400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Ж.Жабаев "Менің өмірім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын туралы ақпарат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ж Жабаев Менің өмірім

Мақсаты

Білімділік: бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт-дәстүрінің әсерін түсінуге жағдай туғызу.
Дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.
Тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.
Әдіс-тәсілдері: араласып кеткен оқиғалар, топпен жұмыс, эссе жазу.
Көрнекілігі: Жамбыл ата және Сүйінбай портреті, слайдтар

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Өмірбаяны
Болашақ ақын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің өмірім" – деген өлеңінде:
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей — көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан, – дейді. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан. Ал оның руы – Екейлер туралы айтылатын ел ішіндегі:
Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен ерттеп атын. Қобызы, домбырасы үнін қосып, Гулейді жын қаққандай кешке жақын, – деген әзіл сөзде мол шындық бар. Жамбылдың ұстазы – әйгілі Сүйінбай ақын да осы Екей елінен шыққан. Бала Жамбыл ақындық жолын қууға рұқсат сұрағанда, әкесінің: "Екейде елу бақсы, сексен ақын" деген сөз де жетер, сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Ақынның түбі – қайыршылық, бақсының түбі – жын, жын жиып, бақсы болып ел кезгенше, мал бақ!" – дейтіні де Екей елінің өнер дарыған жұрт екенін көрсетеді.
Хатқалтада жаңа мәтін абзац бойынша 4 бөлікке бөлініп берілген оқушылар мәтінді оқып мазмұнын жүйелі болатындай етіп әңгімені ретімен қойып орналастырып шығады. Өнімді, сапалы болу үшін бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.
Жұмыс нәтижесінде балалар мынаны басшылыққа алады.
1. Мазмұнын оқып түсінеді.
2. Бір-бірімен пікірлеседі.
3. Өз бетінше жұмыс жасайды, неге осылай орналастырдың? Дәлелдейді
Оқулықпен жұмыс
Менің өмірім. Ж. Жабаев.
Оқушыларға оқыттыру.
Мәтінді қалай оқып шыққандарын тексерді, әр бөлікке ат қою, жоспары жазылады.
1-топ. Жамбыл тауы.
2-топ. Менің отаным кең байтақ.
3-топ. Бала Жамбылдың өнерге әуестігі.
4-топ. Сүйінбаймен кездесуі.
«Менің пірім – Сүйінбай
Сөз сөйлемен сыйынбай».
Сөздік жұмысы
Жарапазан – ораза айтында үй аралап жүріп айтылатын өлең.
Әуес – бір нәрсеге үйір, құмар, құштар.

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

1 топ: «Дүниеге келген кезі»
2 топ: « Неге әуестенгені»
3 топ:Өзінше қалай күн көргені»
Топ көшбасшылары тапсырманы қорғайды.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі