жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Жыл мезгілдері"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:
Күні:
Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің түрі: Көркем әдебиет.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (Қоршаған ортамен танысу, математика, экология негіздері, мүсіндеу)
Мақсаты: «Жыл мезгілдері» арқылы балалардың әр білім саласы бойынша алған білімдерін тиянақтау, өз ойын ашық айтуға,сұраққа толық жауап беруге үйрету. Ойындар ойнату арқылы жануарлар, құстар, жәндіктер, адамның дене мүшесі, олардың атқаратын қызметі, адамның денсаулығына ненің пайдасы бар екені туралы білімдерін, көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар туралы білімдерін тиянақтау. Оларды көпше түрде айту , қарам-қарсы сөздерді айту дағдыларын,байқағыштық,танымдық қасиеттерін қалыптастыру. Магнитпен тәжірибе жасау біліктіліктерні бекіту. Сөздік қорларын, шеберліктерін, тілдерін, саусақ маторикасын дамыту. Өздерін дұрыс ұстауға, көмек көрсетуге, сыйлық сыйлауға, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Қос тілді компонент:, ағаш-дерево, шар-шарик,жыл мезгілдері-времена года,жануарлар-домашние животные.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру
,сұрақ-жауап, ойын, тәжірибе, сурет
көрсету..
Көрнекіліктер:
шар , көрнекіліктер,суреттер,доп, пішіндер, ,
, Мақтақыз, Мысық.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
|
Шаттық шеңбер: -Қайырлы таң, балалар! -Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті.Кане бәріміз қонақтармен амандасайық. -Енді, балалар, бір-бірімізбен қимыл арқылы амандасып көрейік. -Балалар, жарқырап, шапағатты шуағын шашып біздің көңіл-күйімізді көтеретін не? -Қараңдаршы, балалар күнімізді бұлттар жауып қалыпты. Қәне, күніміз жайнап жарқырау үшін жылы – жылы сөздер айтып күнімізді бұлттардан ашып көңілімізді көтерейік. Балалар жылы сөздерін айтады. -Міне, балалар күніміз шуағын шашты. -Балалар,білесіңдерме мен және балабақшаға келе жатқанымда шар тауып алдым. Бір жылда неше мезгіл бар?. –Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. Мына шарлардың түсі қандай? -Бұл шардың түсі қандай мезгілді білдіреді.? Сары шарды көрсету Дұрыс айтасындар жер беті сары кілемге ұқсайды. –Жасыл шарды көрсету Бұл түс шөптердің түсі сияқты Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады.Ағаштар бүршік жарады,жан-жануарлар жәндіктер оянады. Қызыл шарды көрсету -Бұл неге ұқсайды? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады? |
-Қайырлы таң! -Сәлеметсіздерме! -Здраствуйте! -Қол алысып, құшақтап, мұрындарымен, беттерінен сүйіп, түйісіп, алақандарын соғып, қол бұлғап,кеуде қағысып -Аспанымыз ашық болсын, деніміз сау болсын, бақытты болайық, күніміз жарқырай берсін. -Төрт мезгіл Қыс,көктем ,жаз,күз Ақ. -Қыс қыста жер аппақ болады. Күзді себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жаз мезгіліне -Иә. -Жаз мзгілінде -Балалар қуаныш сезімін білдіреді. |
|
Ұйымдастырушы- лық- ізденістік |
-Балалар,түстерін білдік. Қараңдаршы бұл шардың түсіне байланысты әртүлі конвертте тапсырмалапр берілген ,біз осы тапсырмаларды орындасақ ғана,бұл шар кімге тиесілі кімнің туған күне арналған екен білеміз. 1- тапсырма Дидактикалық ойын: «Жануарларды өз мекеніне орналастыр» -Жыл мезгілдерін атап шығайықшы? -Қазір қай мезгіл? -Көктем айларын атап көрейікші?Көктем мезгілінде далада қандай өзгерістер болады? -Бір аптада неше күн бар? -Ал енді аптаның жеті күніне байланысты сергіту жаттығуын жасайық.Ағаштардың қандай түрлерін білесіңдер№ Сергіту сәті: Дүйсенбіде гүлдер ектім, Сейсенбіде алма тердім, Сәрсенбіде су акелдім. Бейсембіде бақша баптап, Жұма күні тақпақ жаттап , Сенбіде мен саған бардым, Жексенбіде бір демалдым. -Не үшін барады? 2тапсырма: Жаз мезгілнің ерекшелігі Қос тілдік: Жаз-лето Таяқшалармен жұмыс Дидактикалық ойын: «Саны бойынша заттарды қос» Қос тілдік: Сан цифр,ұзын-длинный Жеке жұмыс: Суретте қанша зат бар сана. Оларды сәйкес цифрмен сызық арқылы байланыстыр. Өте жақсы балалар. -Мысық дүкеншіден кейін қайда барады? 3-тапсырма: Күз мезгіліне байланысты Д/О «Не артық (допты лақтыру арқылы қарам-қарсы сөздерді, жемістер, көкөкністер, дәнді дақылдар айту, оларды көпше түрде айту) Алыс-жақын, ауыр-жеңіл, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ашық-жабық, ыстық-суық, ақ-қара,үлкен-кіші, кең-тар. 4 тапсырма қыс мезгіліне байланысты -Өлі және тірі табиғатты ажырату аққала құрастыру ,ертегі кейіпкелерін құрастыру. -Жарайсыңдар балалар! -Енді,бүгінгі сабақта естелік болсын деп естелікке гүл жасап берсек қалай болады.Балалар мүсіндеу арқылы гүл жасайды. Шардағы жыл мезгілдеріне арналған барлық тапсырмаларды орындадық.Бүгін кімнің туған күні екені табылды Шарды сөған сыйлыққа береміз. Тәрбиеші: балалар, сендер өте ақылды, білімді екенсіңдер. Сендерге көп рахмет! -Сау болыңдар! |
Қар ериді күн жылынады.
Алма ағашы ,қайың ағашы -Ағашқа. -Жапырақ. -Ағаш бізге таза ауа, жылу, жиһаз, қағаз береді. -Жыл мезгілдерін. -Көктем, жаз, күз, қыс. -Көктем. Үлкен кішкентай -Жарайды. |
|
|
-Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әркетіміз ұнады ма? -Несімен ұнады? -Қәне, бүгінгі көңіл күйлерінді эмоцияларыңмен көрсетіңдерші. Көңіл күйлерін жақсы болса, күлеміз.Орташа болса жай ғана осылай көрсетеміз. Нашар болса қабақ түйеміз. |
-Иә. Балалар шардағы тапсырмаларды орындағандарын айтып береді. Көңіл күйлерін көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жыл бойына алған білімдерін көрсете біледі.
Игереді: Ойын арқылы тапсырамаларды орындауды игереді, тәжірибе жасауды.
Меңгереді: Көмек көрсетуді, сыйлық сыйлауды, өздерін дұрыс ұстауды, ұстамды болуды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген