Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Жол ережелері. Жолың болсын жолаушы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі екінші тіл ретінде оқытылатын мектеп мұғалімдеріне арналған ашық сабақ жоспарын ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ: Жолың болсын, жолаушы

Мектеп:

Уақыты:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 9Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

9.2.4.1 Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалау

Оқу мақсаты

Мәтінді түсінуге, негізгі ақпаратты алуға, ойын тұжырымды жеткізуге дағдыландыру

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Мектеп құндылығы:

  • Құрмет;

  • Еңбек және сүйіспеншілік;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

география

АКТ-ны қолдану дағдылары:

презентация

Жетістік критерийі

  1. Өзіндік ойын нақты мысалдар келтіре отырып, түсіндіре алады;

  2. Қазіргі өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Диалогте қолданылатын пайдалы сөз тіркестері

Менің ойымша...

Екінші жағынан..... т.б

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін.

Осыған дейінгі меңгерілген білім

«Ертең біз жол жүреміз» өлеңін жаттау

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Іс-әрекет

Дереккөз

дері

Сабақтың

басы


7-8 минут


  • Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу. Назарын сабаққа аудару.

  • Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқыту.


  • Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын, оқушылар шеңбер болып отырып, жазғы демелыстарын қалай өткізгендері туралы айтады. Бұл тапсырма оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Мұғалім

нұсқаулығы

Сабақтыңортасы

3-4 минут



7-8 минут































7-8 минут










10-12 мин






















Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Ақын М.Мақатаев туралы шағын ақпарат беру.


Ж

Оқушыларға ақынның «Ертең біз жол жүреміз» өлеңін оқыту. Түсініксіз сөздердің мәнін түсіндіру.


Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
Қамданыңдар. Болашақ деген елге,
Қандай біз сый-сияпат апарамыз.
Қорқауды, өсекшілді қатарға алма,
Кеселін тигізеді сапарға алда.
He бетімізді айтамыз Болашаққа?
Жат қылықты қалдырмай апарғанда
Жамандық атаулыны қалдырыңдар,
Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар.
Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
Жақсылықтан жаралған тағдырың бар.
Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!
...Тірі жетсең, Болашақ өзі айтады,
Қайсыңның қанша пұттық салмағың бар.

Сөздікпен жұмыс (қажет болған жағдайда):

  1. Жігіт-желең – жастар, жігіттер

  2. Қыз-қырқын – жастар, қыздар

  3. Қамданыңдар – әрекет жасаңдар, жиналыңдар

  4. Тақалар – келер

  5. Жат қылық – жаман әрекет, әбес қылық

  6. Кеселін тигізеді – зиянын тигізеді

  7. Пұттық салмақ – салмақ мөлшері, 16 кг


Шығарма бойынша сұрақтар:

  • Өлең не туралы?

  • Біздің бүгінгі сабағымызбен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

  • Өлеңнің идеясы қандай?

  • Автор өлең арқылы не айтқысы келіп тұр?


Бағалау: сұраққа белсене жауап берген оқушылар бір-бірін ауызша атап өтеді.


ЖЖ

Айтылым тапсырмасы:

ПОПС формуласы

Жұптар ПОПС формуласы арқылы төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Автор болашақтан не күтеді?

  • Өздерің болашақты көз алдарыңа қалай елестетесіңдер?



Бағалау

Дескриптор:

  1. Өзіндік ойын нақты мысалдар келтіре отырып, түсіндіре алады;

  2. Қазіргі өмірмен байланыстыра алады.








http://bilim-all.kz/olen/713





Соңы

3-5 минут

Рефлексия:

  1. Бүгінгі сабақ несімен есіңде қалды?

  2. Қандай түсінбестіктер болды?

  3. Тақырыпқа байланысты тағы нені білгің келеді?

  4. Қандай кезеңдер қызық болды?


Үйге тапсырма: Жол жүруге қажетті заттардың пирамидасын жасап кел (маңыздылығына қарай).


Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Тапсырмалар жеңілден қиынға қарай бағытталып берілген және сұрақ қою барысында қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек сұрақтар қойылады.

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Жетістік критерийі негізінде бағаланады

Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік ережелері

АКТ.

Құндылықтар.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2025
185
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11