Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге пиза тапсырмасымен жазылған ҚМЖ керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1С

Мектеп: Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі


Күні:


Мұғалімнің аты – жөні:

Алимбекова Ляззат Зарлхановна


Сынып: 7

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.4 қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу.

Ойлау дағдысының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Сабақтың мақсаты

  • Жылдамдық ұғымын, формуласын меңгерту;

  • Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ-ға келтіру;

  • Жылдамдық пен орташа жылдамдық формулаларын есептер шығаруда қолдану.


Бағалау критерийі

  • Жылдамдық ұғымын, формуласын меңгереді;

  • Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ-ға келтіреді;

  • Жылдамдық пен орташа жылдамдық формулалараны есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Тілді оқыту мақсаты :

Оқушылар: траектория, жол, орын ауыстыру, жылдамдық, орташа жылдамдық терминдерін қолданып қозғалысты сипаттай алады;

Пәндік лексика және терминология: траектория, орын ауыстыру, жол, жылдамдық, орташа жылдамдық, үдеу, скаляр, вектор

Диалогқа/жазуға қажетті сөз

тіркестері :

Біз … жылдамдығын есептедік.

Біз … мен жылдамдықты есептедік.

Орташа жылдамдықты есептеу/анықтау үшін біз … өлшедік.

Орташа жылдамдық … жолымен есептелген болатын.

Біз … арқылы орташа жылдамдықты шығардық.

Біз деректерді/ақпаратты/нәтижені жазу/енгізу үшін …

Бізбен жасалған жұмыс нәтижелері/қорытындылары/кестелері

екендігін көрсетеді.

Осы кестеден көрінетіндей...

Қорытындылай келе ...

... жылдамдығы … жасалды.

жүріп келген жылдамдық … құрайды.

Тілдік мақсаттың өзге үлгілерін құру және ғылыми тілді оқыту үшін қосымша көмек ретінде жоғарыда келтірілген


Құндылықтарға баулу

Түзусызықты қозғалыстың түрлерін білу және оларды бір-бірінен ажыратуға тәжірибелік тапсырмалар орындай отырып, индустриялaндыру aрқылы экономикaның өсуiнe жол aшу

Пәнаралық байланыс

Негізгі физикалық терминдерді түсінуде қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілімен байланысады.Ал график сызуда математика пәнімен байланысады.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Оқушылар 7.1В «Физикалық шамалар мен өлшеулер»

бөлімінен қашықтық пен уақыттың қалай өлшенетінін

біледі


Жамбыл облысы.Шу ауданы.Төле би ауылы.

Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы


6 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу үшін «Пазл» тәсілін қолданамын.

2.«Өрмекші торы» тәсілі арқылы өткен сабақта меңгерген білімдерін еске түсіру.

3.Оқушыларға сабақтың оқу мақсаттары мен сабақ мақсатын және бағалау критерийлерін таныстыру


Пазлдар


Лента

Сабақтың ортасы





29 минут

(М) (5минут) Жаңа білімді меңгерту үшін белсенді оқытудың

«Түсіндіру және сипаттау» әдісін қолданамын.

Жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі



Егер дене жолдын жартысын , ал қалған жартысын жылдамдықпен жүрсе: – жолдың жартысы

Егер дене уақыттың жартысын , ал қалған жартысын жылдамдықпен жүрсе: – уақыттың жартысы.

18км/сағ=5 м/с 54км/сағ=15 м/с

36км/сағ=10м/с 72км/сағ=20м/с

ҚБ: «Бағдаршам» тәсілі

Тапсырмалар үлестірме қағаздар арқылы орындалады

(Ж) Жеке жұмыс (PISA тапсырмасы) (9 минут)

Тәсілі: «Ақыл-ой шабуылы» тәсілі

Ұйымдастыру әдісі: Жеке жұмыс

Нұсқаулық: Берілген графикке мұқият назар аудара отырып төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

Жарыс машинасының жылдамдығы












Графикте, үш километрлік, өр және түсулерсіз, айналмалы тас жолда жарыс машинасының жылдамдығының қалай өзгергені көрсетілген.

1 сұрақ. Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең?

A. 0,5 км B. 1,5 км C. 2,3 км D. 2,6 км

2 сұрақ.

Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз болады?

A. Сөре сызығында.

B. Шамамен 0,8 км белгісінде.

C. Шамамен 1,3 км белгісінде .

D. Шамамен тас жолдың ортасында.

3 сұрақ.

2,6 км және 2,8 км белгілері қойылған тас жолдағы машинаның жылдамдығы туралы не айтуға болады?

A. Машинаның жылдамдығы бір қалыпта қалады.

B. Машинаның жылдамдығы үлкейді.

C. Машинаның жылдамдығы азайды.

D. Берілген кестеден машинаның жылдамдығын анықтау мүмкін емес.

4 сұрақ.

Төменде бес түрлі пішінде келтірілген жарыс тас жолдары көрсетілген:

Жоғарыда келтірілген кестедегі жылдамдықты көре отырып, жарыс машинасы мына тас жолдың қайсысымен журді?












Дескриптор

+/-

Графикті мұқият түсініп, қолданады


Графикті қолданып 1-сұраққа дұрыс жауап береді


Графикті қолданып 2-сұраққа дұрыс жауап береді


Графикті қолданып 3-сұраққа дұрыс жауап береді


Графикті қолданып 4-сұраққа дұрыс жауап береді


ҚБ әдісі: өзін-өзі бағалау

ҚБ тәсілі: үлгіге қарап бағалау(жауабын көрсету)

(ЖЖ) Жұптық жұмыс (7 минут)

«Көршіңмен бірге орында» әдісі



Тапсырманы жылдам орындаған жұптарға саралаудың Қарқын тәсіліне сәйкес қосымша тапсырма беріледі.


Дескриптор:

  • Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін Халықаралық бірліктер жүйесіне келтіріп жазады;

  • Дененің жылдамдығын есептейді;

  • Жылдамдық формуласы арқылы уақытты анықтайды.

ҚБ: «Смайликтер» тәсілі


(Т)Топтық жұмыс «Галереяға саяхат» әдісі (8 минут)

(Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы)

Жаяу адам барлық жолдың алғашқы 30 м бөлігін – 20 секундта, ал келесі бөлігін 1,45м/с жылдамдықпен 40 секундта, қалған 45 м жол бөлігін 1,5 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Жолаушының барлық жолдағы орташа жылдамдығын есептеңіз.

Дескриптор:

- барлық жүрілген жолды есептейді;

- барлық қозғалыс уақытын анықтайды;

- орташа жылдамдықты анықтау формуласын қолданады;

- орташа жылдамдық мәнін анықтайды.

ҚБ: «От шашу» тәсілі









Bilimland.kz

СББ платформа-сы








https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/fizika-negizi/qozhalys/lesson/zhyldamdyq











Оқулық

7-сынып Физика

Башарұлы Р.

«Атамұра»






Бағдаршам










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.06.2021
2634
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12