Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ жоспары және ашық сабақ сценарийі "Тәуелсіздік пен Елбасы - егіз ұғым"

Материал туралы қысқаша түсінік
8-9 сыныптар үшін "Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күніне" орай ашық сабақ жоспары мен сценарийі сынып жетекшілері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-жүргізуші:

Армысыздар, анадан арда туған,дара туған дана халқым!

2-жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты оқушылар мен ұстаздар!

1-жүргізуші:

Елімізбен мақтанып еркін дүбір,

Алаулатты керемет көркіңді нұр.

Алақайлап аспанға атып тұрып,

Берекелі бастағы бөркіңді бір... Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын бүгін шүкір!!!

2-жүргізуші:

Иә дұрыс айтасың Нұрмұхаммед, Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.

Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.

1-жүргізуші:

Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға  арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Жанқожа батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

Осыдан жиырма алты жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ  халқының аңсаған арманы еді.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев Тұңғыш Елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз бабалардың қаны мен аналарымыздың көз жасы жатыр...

1-жүргізуші:

Көк туым көтерілді бағым жанып, 
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық. 
Шырқаймын әнұранды бар дауыспен, 
Арманым –Ата заңым қабылданып.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалсын


2-жүргізуші:


Рахмет жайғасып болсаңыздар, сіздерге ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумақсатында арнайы екі топқа біріктірсек деп отырмыз.

Әрине өздеріңіздің таңдауларыңызбен ту немесе елтаңба алып тиісті орындарға жайғасыңыздар. Ендеше осы қажеттіліктер бойынша келесідей сұрақтарға жауап берсеңіздер


Мереке тарихына шолу жасаңыз?


Қоғамда немесе жастар арасында мереке тойланады ма?

Бұл мерекенің жеткілікті түрде насихатталуына қандай кедергі бар?

Өздеріңіз мектептен тыс кімдерді осы мерекемен құттықтап жатырсыздар?

Топтар жауап берген соң келесі кезекті бейне түсірілімге береміз...

1-жүргізуші:

Ал ендеше келесі кезекте бейнебаянмен жұмыс жасаймыз. Оқушыларға мемлекет пен Елбасы туралы шынайы бейнетүсірілімді тамашалай отырып,екі топтың бірі іс – қимыл ал келесі бір топ сөзге шолу жасап түсіндіреді. Қойылым бойынша ортақ мақал мәтел құрастырады.

  • Елбасының мемлекеттегі ролі қандай? (Мақал – мәтел)

  • Тәуелсіздік бізге не берді?(Мақал мәтел)

  • Егер «Екі ұғым» шын мәнінде егіз болса неге бір күнге қойып тойламасқа?

2-жүргізуші:

Рахмет сіздерге келесі кезекті «Воллейбол әдісіне» береміз.

Воллейбол әдісі оқушыларды сергіту мақсатымен жасалады.Оқушыларға доп түрінде сөздіктер лақтырылады,ұстаған оқушы бір құндылықты айтып оның өмірдегі маңызына тоқталады. Мысалы: (адамгершілік,ашықтық,сенім,дәстүр,толеранттылық)

1-жүргізуші:

Қымбатты қонақтар мен қадірменді оқушылар !!!Біз әрмен қарай ашық тәрбие сағатымызды жалғасытырамыз,ендеше келесі кезекте барлығымыз қос мерекені ВЕНН ДИАГРАММАСЫНА салып толтырамыз ...Мақсатымыз ұқсастықтар мен айырмашылығын жазу.

1-жүргізуші:

Рахмет сабағымызды қорытындылау үшін сарапшы маманға сөз берсек...

Ал ендігі кезекте барлығымыз «Тәуелсіздік»әнін тамашалайық...

Келген қадамдарыңызға рахмет мерекеден мерекеге аман есен жете берейік рахмет!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12