|
Оқулықпен
жұмыс. Слайд
көрсету.
1
топ : Балалар суретке назар аударайық, кімдерді көріп
тұрмыз?
2 топ Негеш пен Эврика неге тоңып
қалды?
3
топ Олар жылыну үшін не істеді? (от жақты)
Адамдардың өсуіне және дамуына не қажет
?
Ауа, су, азық түлік, жарық,
жылу.
Дұрыс айтасыңдар ,
балалар . Бүгін біз сендермен жылу туралы
әңгімелесеміз. Біздің сабағымыздың
тақырыбы: Жылытқыш құралдар. Осы құрадарды анықтауды
үйренеміз.
1
топ Балаларға от жағуға кім көмектесті? (үлкендер
көмектесті)
2
топ Балалардың өздеріне отты жағуына бола ма? (жоқ, үлкендердің
қадағалауынсыз балаларға оттың қасына жақындауға болмайды, от
қауіпті!)
3
топ Қандай қауіпсіздік ережелерді білесіңдер ?
Бейнефильм көріп, сұрақтарға жауап
беріңдер.
Ақпарат: Ежелгі заманда адамдар жылыну және
суықтан қорғану үшін ашық отты пайдаланған. От, алау алғашқы
жылытқыш құрал болып есептелген. Адамдар ең алдымен отты
пайдалануды, содан кейін ғана оты жағуды үйренген деген болжам
бар.
3
топ : Ежелгі адамдар отты қайдан алды? (Олар найзағай түсіп
тұтанған ағашты тауып алып пайдаланған.)
Екінші суретке
назар аударайық.
1
топ: Негеш пен Эврика не істеп жатыр?
2
топ: Олар жылыну үшін нені пайдаланды? Жылытқыш құралдарды
пайдаланды.
Адамға тіршілік
ету үшін жылу қажет деген қорытынды
жасаймыз.
3
топ: Қыс мезгілінде үйлерге жылу қайдан келеді?
1
топ: Екі суретте қандай ұқсастық пен айырмашылық бар
?
Ақпарат: Көп қабатты үйлерде радиаторлар мен
батареялар сияқты жылытқыш құралдарды
пайдаланады.
2
топ : Жер үйлерді адамдар қалай жылытады?
3
топ: Жылу беретін және тарататын құралдарды қалай атауға болады
?
Қорытынды
сөз: Жылытқыш құралдар
деп - жылу беретін және тарататын,
үйді жылытып әрі жайлы ететін құралдарды
атайды.
Сурет қиындыларынан жылытқыш құралдарды
құрастырып, таныстырады. Слайд көрсету.
( пеш, конвектор,
қыздырғыш)
.
Ал
ендеше, жылытқыш құралдардың түрлеріне тоқтала
кетейік:
Алды ашық пеш(камин). Ежелгі Римде пайдалана
бастаған. Ол ашық оттығы және одан төбеге кететін мұржасы бар пеш
сияқты болған.
Кейіннен түтін шығатын мұржасы бар пештер пайда
болған. Олар сазбалшықтан және кірпіштен, темірден жасалған. Пешке
отын, көмір, газ жағады.
Техниканың дамуына байланысты жаңадан жылытқыш
құралдардың түрлері мен модельдері пайда болды. Оларға радиаторлар
мен батареялар жатады.
Оларды пайдалану үнемді. Олар газ, электр, сұйық
немесе қатты отын арқылы жұмыс істейді.
Қыздырғыш жылытуға арналған электр құралы. Тоқ
көзінен жұмыс жасайды. Үйлерде қосымша жылытқыш құрал ретінде
пайдаланады.
Соңғы жылғы ең белгілі жылытқыш құралға конвектор
жатады.
Конвектор ол пәтерлерде, ауылдық үйлерде ауаны
жылытуға арналған қыздырғыш электр құралы. Үйдің кез келген жеріне
қоюға болады. Оған төмен жағынан суық ауа келеді де, арнайы
қондырғының көмегімен қызады, содан кейін жоғары
көтеріледі.
Оқулық, 65 бет.
Суреттерге назар
аударайық. Слайд
Топтық жұмыс
1
–тапсырма.
Бұл
суреттерді қандай екі топқа бөлуге болады? Суреттерді екі топқа
ажыратып, жабыстырыңыздар.
Дескриптор: Слайд
көрсету.
-
Суреттерді екі топқа (жылытқыш
құралдар, жылытқыш емес құралдар) бөледі;
-оларды дұрыс орналастырады;
-жылыту құралдарын ажырата
алады.
Слайд
көрсету.
Жинақтаушы сұрақ: Үйді үтіктің, шәугімнің,
қысқатолқынды пештің көмегімен жылытуға бола
ма?
Қорытынды сөз: Үтік, шәугім, қысқатолқынды пештер
қызады, бірақ олар үйді жылыту үшін
пайдаланбайды.
|