Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәні: Қазақ тілі.
Күні: 12.12.2015 ж.
Сыныбы: 6ә
Тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі .
Мақсаты: 1) Жіктеу есімдігі туралы білімдерін толықтыру, есімдік зат есім, сан есім, сын есімнің орнына қолданылатыны туралы алған білімдерін практикамен ұштастыра білуге машықтандыру.
2) Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық жұмыс арқылы қиялын ұштау, тыңдау әдебі мен сөйлеу шеберлігін арттыру.
3)Адамгершілікке тәрбиелей отырып ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі:Оқу материалын оқып — үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі.Топпен жұмыс. Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау жұмысы.
Көрнекілігі: Семантикалық карта, слайдтар.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. А) Психологиялық дайындық.
Бұзықтықты тастайық,
Әдептен біз аспайық.
Шатты көңіл күй сыйлап,
Сабақты біз бастайық.
Оқушыларға түрлі түсті қағаздар алғызып, сол қағаздың түрі бойынша үш топқа бөліп отырғызамын.
Елбасымыздың «Еліміздің келешегі білімді ұрпақ» деген сөздерін ұран етіп ала отырып «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» дегендей, әр қайсымыз білімді, білікті ұрпақ болып бүгінгі сабағымызды бастайық.
ә) Сыныптағы оқушыларды
түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Есіңе түсір. Жаңа сабаққа
қатысы болғандықтан, есім сөздерді «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша
қайталау.
І
топ
1. Зат есім дегеніміз не? (Зат
есім заттың не нәрсенің атын білдіреді.)
2. Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – ( деректі,
дерексіз).
3. Жалпы, жалқы зат есімдерге мысал келтір. – (парта, дәптер,Ақжар,
Мадина)
4.Дара және күрделі зат есімге
мысал келтір.(Бала, ана, Ата-ана,
ҰБТ)
ІІ топ
1. Сын есім дегеніміз не? –
(Заттың сынын, түрін түсін, исін, дәмін білдіретін сөз табы)
2. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – (сапалық және қатыстық сын
есім).
3. Туынды сын есімдер қалай жасалады? – (жұрнақ арқылы есім сөзден
де, етістіктен де жасалады Өнерлі, Өнерпаз).
4. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді? – (дара және күрделі
сын есім).
ІІІ
топ
1. Сан есім дегеніміз не? -
(Заттың санын, ретін, бөлшегін, шамасын білдіреді).
2. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – ( есептік, реттік,
болжалдық, топтау, жинақтық, бөлшектік сан есім болып 6 - ға
бөлінеді).,
3. Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді? - (дара және
күрделі).
4. Жинақтық сан есімге мысал келтір.(Біреу,
жетеу)
Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріп отырамын және шабыттандырып үш шапалақ.
Кел, балақан, балақан
Шапалақта алақан.
III Мұқият бол.
Күнді, сынып жұмысын жазу. Түзу отыру ережелері.Тақырыпты тақтаға жазу.
Есімдік. Жіктеу есімдігі.
Есімдіктер есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, олардың орнына қолданылады. Қазақ тілінде есімдіктер сан жағынан көп емес, 60 - 70 - тей.
Есімдік құрамына қарай.
1. Дара есімдік: Мен, ол, өз, кім? Бұл, сол, мынау, барлық, барша,
2. Күрделі есімдік: Ешкім, әрқалай, әлденеше, ешқашан, әркім.
Есімдік тұлғасына қарай.
-
Негізгі: Біз, сен, ол, біздер, сендер, олар.
-
Туынды: Әрқайсысы, әлдекім, ешкім, әрнәрсе.
«Момын ата» ертегісі.
Ерте, ерте, ертеде, Сөз табы деген өлкеде Есімдік деген көпті көрген үлкен қарт кісі өмір сүріпті.Оның 7 ұлы болыпты. Барлық ұлдары өнерлі, ақылды, әдепті болыпты. Есейе келе туыстар арасында алауыздық пайда болыпты.
Есімдік ата бір күні балаларын отын жаруға жұмсапты.
Үлкен ұлы Жіктеу – мен бармаймын, сен бар, ол барсын, - деп бөлініпті.
Екінші ұлы Сілтеу – анау барсын, мынау не істеп отыр,- деп тіл алмапты.
Үшінші ұлы Сұрау – қалай жасаймын? неге? не үшін? бармаймын, - депті.
Төртінші ұлы Өздік – өзім жасай берем бе? Өзгелер де жасасын, - депті.
Бесінші ұлы Жалпылау – барлығың түгел отырып, мені жұмсайсындар, - деп тіл алмапты.
Алтыншы ұлы Болымсыздық – ешқашан мен ештеңе жасамаймын, кенже інім жасасын, - депті.
Жетінші ұлы Белгісіздік – өте ақылды екен. Біреу бізге жасап бере ме? Әрбіріміз үлкен азамат болдық, ер жеттік. Сондықтан әркім әр жаққа тартқыламай тату болайық, - депті.
Қария кенже ұлына риза болыпты. Содан бастап Есімдік атаның балалары тату-тәтті, сіз, біздікпен өмір сүріпті.
Есімдіктер мағынасына қарай
жеті топқа бөлінеді.
1.
Жіктеу: мен, сен, сендер, сіз, сіздер, ол, олар,
біз, біздер.
2. Сілтеу: ол, сол, бұл, осы, анау, сонау, әне, міне, әнеки.
3. Сұрау: кім? не? қалай? қашан? қандай? т. б.
4. Өздік: өз, өзім, өздері, өзіміз, өзінен, өзімнің, өздеріңіз.
5. Жалпылау: бар, барша, барлық, бәрі, күллі, бүтін, тегіс,
түгел.
6. Белгісіздік: әр, қай, бір, біреу, әлде, кей (әркім,
әлдебір).
7. Болымсыздық: ештеңе, ештеме, дәнеңе, ешкім, ешқашан, түк,
дым.
Жіктеу есімдігі.
Белгілі бір (затқа, адамға қатысты) жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.
IV Мағынаны тану.
Сіз деген – сыпайылық,
Сен деген - анайылық.
Біз деген – көмек,
Сіз деген — әдеп, — дегендей, әдепті болайық.
Пікіралысу.
- Сендер ата – аналарыңа сіз деп сөйлейсің бе, әлде сен деп сөйлейсіңдер ме? Ата – ананы, үлкен кісіні сыйлау керек.
Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.
Жақ Жекеше түрі Жақ Көпше
түрі
І Мен (айтушы, сөйлеуші) І Біз (айтушылар, сөйлеушілер)
ІІ (анайы) Сен (тыңдаушы) ІІ (анайы) Сендер (тыңдаушылар)
ІІ (сыпайы) Сіз (тыңдаушы) ІІ (сыпайы)Сіздер (тыңдаушылар)
ІІІ Ол (бөгде жақ) ІІІ Олар (бөгде
жақ)
Жақ Жекеше түрі Жақ Көпше түрі
І оқушымын І оқушымыз
ІІ (анайы) оқушысың ІІ (анайы) оқушысыңдар
ІІ (сыпайы) оқушысыз ІІ (сыпайы) оқушысыздар
ІІІ оқушы ІІІ оқушылар
Жіктеу есімдігінің септелуі.
А. Мен сен ол
І. Менің сенің оның
Б. Маған саған оған
Т. Мені сені оны
Ж. Менде сенде онда
Ш. Менен сенен одан
К. Менімен сенімен онымен
Есімдіктер барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
Біз ауылға бірге бардық.- бастауыш
Мен үшін сондай достың бірі сенсің.- баяндауыш
Кіммен күрес деп отырсыңдар?- толықтауыш
Ертең менің әжемнің туған күні.- анықтауыш
Кітап дүкендерінен қарап көр, бәлкім, сонда болар.- пысықтауыш
V. Артық білім кітапта.
Оқулықпен
жұмыс.
І топ 141-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін табыңдар.
ІІ топ 142-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін табыңдар.Қай септікте тұр?
ІІІ топ 143-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін табыңдар.Қай жақта, қай
септікте тұрғанын анықтаңдар.
VІ. Өзіңді — өзің сынап көр. Тақтамен жұмыс.
Бұл өлеңдегі кездесетін есімдіктерді тауып есте сақтаңдар.
Мен, сен, ол,
Қәне таныс бол.
Жіктеліп жүреді,
Бар айыбы сол.
Мен дейді, сен дейді,
Бір – біріне сенбейді.
«Олға» көңіл бөлмейді.
Түптеп келгенде,
Тірліктері өнбейді.
Біз, сіз, олар,
Көпке таныс болар.
Қимылына қарасаң,
Көңілің толар.
Біз дейді, сіз дейді,
Бірлігін үзбейді.
Бірігіп іздейді.
«Олар» да,
Қосылады соларға.
Ауыз бірлік бар жерге
Қауіп — қатер жолар ма?
Қай есімдік туралы айтылған?
VІІ. Жұмбақтың шешуін тап. Әр топ жұмбақ жасырылған қағазды алып жауап береді.
-
Жеп көріп ем өзін мен
Жас шығарды көзімнен
(пияз)
2. Өзін көзің көрмейді,
Барлық тілде сөйлейді.
Сен мен десең, мен дейді,
Сен кел десең, келмейді
(Жаңғырық)
-
Ол келсе, орман шулайды,
Толқып теңіз тулайды.
Қуса өзін қуады,
Ешкім оны қумайды.
(Жел)
VІІІ. Постер әдісі.
І топ.
Есімдіктің мағыналық түрлерін ата.
ІІ топ.
Жіктеу есімдігін септе.
ІІІ топ.
Топтастыру әдісімен «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беріңдер.
Үйге
тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Есімдіктен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
1) Жіктеу есімдіктері бар үш мақал – мәтел жазып, жаттау;
2) Ережелерді қайталау.
Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау.
Елбасымыз Қазақстан халқына үндеуінде «Біз кемел келешегіміздің берік іргесін бірге қалаймыз» — делінген. Ал, сендер еліміздің болашағысыңдар. Сондықтан әр сабақта өз білімдерінді толықтыра бергейсіңдер!
Ұнаса менің сабағым,
Рахмет айтып қоштайық,
Ертеңгі күнгі сабақты
Сілтеу есімдігінен бастайық.
1. Жіктеу есімдігінің тапсырмасы:
Әбу Сәрсенбаевтың “Сен құрметте оны” өлеңін жатқа айту,
Есімдіктерді тауып, түрленуін талда
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты.
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты.
Өлім соққысын өз үстіне алды
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Жіктеу есімдігі" 6-сынып

шағым қалдыра аласыз