400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі, қантамырлар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыни түрғыдан оқытуды ықпалдастыра отырып, оқушыларға жүрек,жүректің құрылысы, жүрекшелер мен қарыншаларды, қантамырлары туралы түсінуге жағдай жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Н.Б.Кайсина

8 сыныбы

Күні: 19.02.2021ж



№6 кабинет

Сабақтың тақырыбы

Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі, қантамырлар.

Сілтеме

Биология 8 сынып оқулығы. Алматы. «Атамұра» 2016. Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбеков, А. Соловьева

Жалпы мақсаты

Сыни түрғыдан оқытуды ықпалдастыра отырып, оқушыларға жүрек,жүректің құрылысы,  жүрекшелер мен қарыншаларды, қантамырлары туралы түсінуге жағдай жасау.

Міндеттер:


Ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;

  • - есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;

  • - пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;

  • - өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;

  • - өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету; өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

Оқушы үшін оқу нәтижесі

1.Жүректің құрылысын, жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі туралы біледі

2.Жүрекшелер мен қарыншалардың жұмысың ажырата алады.

3.Қантамырлардың қызметін біледі.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1. Жүректің құрылысы,қантамырлары жайлы түсініктердің пайда болуы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Тақырыбы: Жүректің құрылысы,жүрекшелер мен қарыншалар

Жүрек, оның құрылысы қантамырлар түрлерімен танысу


Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу, түгендеу /1 мин/

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

Оқушылар өтілетін тақырыпты келтіріп шығарады

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды деңгейге бөлу. Оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші- жүректеріңнің соғысын сезесіндер ме?Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?-Менің жүрегім сіздерге деген мейрімділікке толы.-Менің ... әрі қарай жалғастырады.Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды... жүрегімезден шыққын жылуды айналамызға таратайық.(Алақандарын айналаға үрлейді).

/2 мин/



Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

І. Қызығушылығын ояту Слайд1 /5 мин/

Мұғалім: ІІ. Өткен сабақты қайталау «20 сөз ойыны»

Алдыңғы сабақта өткен материалға шолу жасап, сол тақырыптарға байланысты 20 сөзді тізіп жазамыз.Сол сөздерден құралған 5 сөйлем жазамыз.


Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

ІІ. Мағынаны тану 7 мин

Түсіндіру әдісі: /мұғалімнің сөзі/

Бұл мүше дене мсассасының 0,47% құрайды.

Пішіні конус тәрізді

Массасы 250-300 грамм

70 жылда 3 млряд-тан астам жиырылады.

ҚАНДАЙ МҮШЕ ТУРАЛЫ АЙТЫЛҒАН? /Жүрек/


Жүрек туралы не білесіңдер? Әр оқушы өз ойын айтады



Ағзада қанның үздіксіз қантамырлар бойымен ағуын қантамырлар жүйесі деп аталады.

Қанайналым жүйесі басқа мүшелер жүйесімен бірге ағзаның тұрақтылығын сақтайды, сонымен қатар тасымалдау қызметін ұлпаларға оттегіні, минералды тұздармен заттарды жеткізіп газ алмасу барысында соңында өнімдерді шығарады.

Қанайналым жүйесіне –ЖҮРЕК, ҚАНТАМЫРЛАР жатады. Жүрек-ағзада тоқтаусыз жұмыс істейтін мотор. Ол эмбириондық даму кезінде 4 аптадан бастап жиырыла бастайды. Жүрек ағзада ОҢ және СОЛ өкпенің ортасында, біраз сол жаққа қарай басымдырақ орналасқан. Жүрек 1 минутта қ.ж 70-75 рет соғады. Ауыр жұмыс істегенде немесе спорттен шұғылдан,ан кезде 200 рет соғады. Жаңа туған нәресте 120 рет соғады. 1 тәулікте- 24 сағатта 100000 рет со,ады, 7000 литр ұан айдайды. Жүрек ағзаның 0,47% құрайды. Жүрегіміздің салмағы есептейік:

50 кг/100*0,47=235 гр.

Жүрегіміз 4 қуысты. Әрқайсысы 2 камералы, жүрекшелермен қарыншаларда тұрады.Жүрекшемен қарыншаларды дәнекерлейтін қақпақшалар болады.Жүректің сол жағында ҚОСЖАҚТАУЛЫ немесе МИТРАЬДЫ қақпақша д.а. қақпақшалар сіңір талшығымен еміздік бұлшықеттер арқылы ашылып жабылады. Оарта мен өкпе артериясының басталар жерінде жарты ай тәрізді қақпақшалар бар. Осы қақпақшалар қанның кері ағып кетпеуін және белгілі бағытпен таралуын қамтамасыз етеді. Жүрекшелердің қабырғалары қарыншаға қарағанда жұқа, себебі атқаратын қызметі зор емес. Жиырылу барысында барлық қан қарыншаларға түсіп, қарыншалар барлық қанды тамырға қарай айдайды. Себебі қанды үлкен қанайналым шеңберіне айдайды, қысымы жоғары болады, жүректің төменгі қуыс жоғарғы қуыс вена, өкпе артерия ең ірі артериясы қоршап тұрады

ҚАНТАМЫРЛАРЫ

АРТЕРИЯ, ВЕНА, КАПИЛЛЯР

АРТЕРИЯ- оттегіге қанныққан қанды жүректен бүкіл денеге таратады, 20-23 сек іске асады.

ВЕНА- көмірқышқыл газына қаныққан қанды денеден жүрекке тасымалдайды. Венаның қысымы өте төмен, қан баяу ағады.

КАПИЛЛЯР- артерия мен вена қантамырларын байланыстырады, газ алмасады, сыртқы қабаты эпителиден тұрады,қақпақшалары жоқ.



/Қызықты мәлімет/ Интерактивті тақтадан видео көрсетіледі.

Ақпарат іздеу (Information hunt)

Жүрек құпиясы парақшасы таратылады /6 мин/

Құрылысы


Сурет

Қызметі

А деңгейі




Ж үрек



Ж арты ай тәрізді қақпақшалар


В деңгейі




Қ осжақтаулы қақпақшалар




Ү шжақтаулы қақпақшалар



Ж арты ай тәрізді қақпақшалар


С деңгейі




К апилляр



В ена қантамыры




Артерия қантамыры


Оқушы жұмысын тексеру өзара бағалау әдісін, жарнамалау әдісі.


Құрастыру (Puzzle) /3 мин/

Мақсаты: Тапсырма арқылы оқушыларға қосымша мәлімет беріледі.

Оқушыларға жұптық тапсырма беріледі, жұппен орындай отырып шыққан суреттегі қосымша қызықты мәліметтер оқиды




Менің жаубым мынандай, сіздің сұрағыңыз қандай? (If I am the answer, what is the question?) /5 мин/

Мақсаты: Оқушыларға жоғарғы деңгейде сұрақ қоя біледі.

Answer (жауабы)

Question (сұрақ)

Перикард


Миокард


Артерия


Вена


Капилляр


Қанайналым



Жүрекше мен қарынша


Мысалы:

  • Ірі артерия қан тамырлары неге көрінбейді?

  • артерия мен вена қантамырларын байланыстырады, газ алмасады, сыртқы қабаты эпителиден тұрады,қақпақшалары жоқ қантамыр?



Қорытындылау,бекіту: Сұрақтың жауабын бейнефильммен табу(Question and answer session) /7 мин/

https://bilimland.kz/kk#lesson=12729

Мақсаты: Оқушыларға алдын ала сұрақтар таратылады бейнефильді тыңдай отырып әр оқушы өзіне берілген сұрақтарды табу.

1. Үлкендігі жұдырықтай жүрек негізінен қайда жатады? /Қан айдау/

2. Біздің жүрегіміз күнінен қанша рет соғады? 100000 рет

3. Жүректін қанша бөлімі бар? 4

4. Әрқайсысы қанша камерадан тұрады? 2камера жүрекше мен қарынша

5.Жүректің оң жақ бөлімінің қызметі? Бүкіл денедегі қанды өкпеге жеткізу

6.Өкпеде қандай процесс жүреді? /Газ алмасу/

7.Сол жақ жүрек бөлімінің қызметі? оттегі қаныққан қанды сол жақ қарынша арқылы бүкіл денеге айдайды

8.Қол мен аяқ бұлшық еттерді салыстырғанда жүректің жұмысы? өздігінен

9.Барлық мүшелерімізді қозғалысқа келтіретін мүше? /Жүрек/

10.Қанның жүрекке құйылуы? /Жүрекше арқылы құйылып, қарынша арқылы шығады

11.Жүрек ұлпасының қатпарлар арқылы қан бір бағытқа қарай ағады, олар қалай аталады?/ Жүрек клапындары/

12.Қақпа қызметің атқаратын не? /2 жұп клапыны/

13.Қақпа қызметінің атқаратын 2 жұп клапы бар, олар тек бір бағытта ашылады,клапының атқаратын қызметі? / қанды артқа айдауын болдырмау/





Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды / 2 мин/

Бүгінгі сабаққа сараптама

  1. Бүгінгі сабақта қандай жаңа заттарды үйрендіңдер?

  2. Қай жерінде қандай қиындықтарға тап болдыңдар?

  3. Сіз қиындықтарды қалай жеңе білдіңдер?

  4. Жұппен жұмыс жасағанда қандай заттарды толықтыруға болады немесе алып тастауға болады?

Бүгін біз не білдік

1. Жүрекі және құрылысы жайлы

2.Қантамырларын

3. Артерия, вена, капилляр қантамырларының қызметі


Бағалау түрлері

  • оқушының өзін-өзі бағалауы;

  • жұптық өзін-өзі бағалауы;

  • мұғалімнің бағалауы;


VIII.Оқушылардың білімдерін бағалау.

Бағалау:/1 мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні: ____________ Пәні: ________Сынып: ____ Күні: _________

Үй-тапсырмасы

«20сөз ойыны»

Ақпарат іздеу

Information hunt

Құрастыру

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі