жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ, "Жүрек,қан-тамырлар жүйесі аурулары"
|
8.2А – Заттардың тасымалдануы |
Мектеп: Ақтау қаласы, «№ 9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ |
||||||
|
Күні: 10.12.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсенова Амангүл Серікқызы |
||||||
|
Сынып: 8 а,б |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қанайналым жүйесінің аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту) |
||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары |
8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау |
||||||
|
Сабақтың мақсаты |
|
||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Қанайналым жүйесі мүшелерінің ауруларын атайды; гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт ауруларының туындау себептерін түсіндіреді; Осы аурулардың алдын алу жолдарын ұсына алады; Оқушылар тиісті терминологияны пайдалана отырып, аурулардың себептері, белгілері мен алдын алу шараларын ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт, коронарлы артерия, тамырдың бөгелуі Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Инсульт кезіндегі белгілерге... жатады. Инсульттың алдын алу үшін..., ..., ... қажет. Ишемиялық ауру...себептен туындайды. Атеросклероздың себептеріне ...жатады. Тахикардия ...байланысты туындайды. |
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Қан қысымы, ағу жылдамдығы, қан тамырларының кеңеюі, тарылуы түсініктері арқылы физика пәнімен байланысады. Жүрек-қан тамырлары ауруларының себептерін қарастырғанда тамақ құрамындағы әртүрлі химиялық заттардың табиғаты туралы білім арқылы химия пәнімен байланысады. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақ қезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Оқыту көздері мен ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы |
|||||||
|
6 мин |
Сыныпты «жүрек» стикерлерді пайдалана отырып 4 топқа бөлу.
Өткен тақырыпты миға шабуыл арқылы сұрау. Сабаққа қатысы төмен оқушыларға карточка тарату арқылы сұрау. № 1 карточка 1.Қан тамырлар жүйелерін неше топқа бөлеміз? 2. Үлкен қан айналым шеңбері дегеніміз не? № 2 карточка 1.Өкпелік шеңбер дегеніміз не? 2. Кіші қанайналым шеңберін түсіндіріңіз. № 3 карточка 1.Адам жүрегі неше бөліктен тұрады? 2.Жарты ай тәрізді қақпақшалар қайда орналасқан? |
1-4 слайдтар
стикерлер |
|||||
|
Сабақтың ортасы |
|||||||
|
7 мин 7 мин 7 мин 3 мин |
Жаңа сабақты бастау. Жаңа сабақты ашу мақсатында топтарға сұрақ қойылады. Әр топқа бағалау бетшелері таратылады.. Жүрек қан-тамырлары жүйесіндегі аурулар туралы видео көрсетіледі. Әр топ оқушылары өз атауларына сәйкес тақырып бөлімдерін оқып шығады. Жұптық жұмыс ретінде оқыған бөлімдерін қасындағы көршісімен талдайды. INSERT әдісі Әр топ оқушылары өз атауларына сәйкес тақырып бөлімдерін оқып шығады. «V»- білемін «+» - жаңалық «-» - білмеймін «?»- білгім келеді. Осы үлгіде парақша таратылады,оқушылар толтырады. 1-тапсырма. Биологиялық диктант. «Инфаркт» тобы ____ ____- қанағым (____ ,спазм не тамырдың жарылуы) бұзылу салдарынан ____ ____ ____ кейбір жерлерінің семуі. «Инсульт» тобы ____ ____ қатты жоғарылағанда тамырлар ____,____ мүшелерге ағуы мүмкін. «Гипотония» тобы ____ ұстамасы ___ минуттан бірнеше ____ дейін созылуы мүмкін. «Гипертония» тобы ____ - ____ тамырлары жүйесінің ауруларына _________, және ____ ____ ____ себеп болуы мүмкін. Сергіту сәті Оқушылар бір шеңбер бойына жиналады. Мұғалім бір оқушының құлағына тез сыбырлайды,мұғалімнің айтқанын бір-біріне сыбырлау арқылы жеткізеді. Бұл ойын оқушының есте сақтау қабілетін,тез ойлану, шапшаңдығын шыңдау мақсатында қолануға болады. |
5-11 слайдтар
|
|||||
|
5 мин |
2-тапсырма. Венн диаграммасы арқылы жүрек қан-тамырлар жүйесі ауруларын салыстырып жазады. Дискриптор таратылады. «Инфаркт»тобы Гипотония мен гипертония
«Инсульт»тобы Тромбоз бен Тахикардия
«Гипотония» тобы Атеросклероз бен Тромбоз
«Гипертония» тобы Ишемиялық ауру мен Тахикардия
|
Дескриптор |
|||||
|
Сабақтың соңы |
|||||||
|
5 мин |
Кері байланыс Адам қан тамырларының суретіне стикерлер (қан жасушалары) жабыстыру арқылы қорытындылау.
«Артерия» - Өте жақсы білдім - эритроциттер «Вена» - Түсінбедім - тромбоциттер «Капилляр» - Білгім келеді - лейкоциттер |
стикерлер
|
|||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||
|
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Оқушылардың ақпарат жинақтау тапсырмасын орындау кезінде ақпаратты мазмұны бойынша топтастырып жинақтауы арқылы Оқушыларға ақпаратпен жұмыс жасау барысында өз білімдерін қосымша ақпараттармен толықтыру мүмкіндігін беру арқылы Оқушылардың рөлдік ойынға дайындалуы кезінде сұрақтарды әртүрлі тереңдікте құрастыруы арқылы Оқушылардың дөңгелек үстелдегі талқылау барысында сұрақтар қоюлары мен жауап берулері арқылы Оқушылардың білімді бекіту мақсатындағы ауруларды болдырмауға байланысты ұсыныстар берулері арқылы |
||||||
|
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? |
Оқушылардың сәйкестендіру тапсырмасын орындаулары Ауызша жауаптары арқылы Сұрақтар құрастырулары мен жауап берулері арқылы Сабақ барысындағы рөлдік ойынға қатысуы кезіндегі іс-әрекеттері арқылы Сабақтың соңындағы қорытынды тапсырманы орындауы, таныстырулары арқылы |
||||||
|
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері |
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Рөлдік ойынға дайындалу кезінде оқушылар белсенді қозғалыс жасайды |
||||||
«№ 9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Қанайналым жүйесінің аурулары: миокард инфаркті,инсульт,ишемиялық аурулар,тромбоз,тахикардия
Пән мұғалімі: Дүйсенова Амангүл Серікқызы
Сынып: 8 «Б»
2019-2020 оқу жылы






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген