400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары

Материал туралы қысқаша түсінік
8.1.3.12 жүрек- қан тамырларының ауруларын сипаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

8.2А. Заттардың тасымалдануы.

Мектеп: «Достық атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Күні:23 .01.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Догабаева Гульнур Нурлановна

Сынып: 8 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.12 жүрек- қан тамырларының ауруларын сипаттау.


Сабақ мақсаттары

Жүрек - қан тамырлар жүйесінің ауруларын білу;

Аурулардың белгілерін және алдын-алу шараларын сипаттау;

Тәжірибе түрінде көмек көрсете алу.

Жүрек-қан тамырларына зиянды заттардың әсерін түсіну;

Жүрек ауруларын салыстыра алу және қаупін жүйелеу.

Бағалау критерийлері

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының түрлерін біледі.

Аурулардың белгілерін және алдын-алу шараларын сипаттайды.

Тәжірибе түрінде комек көрсете алады.ур

Жүрек-қан тамырларына зиянды заттардың әсерін түсінеді.

Дағдылар

Сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті.

Тілдік мақсаттар

гипертония, гипотония, инсульт,инфаркт миокард,жүректің ишемиялық ауруы,атеросклероз, тромбоз,тахикардия.

Құндылықтарға баулу

денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету. «Мәңгілік Ел»бағдарламасының өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық ,ашықтық ,идеяларына сәйкес өмір бойы білім алу,өз ара ынтымақтық жәнежәне өз ара жәрдем корсету.

Пәнаралық байланыс

анатомия, медицина, экология.

Алдыңғы білім

7.1.3.1.Заттардың тасымалдануы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы



















Сабақтың ортасы


1 тапсырма-

















































































1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық ахуал тудыру.

Құрметті білім алушылар білесіңдерме «Өміріміздегі ең жақсы нәрсе- күлкі» . Сондықтан қазір бір-бірімізге қарап күлкі сыйлайық.Ал мен сіздерге күлкі сыйлайын.Лайым күліп жүріңіздер.(Слайд).






2.Оқушыларды 3 топқа Кеспе қағаздар арқылы біріктіру .

1-топ «Артериялар»,

2-топ «Капиллярлар»,

3-топ «Веналар»

Топ атына қысқаша сипаттама береді.

3.«Миға шабуыл» әдісі арқылы

өткен тақырыпты пысықтау.

«Сен бізді білесіз бе?»

1.Артерия.Капилляр. Вена.

2.Үлкен қан айналым шеңбері.

3. Кіші қан айналым шеңбері.

4. Қан тамырлар жүйесінің түрлері.

5.Адамның қан тамырлары қабырғасының құрылысы қандай?

6.Адам жүрегінің қызметі қандай?

Қ. Б Мұғалімнің мадақтау сөзі.

4.Ой шақыру.

«Топтық жұмыс»Сандар сөйлейді әдісі арқылы жүргізіледі,оқушыларға стол үстіне қойылған сандарға байланысты мәліметтер айтуды тапсырамын.

Сандар-1,2,3

Дескриптор:

-Оқушылар мәліметтер жинақтайды,

-Өткен т ақырыптарға шолу жасайды,

-Жаңа тақырыптың мазмұнын аша алады.

Қ.Б Мұғалім мадақтамасы.


5.«Кім ойлапты?!» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтау

«Жүрек қан тамырлар аурулары» туралы бейнеролик көрсетіледі.

- Балалар адамның жүрегі жатырдан пайда болған кезден бастап (18 күн) өмірінің соңғы сәтіне дейін соғады екен;

- 1 минутта жүрек 6 л қан айдайды;

- Салмағы 300 грамм шығатын жүрек 70 жылда 4 млн теміржол цистернасы таситын қанды айдайды;

- Жүрек 1 рет соққанда 200 г жүкті 1 метр биіктікке көтеруге болатын күш жұмсалады, 1 минутта 70 м биіктікке көтеруге болатын күш жұмсалады, яғни 20 қабатты үйдің биіктігі.

- Бір тәулікте жүрек 100 мыңға жуық соғады, 1 жылда 40 млн, 70 жылда 25 млрд.

- Егер жүректің жұмысының күшін күнделікті өмірде қолдансақ, 8 сағатта адамды 240 м биіктікке көтеруге болады екен. Ал бір айда әлемнің ең биік шыңы Джомолунгма тауына (8848 м – әлемдегі ең биік нүкте) шығатын күш жұмсалады.

