Материалдар / Ашық сабақ: "Жыл құстары және қыстайтын құстар"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: "Жыл құстары және қыстайтын құстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
ересек топқа арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
544
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Funny Kids» тобында өткізілетін ұйымдастырылған оқу қызметі

Тәрбиеші:Салықбаева Тоқжан Айтмухамовна


Тақырыбы: «Жыл құстары және қыстайтын құстар»


Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық

Бөлімі:  Жаратылыстану, Сөйлеуді дамыту, жапсыру

Мақсаты: Жыл құстарының күз мезгіліндегі тіршілігіндегі өзгерістер туралы түсініктерін бекіту, құстарды бір-бірінен ажыратып атау, сыртқы келбетіне қарап қай құс екенін айта білу, тіршілік ету айырмашылықтарын білуді тиянақтау, құстардың қыс мезгілінде табиғи жағдайлардағы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі кұлардар мен жабдықтар: видео материалдар, құстардың күзгі тіршілігі,  қыстап қалатын құстардың суреттері, құстың ұясы бейнеленген карточкалар, жапсыруға қажетті құралдар.қағаз, дайын сурет сұлбасы, желім, тары т.б


І. Мотивациялық қозғаушылық

Қайырлы таң балалар! Балалар кәне енді шарттық шеңберіне тұрып бір-бірімізбен амандасайық.

Good morning, good morning,

Good morning, to eou

Good morning, good morning,

I m glad to see you

ІІ. Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Балалар сендермен бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сендерге бір жұмбақ жасырғым келеді. Мұқият тыңдап жауабын табуға тырысыңдар.

Аспанда ұшып самғаған

Қанаты бар талмаған

Жауы шыбын – шіркейден

Табиғатты қорғаған.

Жұмбақтың шешуі - (ҚҰС)

-Балалар, біз осы құстармен жақын танысу үшін орманға саяхатқа барайық. Орманға біз сиқырлы таяқшаның көмегімен барамыз. Ол үшін барлыңымыз көзімізді жұмып беске дейін санайық. 1,2,3,4,5 ал қане көзімізді ашайық.

Міне, бәріміз орманға келдік.

(Осы кезде үнтаспадан құсының дауыстары шығады).

2.1. «Жыл құстарыныі күзгі тіршілігі» видео тамашалау

-Балалар, біз орманға келдік. Енді біраз тізерлеп отырып, құстар тіршілігіне назар аударайық

-Балалар, құстардың күзгі тіршілігін тамашаладық. Күз болып күн суыта бастағанда құстар не істейді екен? Құстар нешеге бөлінеді екен?

Иә дұрыс айтасындар балалар құстар 2-ге бөлінеді: жыл құстары және қыстайтын құстар.

  • Қыстап қалатын құстарға қандай құстар жатады?

  • Қыстап қалатын құстарға қарға,торғай сауысқан, шымшық жатады.

  • Бұл құстар неге қыстап қалады екен?

  • Өйткені олар суыққа шыдамды және мамықтары өте қалың болады. Құстардың адамдарға тигізер пайдасы өте көп. Мысалы: олар ағаштардағы құрт – құмырсқаларды теріп жеп ағаштардың өсуін қадағалап қорғайды.

  • Ал жылы жаққа ұшып кететін құстарға қандай құстар жатады?

  • Жылы жаққа ұшып кететін құстарға қарлығаш, бұлбұл, аққу, көкек жатады екен.

  • Бұл құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді екен?

  • Өйткені олар суыққа шыдамайды, олардың мамықтары өте жұмсақ және жұқа.

Балалар біз жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды есімізге түсірсек, онда оларды өз мекендеріне қонуға көмектесейік.

  • Кмектесеміз ба?

  • Иә

2.2. карточкамен жұмыс

Жүріңдер үстелдің қасына барып құстардың әр қайсысын өз ұяларына қондырайық.

-Балалар, мына суретте берілген ұяларға, құстарды өздеріне тиесілі ұяға қондыруымыз керек. (балалардың әрекеті)

Балалар сендер құстарды дұрыс орналастыра алдыңдар ма? Қане экранға назар аударайық.

(құстар мен олардың ұяларын слайд арқылы көрсету)

Жарайсыңдар балалар, сендер құстарды мекеніне қондырдыңдар. Енді мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

2.3.Ойын: «Құстарды топтастыр»

- Ойынды бастамас бұрын құстардың жеке қасиеттеріне біраз тоқталайық.

-Бұл қарлығыш құсы, түсі ала, ол адамға дос, қамқор.

-Бұл торғай, ол қыстап қалатын құс. Торғай суыққа шыдамды, өзі кішкентай.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, қазір мен ортаға құстардың суретін тастаймын, осы құстарды мына екі жаққа топтастырамыз Күннің бейнесі ілінген тақтаға жыл құстарын, ал жемсауыт сіреті ілінген тақтаға қыстап қалатын құстардың суретін ілеміз.

2.4.Сергіту сәті

-Балалар, бойымызды бір сергітіп алсақ, шымшықты қоректендірейік.

-Олай болса, барлығымыз үстелдің қасына барып шымшыққтың жемшашарына бидай шашайық.

-Балалар, шымшыққа алдымен жемшашар орнатып берейік, одан кейін оған бидай себеміз. Осы үлгідегі шымшықтың алдына жемшашарды желімдеп жапсырамыз, содан кейін жемшашардың үстіне желім жағып бидайды шашып жапсырамыз. (желіммен жұмыс жасағанда баладар оны ауызымызға салмаймыз)

-Балалар біз құстарға көмек жасадық, оларды қоректендірдік, ұяларына қондырдық олар бізге риза болды. Ал енді біз тобымызға қайтуымыз керек. Тобымызға қайту үшін қайтадан көзімізді жұмып беске дейін санайық.

1,2,3,4,5 көзімізді ашайық. Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды, сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, мен сендерге жұдызша сыйлаймын.

Балаларды марапаттап сыйлық беру.


ІІІ. Рефлексиялық түзетушілік

Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

- Біз сабақта нелер туралы әңгімелестік?

- Өте жақсы балалар.

- Құстардың қандай пайдасы бар?

Сау болындар балалар!


Күтілетін нәтиже:

Білу керек:құстар туралы, соның ішінде қыстайтын құстарды атайды, құстардың тіршілігі туралы білімдерді.

Қалыптасқан әдет: өз беттерінше ойларын қорытындылай алып, сұрақтарға жауап беруді. 

Істей біледі: қағазды қайшымен қиюды,қағаз бетіне жабыстыруды, геометриалық фигураларды,.Өз  бетімен  жұмыс істеуді.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!