жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Жүрек. оның құрылысы
|
Сабақ: |
|
Мектеп: |
||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||||||||||||
|
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||
|
Тақырып: |
Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, игнсульт). Аурудың себептері: тұқым қуалайтын аурулдарға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау, т.б. |
|||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.1.3.12. Қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары (әдістемелік құралдар, ТОЖ) |
Барлық оқушылар: |
|||||||||||||||||||||
|
Жүрек-қантамырлар жүйесінің ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттайды |
||||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||||||||||||||||||
|
Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының себептерін бір-бірімен салыстыра алады, олардың арасындағы байланысты анықтай алады |
||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: |
||||||||||||||||||||||
|
Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының пайда болуына әсер ететін факторларды талдап түсіндіре алады. Аурудың алдын алу шараларын айта алады. |
||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері (әдістемелік құралдар, ҚБ, ЖБ) |
|
|||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат (ОМЖ, ОЖ) |
Оқушылар орындай алады: Сурет арқылы жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларын анықтай алады. Тапсырмаларды орындау барысында жауаптарды жазады. Аурулардың пайда болу себептерін оқиды. Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының пайда болуына әкелетін факторларды түсіндіре алады. Аурулардың алдын алу шарттарын біледі. |
|||||||||||||||||||||
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Жүрек жұмысының бұзылуы. Шектеулі қозғалыс өмір салты. Никотин және спиртті ішімдіктер. Инсульт. Инфаркт. Тахикардия. Гипертония. Атеросклероз. |
||||||||||||||||||||||
|
Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары ................................ Жүрек жұмысының нашарлауы ................................. әсер етеді. Инсульт ............................................................................ |
||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығы: денсаулық сақтау және мәдениеттің табысты дамытудың ең маңызды шарттарының бірі. |
|||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Химия – спиртті ішімдік жүйке жүйесін қоздырады, қанға адреналиннің бөлінуін күшейтеді, бұл жүрек жұмысының ырғағының бұзылуына әкеледі. Никотин – қан тамырларын тарылтып, қан қысымын көтереді, қанның ұюын күшейтеді. Салауатты өмір салты – жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының алдын алу жолдары. Медицина |
|||||||||||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім: |
7 сынып бағдарламасы бойынша оқушылар жүрек қанды ағза ішінде үнемі қозғалуын қамтамасыз етіп, бір бағытта қозғалуына әсер ететінін, барлық қан тамырлары жүйесінің топтарын, яғни ашық және тұйық қанайналым жүйелерін сипаттай алады. |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрі |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 мин |
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету) Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай? Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн, түрлі эмоцияны білдіретін смайликтер) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді. (1 мин)
Қане балалар бүгінгі сабағымызға тоқталмас бұрын алдыңғы өткен сабақтарға шолу жасайық.
«Миға шабуыл» (6 мин) Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар тез жауап беруі керек. Оңай сұрақтардан бастап қиындатуға болады. 1. Адам жүрегінің салмағы? (250-300гр) 2. Ең ірі артерия қан тамыры қалай аталады? (қолқа) 3. Жүректің ортаңғы бұлшықетті қабаты? 4. Ішінде аздаған сұйықтығы бар жүрек қабы? (перикард) 5. Қанды жүректен барлық ұлпалар мен мүшелерге бағыттайтын қан тамыры? (артерия) 6. Қанның оң жақ қарыншадан басталып, сол жақ жүрекшемен аяқталатын қан айналым шеңберін ата. (кіші қанайналым шеңбері) 7. Жүрек қақпақшаларын түзетін, жүректің ішкі астарлы қабаты? (эндокард). 8. Жақтаулы қақпақшалар жүректің қай жерінде орналасқан? (жүрекше мен қарынша арасында).
Дескриптор 1. Адам жүрегінің салмағын айтады. 2. Артерия қан тамырын сипаттайды. 3. Жүрек қабаттарын түсіндіреді. 4. Жүрек қақпақшаларының орналасуын айтады.
Қалыптастырушы бағалау Оқушылар бірін-бірі қолпаштау арқылы бағалау жүргізеді. Түрлі түсті стикерлер арқылы оқушылар топқа бөлінеді (1 мин). Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпқа қатысты видео көрсетеді. Оқушылар видеоны көріп болғасын өз ойларын ортаға салып, сабақтың тақырыбына шығады. (2 мин)
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары оқушылармен бірлесе анықталады. |
Смайликтер мен күн көзінің, бұлттардың суреттері көрсетіледі
Түрлі түсті стикерлер
Интербелсенді тақта Вilimland.kz «Жүрек аурулары» видео https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhurek-qan-tamyry-zhujesi/lesson/qan-ajnalym-zhujesining-aurulary |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 20 мин Мақсаты – тақырып бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; топтық, жұптық және жеке жұмыс дағдыларын қалыптастыру |
«Жұмыс столы» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту. (12 мин) Оқушылар топқа бөлініп отырады. Оқушыларға тақырыпқа сәйкес қосымша мәліметтер таратылады. Әр топ жаңа тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері қойылған сұрақтардың жауабын бірлесе іздеп табады. Барлық топ қойылған сұрақтарға жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан қалып қойған маңызды жерлері болса, мұғалім өзі сұрақ дайындайды. Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулық. 1. Жаңа оқу материалын зерделеу үшін мәтіннен сұрақтар құрастырасыз. 2. Сұрақтардың жауаптарын топ мүшелері бірлесіп, ұйымшылдықпен іздеп табады. 3. Сұрақтарға жауап беру барысында топтың барлық мүшелері қатысады. 4. Сұрақтар нақты, ұғынықты болады. 5. Жауаптар басқа оқушыларға түсінікті болуы қажет 6. Берілген сұраққа ғана жауап береді Дескриптор: 4. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының себептерін сипаттайды. 5. Аурулардың пайда болуына әкелетін факторларды түсіндіреді. Қалыптастырушы бағалау. Топтар «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бір бірін бағалайды. Жұппен жұмыс. Семантикалық карта толтыру. (3 мин)
Дескриптор. 1. Инсульт ауруын белгісімен сәйкестендіреді; 2. Тахикардия ауруын белгісімен сәйкестендіреді. 3. Атеросклероз ауруын белгісімен сәйкестендіреді. 4. Гипертония ауруын белгісімен сәйкестендіреді. 5. Инфаркт ауруын белгісімен сәйкестендіреді.
Қалыптастырушы бағалау. Оқушылар «Кері байланыс» арқылы бір бірін бағалайды.
Жеке дара жұмыс. «Артығын алып таста» әдісі арқылы оқушыларға сөздер мен суреттер таратылады. (2 мин) Олардың ішінен сабақ тақырыбына қатыстыларын тауып анықтайды. Кілт сөздер. Бұлшықет, артерия, қанның ұюы, спирометр, Дескриптор: 1. Сурет арқылы инсульт ауруын анықтайды; 2. Сурет арқылы атеросклероз ауруын анықтайды; 3. Кілт сөз арқылы инфаркт ауруын анықтайды; 4. Сурет арқылы тахикардияны анықтайды. 5. Сурет арқылы гипертонияны анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам оқушылардың қаншалықты жылдам түсінгенін көрсетудің жылдам тәсілі. Оқушылар: толықтай түсінсе, сенімді болса ЖАСЫЛ ТҮСТІ; түсінуге жақын болса, аздап білсе САРЫ ТҮСТІ; түсінбесе, сенімді болмаса ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ көрсетеді. Мұғалім «бағдаршамды» сабақтың басында тақырып туралы бастапқы білімдерін анықтау, сабақ барысында жаттығуды орындау жолдарын түсінгендігін анықтау, сабақтың соңында алған білімінің деңгейін анықтау үшін қолдана алады.
Оқушылар назарына жүрек аурулары көрсетілген қысқа бейнефильм көрсетіледі. (3 мин) Дескриптор 1. Инфарктың пайда болуына әкелетін факторларды анықтайды; 2. Артерия қабырғасының бұзылу себебін анықтайды. Қалыптастырушы бағалау. Оқушылар бірін-бірі қолпаштау арқылы бағалау жүргізеді |
А4 пішімді парақ қағазы, маркерлер, стикерлер
Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева. Биология 8 сынып. «Мектеп» баспасы.
http://kardiocenter-pvl.kz/kz/. жүректің-ишемиялық-аурулары-себептері. https://www.zdrav.kz/kk/azbuka/insult-zhne-miga-kan-kuyyluy.
Семантикалық карта
Үлестірмелі карточкалар
Суреттер:
|
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 10 мин |
Рефлексия пирамидасы арқылы кері байланыс алу. Оқушылар пирамида пішінді қағаздарға кері байланыс жазады.
|
|
||||||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? 1. Дереккөздер. Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. Электронды дереккөзді пайдалану. 2. Қорытынды. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. 3. Диалог және қолдау көрсету. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? 1. Оқушылар бірін-бірі қолпаштау арқылы бағалау жүргізеді. 2. Топтар «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бір бірін бағалайды. 3. «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар жеке дара бағаланады.
|
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
|
|
|||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|||||||||||||||||||
|
Рефлексия Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушы лар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шара лары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзету лер енгіздім және неліктен? |
Сол жақ бағанда берілген ең өзекті сұрақтарға жауаптар, сабақ қорытындысы |
|
||||||||||||||||||||
|
|
|
|
||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|
|||||||||||||||||||||







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген