жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "жылу құбылыстары"
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылулық құбылыстар |
Мектеп: |
|||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімніңаты-жөні: Ахметова Камшат |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 8е, 8г, 8ғ, 8ж, 8и, 8з |
|
|
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтақырыбы |
Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау; 8.3.2.6 – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар білуі тиіс:
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Өткізгіштік, конвекция, жылу сәуле шығару, жылулық энергия, жылулық тепе-теңдіктің температурасы, термометр.
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика пәнімен байланыс: Физикалық шамалардың мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Жылу алмасу, ішкі энергияны өзгерту тәсілдері,энергияның түрленуі |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу.Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Әр жұп "8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру" оқу мақсаты бойынша алған білімдерін пайдаланып ақпараттарды салыстырады, топтайды, түсіндіреді. ӘР ЖҰПҚА БІР СҰРАҚ БЕРІЛЕДІ. Жұппен жұмыс 1.Диаметрлері және ұзындықтары бірдей темір және кірпіш моржалардың қайсысы отты жақсы тартады? 2.Жазды күні қандай киім киген дұрыс: ақ түсті немесе қара түсті? 3.Ыстық компотты суыту үшін қайда қойған дұрыс ұсақталған мұзға ма әлде қарға ма? Қар мен мұздың температуралары бірдей. Жауаптарыңды негіздеңдер 4.Терезе рамаларын қос қабатты етіп жасайды. Себебін түсіндір. 5. Неліктен газдың жылу өткізгіштігі нашар? Жылу газдарда қандай тәсілмен беріледі? 6.Бір бөлмедегі тасты еден ағаш еденге қарағанда суық болады.Неліктен? Бағалау критерийлері: Жылу берілудің түрлеріне сәйкес мысалдарды салыстырады және талдайды Өз жауаптарынтүсіндіреді Оқушылар сұраққа жауап берген соң, мұғалім кері байланыс береді. 2. Ой қозғау. Су мен майды бірдей температураға қыздыру үшін бірдей жылу мөлшері қажет пе? 3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
|
|
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
4. Түсіндіру. Эксперимент1 Массасы 300г судың бастапқы температурасы 25 0С оның температурасын 50 0С көтеру қажет Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру. 1.Қажет құралдарды жазыңдар 1.Судың қыздыру уақытын және термометрдегі температураның өзгеруін бақыла 2.Суды қыздырғаннан кейінгі физикалық шамалардың мәнін жазыңдар 3.Осы кезде судың ішкі энергиясы жылу берілудің қай түрі бойынша өзгергенін ата (жылу берілу) 4. Су жылуды алу немесе берілуі туралы жауаптарыңды негізде (су қыздырғыш плитадан жылу алды, температурасы көтерілді, ішкі энергиясы артты) Жылу беру кезінде алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады 5.Суды қыздыру кезінде оның алған жылу мөлшерін қалай есептер едің, ол үшін саған қандай шамалар қажет? ( қызған зат массасы, температураның өзгерісі) Эксперимент 2 Массасы 500г судың бастапқы температурасы 25 0С оның температурасын 50 0С көтеру қажет Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру. 1.Қажет құралдарды жазыңдар 1. Судың қыздыру уақытын және термометрдегі температураның өзгеруін бақыла 2.Бұл тәжірибенің алғашқы тәжірибеден айырмашылығы неде екенін түсіндір ( температура өзгерісі алдыңғы эксперименттегідей болғанмен, зат массасы көбірек) 3.Суды қыздырғаннан кейінгі физикалық шамалардың мәнін жазыңдар 4.Берілген жылу мөлшері тағы қандай шамаға байланысты болуы мүмкін (зат массасына ) Мұғалім кері байланыс жасай отырып, барлық көрсетілген демострацияға жалпы қорытынды жасайды және жылу мөлшерінің формуласын қорытып шығарады. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіреді. 5. Сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс.Физикалық шама жылу мөлшерімен танысу. Қалыптастырушы бағалау
Бағалау критерийлері: 1. Есептің шартын дұрыс талдаған. 2. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарған. 3. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізген. |
Қыздырғыш плита, термометр, су және май құйылған ыдыс, таразы
|
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
6. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. 7. Үйге тапсырма: 6ж 1/3, 5-ж1,2,7 |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
||||||||||||||||||||||||
|
Материалды қайталау кезеңінде оқушылар өз ойларымен бөлісе отырып, білу және түсіну дағдыларын көрсетеді.Сабақта зерттеу әдісі арқылы жаңа ақпаратты қабылдайды.Сабақты бекіту кезеңінде орташа қабілетті оқушыларға мұғалім тарапынан кеңес беріледі. |
8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру" оқу мақсаттары бойынша алған білімдерін қалыптастырушы бағалау. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бағалау критерийлері арқылы тексеру. |
Тәжірибе жасағанда және топтық
жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін
сақтау |
||||||||||||||||||||||||
Тексерілді
Оқу ісі меңгерушісі: А.Усенова
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген