Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жүз жыл жырлаған жүрек"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру. Өлеңі мен айтыстан үзінді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 3


Тақырыбы: Жүз жыл жырлаған жүрек


Білімділік мақсаты: Оқушыларға жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру. Өлеңі мен айтыстан үзінді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты:Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларға Ж. Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.


Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:

а) Жамбыл Жабаевтың портреті

ә) Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына

байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер

б) « Жамбыл» тірек - сызбасы

Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап түсіндіру


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Күлімдеп бүгін сіздермен,

Сәлемдесіп алайық.

Қош келіпсіз бүгін сіз,

Әдеппен сізге қарайық.

Жылы, жылы жүзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Көршіммен амандасайын. (отырады)

ІІІ. Жаңа сабақ:

Өтіп кеткен жыл еліміз үшін айшықты оқиғаларға толы болды. Олар негізінен ұлттық рухты, еліміздің бірлігі мен қоғамдық келісімді көтеруге бағытталған шаралар. Елбасының шешіміне орай, Қазақ хандығының 550 жылдығы (1465 – 2015) мен Жеңістің 70 жылдығын,(1945-2015) Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын, Ата Заңымыздың 20 жылдығын (1995-2015) елдік деңгейде мерекеленді. Бұл мерейтойлардың жалпыұлттық құндылықтарды сіңіруде орасан зор рөл атқарғандығы анық. Ендеше биылғы 2016- жыл да үлкен айтулы оқиғаларға толы екен.

2016 – жылдың атаулы күндері

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы

Қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 80 жыл

Қазақ ақыны, ҚР қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің туғанына 80 жыл

Қазақ жазушысы Саин Мұратбековтың туғанына 80 жыл

Қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы

Публицист Баубек Бұлқышевтің 100 жылдығы

Қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 105 жыл

Қазақ композиторы, Қаз.ССР халық әртісі, дирижер Ахмет Жұбановтың туғанына 110 жыл

Қазақ қоғам қайраткері, күйші Ғабдолхаким Бөкейхановтың туғанына 120 жыл

ҚазССР халық әртісі, Серке Қожамқұловтың туғанына 120 жыл

Күріш атасы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы

Аты аңызға айналған қазақ балуаны Қажымұқан Мұнайпасовтың туғанына 145 жыл

Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы

Қаз.ССР халық әртисі, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл

Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы

Ақын, жырау Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығы


Ендеше, барлығымыз бейнетаспаға назар салайық. Балалар, бұл ата туралы біз білеміз ба?

Ендеше, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жүз жыл жырлаған жүрек»

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Жыршы дегеніміз - жыр айтушы, таратушы, жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақалмен, әнмен айтады.

Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Дастан – әдебиет жанры. Тақырыбына қарай қазақ дастандары батырлар жыры («Алпамыс»), тарихи жырлар («Бекболат»), ғашықтық жырлар («Қыз Жібек»), қиссалар («Тотының тоқсан тарауы») болып бөлінеді. Жамбылдың «Замана ағымы» Толғау - қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэзиясында кең тараған жанр. Жарапазан — қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Жыр - қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты.

Бұл – 1846 жылдың ақпан айы екен.
Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей - көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын

Жамбыл деп қойылыпты атым содан .Анасының аты: Ұлдан, Әкесінің аты: Жапа.

Менің әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.

Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды.

Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді.

Менің ағам, әкемнің інісі, белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, бүкіл жан-жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда даусым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым. Үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сыяпат көрсете бастады.

Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйінбай (Аронұлы Сүйінбай (1815 — 1898) – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі). тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келдім де, әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:

- Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім,-деді.

Қарт ақынның тілегі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, оны аспан әлемін нұрға бөлеген таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрадым. Ол уәде берді.

Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді. Сүйінбай түні бойы ақындық шеберлік жайында әңгімеледі. Сөйтіп мен оның шәкірті болдым, өлеңдерін жұртқа тараттым.

Тек он алты жасымнан бастап қана мен өз бетіммен жырлауға бел байладым, бірақ көрнекті ақындармен айтысқа түспедім. Алғашқы кезде тек жас ақындармен сөз таластырып жүрдім.

Ғасырлар бойы қалыптасқан жайт: суырып салма ақын рулар мен тайпаларды, ру ақсақалдарын, атақты адамдарды, оқиғаларды жетік біліп, барлық жаңалықтарға үн қосып, жағдайды ескере білуге тиіс еді. Ақын тілінің өткірлігі, қысылтаяңда тапқырлығы, тез де ұтқыр жауап беруі арқылы бағаланады. Ол әріптесін күлкі, сықақ уытына бөлеп, өзі байсалды, ұстамды болуға тиіс еді.

Мен осының барлығын үйрендім.

Қазақ және қырғыз даласының көптеген қарт та даңқты ақындарымен кездестім. Оларды мұқият тыңдадым, үйрендім, солар сияқты болуға әзірлендім.

Кедейшілікті көре жүріп, мен халықты жақсы түсіндім. Ақынның жалған айтып, екі жүзді болмауға тиіс екенін ұғып, тек шындықты жыр еттім. Мен өзімнің тапшылық көрген, қасірет шеккен халқым туралы, зәбір шеккен Отаным жайында, даңқты батырлар жайлы жырладым. Менің өлеңім самғаған құстай бүкіл Жетісуды шарлады. Түні бойы өлең айтып, сыйға тиын-тебен алған күндерім де болды.

Осылай бір кезде мен Жетісудың атақты ақыны Құлмамбетті жеңдім, сөйтіп Жетісудың үздік ақыны атандым. Құлмамбетті жеңгендігім туралы хабар бүкіл Жетісудың шегінен шығып, тіпті бүкіл қазақ ауылына тарады.

Осыдан кейін мен көптеген үлкен айтыстарға қатынастым, бірақ жеңіліп көрген емеспін.

Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.1946 жылы февральда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына берілді. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті.

Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады.Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алған. Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен Досмағамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім. Жамбыл мен Құлманбет айтысы – күрделі, мазмұны кең айтыс, Айтыста Жамбыл жеңеді. Жамбылдың артықшылығы Құлманбетке: байлығыңмен мақтанба, ерлікті айт, татулықты айт, бірлікті айт,- деген сөздерінен көрінеді. Жамбыл Құлманбет сияқты бір жақты емес, ойлауы кең жан - жақты.

Жамбылдың алты ұлы болған, Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады. Ал екі ұлы Ізтелеу мен Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады. Алғадай майданға аттанғаннан кейін 7 күннен соң, Жамбылдың ұрпағын жалғастырар өмірге ұл бала келеді. Немерелі болып, атын ырымдап Қуаныш қояды. Жамбыл осы немересіне алданып, өзін жұбатып « Атаның әлдиі» атты өлеңнің шығарады.

Алғадай майданға кеткеннен кейін жеті күннен кейін келіні Жәміш ұл туады. 1943 жылы Алғадай ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келеді. Осы қайғылы хабарды естіртуге Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов келіп:

- Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың,

Қайғырып Алғадайға жатырмысың.

Пендеге бұл жалғанда өлім рас,

Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?

Кім күшті бұл дүниеде адам күшті,

Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.

Миуалы бақ ішінде дарағы едің,

Бір жемісің жел соғып жерге түсті - деген екен. Расында ұлының қайғысы ақынның жанына қатты батады.

Сондағы Жамбылдың өлеңі: « Алғадай туралы әрбір ой» (оқушылар кітаптан тауып « Алғадай туралы ой» атты өлеңнің оқиды)

Жамбыл ауыр қайғыдан кейін басын көтеріп, өз жолдастарының қатарына қосылғанмен де оңала алмайды. Өнер адамдарымен де кездеседі. Өз домбырасын Нұрғиса Тілендиевке (Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1 сәуір, 1925 ж - 15 қазан, 1998 ж) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы.) бере тұрып: « Мына, қасиетті қара домбыраның киесі сенде болсын. Осыны көзіңнің қарашығындай сақтап, қазақтың қара домбырасын бар әлемге асқақтата паш ет» деп, батасын береді.

Нұрғиса Тілендиев Жамбыл аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде қазақтың қара домбырасын айдай әлемге паш етіп, Жамбыл атамыз сияқты артына өшпес мол мұра қалдырып кетті.

Ақын Сәкен Сейфуллин : «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деген екен. Сондықтан біз оның өмірін, жырларын білуіміз керек.

1957 жылы Мұхтар Әуезов Үндістанға бір сапармен барыпты. Онда оның аты-жөнін, «Абай жолы» романын үнділер жақсы біледі екен, бірақ ұлтын білмейді екен. Ұлтының қазақ екенін білдіру үшін келтірмеген мысалы қалмапты. Бір кезде аузына Жамбыл түседі. Жамбылдың есімін атайды. Сол кезде залда отырғандар ду қол шапалақтап, дүрлігіп орындарынан тұрып кетеді. Үндінің бір ақыны мінбеге шығып, ақынның халықтар достығы туралы жырлаған «Жаңа заң» өлеңін өз тілінде жатқа айтып береді. Жұрт қошемет көрсетіп, ұзақ қол шапалақтап тұрып алады.


Сонда М.Әуезов:

Міне, мен сол Жамбылдың ұлтынанбын, – дейді. Сондықтан, балалар, өз ұлтымызды сүйіп, өзге ұлтты құрметтеу керек. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың даңқы әлемге жайылып, қазақ халқы барда оның есімі де бірге мәңгілік жасай беретініне кәміл сенемін

- Неге, не себепті біздер Жамбыл атамыз өлген жоқ дейміз?

- Өйткені, оның атында облыс бар, Жамбыл атында. Жамбыл атында өнер ордасы - театр бар. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып - өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, жамбыл рухына бас иді.

Енді балалар осы жерде үш топ отырсыздыр:

  1. Шежіре орталығы (бұл топ жалпы Жамбыл ата туралы айтады)

Жамбыл Жабайұлы 28 ақпан 1846 жылы Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.


Жамбыл ата өзі туралы былай дейді. Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл

деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген.

Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне

Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты. Бұл – 1846 жылдың ақпан айы екен.


Анасының аты: Ұлдан, Әкесінің аты: Жапа ,Ұстазы – Сүйінбай

Жамбыл ата 12 жасында домбыраны үйренген


Жамбыл ата қазақ халқының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. айтыскер


1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.


Жамбыл ата жүз жасаған қария



2.Ғылыми орталық ( бұл топ оқушылары Жамбыл атаның жетістіктері туралы айтады)

Ұлы Отан соғысы жылдарында патриоттық рухта жазылған толғаулары үшін Мемлекеттік сыйлық берді.


1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті.


Жүз жылдық тойында ақынның таңдамалы шығармаларының жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты.


Жамбыл Жабаев Ленин, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.


Дәулескер күйші-сазгер Нұрғиса Тілендиевтің атын Жамбыл бабамыз қойған.


Ж. Жабаев туралы «Жамбыл. Адамзаттың ұлы жыршысы» деректі фильмі және

«Жамбылдың жастық шағы» кинофильмі түсірілген.


  1. Ақпарат орталығы ( бұл топ Жамбыл атаның 170 жылдық мерейтойына қандай іс-шаралар өтіп жатыр екен солар жайлы айтатын болады)

Ресей астанасы Мәскеу қаласында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыр алыбы Жамбыл Жабайұлының туғанына 170 тыл толуына орай әдеби-сазды кеш өтті.


Жамбыл облысында Ж.Жабаевтың 170 жылдығы аясында «Жыр алыбы – Жамбылым!» атты жас ақындардың облыстық жыр мүшəйрасы өтті.


Қарағанды облысында «Жыр алыбы. Ұлы дала баласы» атты әдеби-музыкалық кеш

өткізілді.


Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан» телеарнасы ақынның өмiрi жайлы 4 сериялы тарихи фильм әзірледі. Фильм ақынның туған күні – 28 ақпанда көрермен назарына ұсынылмақ.


Нәтижесінде Жамбыл рөлі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер, әнші, композитор – Байғали Есеналиевке бұйырды.


Жамбыл ауданындағы мектеп оқушылары жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған шараларға дайындықты бастап кетті.



«Жамбыл» журналы 2004 жылдан бері жарық көріп келеді.

Ендеше сөз кезегі топтар сіздерде. Осы жерде Мәскеуде тойланған шара туралы үзінді көрсетіледі.


Келесі кезекте балалар сендерге тапсырма беремін.

1-топ «Нар түйеден жүк қалмас» бұл шартта сендерге өлең беремін және керекті сөздерді беремін. Сендер ұйқасына қарай орналастырасыңдар.

Адамға аз жас емес (жүз жыл деген,)

Қойнына қара жердің (кім кірмеген?)

Қырық жыл жолдас болған, (қайран Жәке,)

Сағындым дауысыңды (күмбірлеген.) Кенен Әзірбаев «Жүз жасаған Жамбылға»

Кенен Әзірбаев - қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

2-топ. «Бәрің бірге ойлап көр». Сөзжұмбақ шешу.

Жамбыл ата неше жаста (жүз)

Әкесінің аты кім ( Жапа)

Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)

Жамбылдың ұстазы (Сүйінбай)

Жамбыл кім? (жыршы)

Анасының аты кім (Ұлдан)

3-топ «Тапқыр болсаң тауып көр» Шашылған әріптерден сөз құра

Ж, ш, ы, р,ы (жыршы) қ, а, ы, н (ақын) с , а , й, т, ы (айтыс)


Бұл сөздер неге сүйеніп беріліп отыр?


«Біліп ал да, ұғып ал» айдары

  1. Жамбыл мен Құлманбеттің айтысы

  2. «Балаларға» арнау өлеңі

  3. «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңін оқу


Жеңіс жырын естіп, ауыр қайғыдан кейін Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта дүниеден өтті. Жамбыл атамыз өлсе де, аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбыл өлеңдері, жырлары әрқайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.

Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекен


Көп адам дүниеге бой алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз жырлағандай, Жамбыл ата жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса «Жүз жасаған бәйтерек» деп аталған Жамбыл Жабаевтың
«Жүз жырлаған жүрек»атты сынып сағатымызды аяқтаймыз .














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
4056
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12