400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Жүгіру мен секіру реттілігі. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ: Жүгіру мен секіру реттілігі

Мектеп: №244Ы. Жақаев атындағы орта мектеп

Күні: ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Жосанов Ғалымжан

Сынып: 6

Қатысқаны: 13

Қатыспағаны: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.3.3.3. түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:


Жүгіру мен секіру жаттығуларын орындайды


Оқушылар көпшілігі орындай алады:


Жүгіру, секіру жаттығу түрлерін біледі


Кейбір оқушылар орындай алады:


Жүгіру, секіру орындау басрысында үздік нәтиже көрсетеді

Тілдік мақсат

Жүгіру мен секіру жаттығуларын орындау барысында оқушылар дағдыларын пайдаланады


Пәнге қатысты сөздік пен терминдер:


Сәлеметсіздер ме! – Здравствуйте! – Hello!, Сау болыңыз – До свидания – Good bye


Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:


Жүгіру, секіру жаттығу орындау барысында бір-бірінен сұрайды


Талқылауға арналған сұрақтар:


Жүгіру, секіру түрлері қандай болады?


Не себепті .....деп ойлайсыз?


Жүгіру, секіру жаттығуларын тегіс немесе секіру орындарында өткені дұрыс

Жоспарланған уақыт: 40'



Ишара: Мадақтау, марапаттау, алғыс айту

Алдыңғы оқу

Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі аздаған өзгеріс

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы: 10'-12'

  1. Сапқа тұрғызу .Кезекші мәліметін қабылдау, сәлемдесу, өтілетін сабақтың мақсатын түсіндіру .

  2. Назар аудару жаттығулары: «оңға» «солға», «айнал».

  3. Жүру бағытындағы жаттығулары:

–Қол жоғары аяқтың ұшымен жүру;

-Қол белде тізені көтеріп жүру;

-Қол белде өкшемен жүру;

-Қол белде, жартылай отырып жүру;

-Қол тізеде толық отырып жүру;

-Қол тізеде оңға, солға секіру;

-Спорттық жүріске ауысу;

  1. Жүгіру бағытындағы жаттығулары

  • қол алда, тізені көтеріп жүгіру

  • қол белде, аяқ ұшын алға сілтей жүгіру

  • қол жамбаста, аяқты артқа лақтыра жүгіру

  • арқамен жүгіру

  • а лға секіріп керілу

  • жай жүгіру

  • жүру , тыныс алып демді басу

  1. Жалпы денені жетілдіру жаттығулары

  • Б.Қ. қол белде, аяқ иық көлемінде сана,1,2,3,4 басты оңға айналдыр, 5,6,7,8 солға айналдыру.

  • Б.Қ. қол иықта, аяқ иық көлемінде сана:1-2 иықты алға, 3-4 артқа айналдыру

  • Б.Қ. оң қол жоғары,сол қол төмен, аяқ иық көлемінде сана:1-2 қолды артқа сілтеу 3-4 қолды ауыстыру

  • Б. Қ. Қол белде, аяқ иық көлемінде сана:1-2 оң жаққа, 3-4 сол жаққа иілу

  • Б. Қ.Қол белде,оң, сол қос аяқпен жоғары секіру

Демді қалыпқа келтіру. Сана:1-2 қол ды жоғары көтеріп, дем алып, 3-4 қолды төмен түсіріп дем шығару

Ы сқырық, өлшеуіш, жалауша және уақыт өлшеуіш






Ортасы: 23'-25'

1. Женіл атлетиканың шығу тарихы: Жеңіл атлетика түрлері: жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру және т.б.

Жеңіл атлетика- спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ұйымдар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

Қазақстандағы жеңіл атлетика: Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында,дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші Ольга Шишигина әкелді.


  1. Ж үгіру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.

  2. Ж үгіру және секіру реттілігін түсіндіру және оның орындалуын барысын көрсету. Жүгіру, секіру айла-тәсілдерін көрсету. Орнынан уақытқа жүгіру. Сөреден мәреге жүгіру.

  3. Ж еңілатлетиканың жаттығулары. Жүгіру және секіру техникасын үйрету. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Төменгі сөреден жүгіріп шығу әдістерін үйрету: 1. Төменгі сөреде орналасу. 2. Сөреден шығу әдісі. 3. Жүгіру барысында тыныс алу.







АКТ, ноутбук, бейнетаспа жүгіру, секіру ережесі










Соңы: 3'-5'

Сапқа тұрғызу жаттығулары арқылы тыныс алу жаттығуларын орындау. Қолды көтеру аяқтың ұшымен жүріп ішіне демалу, ішінен дем шығару. Сабақты қорыту. Бағалау. Мадақтау. Үйге тапсырма беру.

Ы сқырық

Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бас бармақ, смайлик, қозғалыс іс-әрекеттерімен білдіру


Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Сөреден шығу тәртібін орндатқыздым.


Мен түсіндім




Мен түсінбедім



Мен түсінгендеймін,

әліде сұрақтарым бар



Математика, физика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі және тарих

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты мен міндеттері орындалды.


Оқушылар сөреден шығу әдіс-тәсілдерін үйренді.


Сабақ жақсы деңгейде өтті.


Саралау жақсы іске асты, тапсырма тақырыпқа сәйкес келді.





Уақытты тиімді пайдаландым.


Жоспарыма АКТ, ноутбук еңгіздім. Бейне тапсырма арқылы жүгіру, секіру жаттығу көрсету тиімді.

Қортынды бағалау


  1. Ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты)

  1. Оқушылар көрсетілген ережемен жақсы орындады.

  2. Оқушыларға топтық жұмыс тиімді болды.


  1. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді( оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. Жаттығуды жарыс түрінде өткізу

  2. Аудан спорт бөлім мамандарын шақыру, кездесу ұйымдастырсақ жақсы болар еді.


  1. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

  1. Жүгіру және секіру жаттығуын орындату

  2. Оқушылардың ептілігін арттыру


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі