Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жыл мезгілдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасауға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл дамыту


Тақырыбы: Жыл мезгілдері

Мырзағазиева Гүлнар Ерназарқызы,

Қызылорда облысы, Шиелі кенті,

3 Облыстық балалар оңалту

орталығының тәрбиешісі

Сабақтың мақсаты:


Біліктілік: Жылдың төрт мезгіліндегі құбылыстарды салыстыру, сұрақ-жауап арқылы

сөздік қорын молайту, ойын арқылы ірі және ұсақ қол маторикасын дамыту.

Түзете дамыту: Балалардың логикалық ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру, қимыл-қозғалыс әрекеттерін нығайту.

Тәрбиелілік: Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қыс, көктем, жаз, күз суреттері, ойынға арналған суреттер, слайд.

Әдіс - тәсілдері: Шаттық шеңбері, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті, қорытындылау, мадақтау, слайд.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды сабаққа психологиялық тұрғыда даярлау

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін.


Кәне, балалар жыл мезгілдеріне арналған жұмбақтардың шешуін табайық


Жұмбақтар

Бұл қай кезде болады?

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс мезгілі)

- Қыс мезгілінде қар жауады , қардан аққала жасаймыз,шана, шаңғымен сырғанаймыз.

Бұлтты айдап желдеткен,

Нөсерлеткен селдеткен.

Шалшық кешіп ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (көктем мезгілі)

-Көктем мезгілінде қар еріп, күн жылынады, жеміс ағаштары бүршік жарып, гүлдейді.

Қойның толып жеміске,

Көкмайсалы егісте.

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (жаз мезгілі)

-Жаз мезгілінде күн ыстық болып, балалар суға шомылады, жемістер піседі.

Жиын- терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз мезгілі)

-Күз мезгілінде бау- бақша жиналады, жапырақтар сарғаяды, жаңбыр жауып, күн суытады.

-Балалар қазір қай мезгіл?

-Көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде құстар жылы жақтан ұшып келеді.

-Балалар мына ұшып келе жатқан қандай құс екен?

-Қарлығаштар

-Балалар қарлығаштар жылы жақтан бізге арнайы қорапша ала келіпті.

-қане, көрейікші ішінде не бар екен?

-Қорапшада балалар бізге ойын тапсырмаларын жіберіпті. – Қане, онда тапсырмаларды орындайық:


1 тапсырма: Жыл мезгілдеріне арналған тақпақтар білесіңдер ме?


Даниял: Айналамда ұшып жүр Бақжан: Көктем қандай көңілді

Ақ мамық қар себелеп. Көктен жаңбыр төгілді.

Қалт құлт еткен бейне бір Жыршы құстар көп келді

Ақ қанатты көбелек. Гүлдер жапты бөктерді

Рамазан: Жазды ыстық сүйемін, Айару: Ой, балалар, балалар,

Сайраңдап жүремін. Қоңырқай күз келді.

Суына шомылып, Жапырақ сарғайып,

Күніне күйемін. Ел егінін орыпты.


2 тапсырма: Жыл мезгілдеріне қарай киіндіру.


Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.


Шарты: Суреттегі қызға жыл мезгілдеріне арналған киімдерді тауып кигізу.


Сергіту сәті:

Шаңғымен сырғанаймыз,

Жаңбырдан тығыламыз,

Суға біз шомыламыз,

Бақшада алма, алмұрт жинаймыз.


3 тапсырма: «Суретшінің қатесі» ойыны.


Мақсаты: Балаларды ептілікке алғырлыққа үйрету.

Шарты: Берілген суреттердегі суретшінің қатесін тауып, орнына қою.


4 тапсырма: Жыл мезгілдерінің суреттерін құрастыру.

Мақсаты: Жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету, сөздік қорын молайту.

Шарты: Жыл мезгілдерінің суреттерін құрастырып шағын сөйлем құрап айту.


Қорытындылау: Жыл мезгілдерін ағаштар арқылы бейнелеп көрсету, сабақты қорытындылау, сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
1450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12