- Осындай белсенді жұмыста жүрек-қантамыр жүйесін қалай сақтауға болады?

- 1топ - Неге жүрек тоқтамай соғады?

-2топ - Неге жүрек шаршамай жұмыс жасайды?

- 3топ - Қандай жүрек – қантамырлар жүйесінің ауруларын білесіңдер?


Бағалау критериі

Дескриптор:

Жүрек пен қан тамырлар жүйесінің маңыздылығын түсінеді, ауруларын атайды.

  • Жүрек-қан тамырлар жүйесінің маңыздылы-ғын түсінеді;

  • Жүректің қызметін сипаттайды;

  • Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының түрлерін атайды.

ҚБ. Мұғалімнің мадақтамасы

Топтар бірін –бірі бағалайды.

6.Мәтінмен жумыс. Топтық жумыс.

«Стоп кадр» әдісі. «Жүрек-қан тамырлар аурулары».

Төмендегі сұрақтар қойылады:

1) Жүрек-қан тамырлар жүйесіндегі ауытқулардың пайда болу себептері қандай деп ойлайсындар?

2) Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының белгілері қандай?

Бағалау критериі

Дескриптор:

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары түрлерінің пайда болу себептерін түсінеді, ажыратады

  • Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының пайда болу себептерін атайды;

  • Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының белгілерін түсінеді.


Қ.Б.Бір-бірін ауызша бағалайды.

7.Мәтіннен кейінгі жумыс. Топтық жұмыс.

«Фишбоун» әдісін пайдаланып балық қаңқасына жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының түрлерін анықтайды.

1-топ Жүрек инфаркті

2-топ Тахикардия

3-топ Қан қысымының өзгеруі

Бағалау критериі

Дескриптор:

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары түрлерін сипаттайды

  • Жүрек инфарктін сипаттайды, алдын алу жолдарын түсіндіреді;

  • Тахикардия ауруын сипаттайды, алдын алу жолдарын түсіндіреді.

  • Қан қысымының өзгеруін сипаттайды, алдын алу жолдарын түсіндіреді.

Қ.Б. «Ауа райы» топтық бағалау.

8. Кері байланыс

РАФТ стратегиясын қолдана отырып, оқушылар қандайда бір объектіні алып, сол рөлге еніп өз ойын білдіреді.

1 топ. Ағзадағы жүректің соғуының түрлерін және қан қысымын тонометрмен өлшеу;

2 топ. Ағзадағы жүректің соғуының түрлерін және қан қысымын электронды тонометрмен өлшеу;

3 топ. Ағзадағы жүректің соғуының түрлерін және қан қысымын телефонмен өлшеу.


Бағалау критерииі

Дескриптор:

Қан қысымын өлшейді

  • іс-тәжірибе жүзінде жүректің соғу жиілігін, қан қысымын өлшеуді жасайды.

Қ.Б. бойынша бағалау.

«Медалдар» бойынша бағалау.



Смарт бейдж








дайын бейнероликтер, плакаттар, сызбалар













































































Танометрмен қан қысымын өлшеу


















Сабақтың соңы




Үй тапсырмасы.104-107беттерді оқу,суретпен жұмыс.

9.Рефлексия. «Мұғалімге хат»

Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып береді.

Бүгін мен......................... білдім

Маған ...................... қызық болды

Мені ...................таң қалдырды

Мен ................екендігін түсіндім

Мен ........................үйрендім

Конверт .

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Қабілетті оқушыға жеке шығармашылық тапсырмалар беру қажет.

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай жоспарлайсыз? смайликтер арқылы.

Сабақтың қауіпсіздік ережелері.АКТ –мен байланыс.


Рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарға қандай өзгеріс енгіздім?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: тәжірибе түрінде дәлелдеу

2: кестемен жұмыс

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1: интернет желісін пайдалану

2: оқушыны қолдау

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: оқушының деңгейіне қарай жеке озық тапсырмалар беру

2: оқулықпен жұмыс





















Бағалау парақшасы

Оқушылардың аты-жөні

Үй тапырмасы

Миға шабуыл әдісі

«Стоп кадр» әдісі

«Фишбоун» әдісі

«РАФТ» әдісі













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі