұлы мәтінінде өмірбаянын түсініп оқып алады. Күрделі сөздерді тауып жазады.

Ақан сері Қорамсаұлы

Қорамсаұлы Ақан Сері (1843-1913)-қазақ халқының әйгілі әнші –композиторы, ақын. Ақан сері Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында туған. Әкесі –Қорамса, шешесі –Жаңыл қарапайым шаруа адамдары болған. Алғашқыда ауыл молдасынан сауат ашып, кейін (1856-1859) Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) медресесінде оқыған.

Ақан сері өмірін өнер жолына арнаған. Халық Ақанның бойындағы қайталанбас биік өнерді жоғары бағалаған.

Күрделі сөздер: әнші–композиторы, Айыртау, Қызылжар, Ахметуәли.

(Мұғалімнің бағалауы)

4-тапсырма, 142-бет. Оқылым.Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

Жігіт боп, гауһар тастай асыл болса,

Әлсізге жаны кілең ашыр болса.

Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас,

Не пайда шүберектей жасыл болса.!

Көзі де, көңілі де соқыр қараңғының,

Несі адам түк білмейтін масыл болса?!

Наркескен қайрылмайтын қылыш болса,

Мінез, ақыл, өнері дұрыс болса.!

Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт,

Жорғадай тілі майда жүріс болса.!

«Ақылды, сабырлы ер!» деп соны айтамыз:

*****

Еткені берекелі жұмыс болса,

Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма?

Көріңдер миға салып, бұрыс болса,

Бозбала шамшырақтай жанар болса,

Ішінде қалың топтың жанар болса,

Ақиқат адамдықтың белгісі сол:

Су берсең, балдай көріп қанар болса.

Ақылсыз кейбіреудің мінезі сол:

Бір сөзді екі қылып жамар болса.

Бұл саған айтқан, досым, өсиетім.

Жүре бер тыңдамай-ақ залал болса.



6-тапсырма, 143-бет. Айтылым. Жазылым. Топтық жұмыс. Әрбір топ сұрақтарды жауаптарымен сәйкестендіреді.

1.Әлсізге жаны кілең ашыр жігіт қандай болады?

а) Масыл жігіт


2.Көзі де,көңілі де соқыр қараңғы жігіт қандай болады?

ә) Асыл жігіт


3.Мінезі, ақылы, өнері дұрыс қандай жігіт болады?

б)Ақылды,

сабырлы жігіт


4.Қандай жігіттің еткені берекелі жұмыс болады?

в)Бір сырлы,

сегіз қырлы


5.Қандай жігіт қалың топтың ішінде жанар болады?

г) Ақылсыз

жігіт


6.Қандай жігіт бір сөзді екі қылып жамар болады?

ғ) Адамдығы

бар жігіт


(Екі топ бірін – бірі бағалайды).



Слайд



















Оқулық



















































Кесте













Сабақтың соңы

5 минут

«Бес саусақ» тәсілі арқылы оқушылар бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды.

Рисунок 1 Рисунок 3

Бас бармақ – ұнады.

Сұқ саусақ – түсіндім.

Ортаңғы саусақ – қиын болды.

Аты жоқ саусақ – қайталау керек.

Шынашақ түсінбедім.





Үйге тапсырма: 9-тапсырма, 144-бет. Жазылым.Айтылым. ­Өзің білетін ер адам туралы (атаң, әкең, аға, інің, досың) мәтін жаз.

«Бес саусақ» тәсілі







Таратпа

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топтық жұмыс кезінде төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді.

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Оқушылар топта бір-біріне комментарий арқылы баға береді.

Берілген тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп келтірмейді.

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ арқылы ақпаратты жадыларында ұзақ сақтай алады.



Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға





Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:



Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:



Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!