Пәні: Қазақ
әдебиеті
Пән мұғалімі: Мүсілім
Мейрамғали Серікұлы
Сабақтың
тақырыбы: Күләш Ахметова "Қазағым
менің"
Сабақтың
мақсаты:
а/ Өлең мазмұны арқылы идеясын
талдап ашуға мүмкіндік беру.
ә/ Талдау, өздік жұмыстар
арқылы оқушының шығармашылық қиялын
дамыту.
б/ Еңбек етуге, ұлттық
сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің
күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білімді
игерту
Әдісі: Мәнелеп
оқу,сұрақ-жауап,СТО,Блум.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты
слайдтар,иллюстрациялық суреттер.
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
бөлімі
2.Жаңа
сабақ
1.Өмірдерек
1946 жылы Қырғыз
Республикасының Талас облысы Кировка селосында туған. Жамбыл
медициналық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін
бітірген.
Шығармалары
Ақ гүлім менің - 1975 ,Сен
менің бақытымсың- 1977, Жапырақ - жаздың жүрегі.-1979 Мейірім.
-1981, Бұлақтағы жұл дыз дар- 1982, Ләйлектер қайтып келгенде- 1985
,Арғымақтар даласы- 1987, Наурыз нұры-1991, Күн шыққанда күліп
оян-1996 ,Өкініш әні -1997 ,Бақ- 2006, Құт- 2006 ,Махаббат-
2006.
2.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.(Әр
шумағын оқытып, сурет бойынша әңгімелеу)
3.Артық болмас
білгенің...
Бүгінде Республика халқының
саны – 16 675 800 адам. ҚР Статистика агенттiгiнiң
мәліметіне қарағанда, Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың
өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы
бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%,
орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%,
татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер- 0,6%, түріктер- 0,6% .
Сондай-ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп
жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз
сынды ұлттарды жатқызуға болады. Бұл ұлт өкілдері бүгінде жер иесі
– қазақтармен тату-тәтті, бірлікте және жарасымды тіршілік
кешуде.
4.
“...Америка,Түркияға,Қытайға
Жетіскеннен шашылды ма
тарыдай?”
Ш.Ділдебаев
Қазақтар туралы
мәлімет(слайд
арқылы).
Өлеңде қазақ халқының өткен
өмірі туралы не айтылған?
Халықтың Отанына деген
сүйіспеншілігін қалай суреттеген?
Құрылтай
І құрылтай -1992 жылы 29
қыркүйекте Алматыда;
ІІ құрылтай -2002 жылы 23
қазанда Түркістанда;
ІІІ құрылтай -2005 жылы 29
қыркүйекте Астанада;
ІY құрылтай -2011 жылы 25-27
мамырда Астанада өтті
5.Қазақ шеккен
қасірет
1723 ж-Жоңғар шапқыншылығы
“Ақтабан шұбырынды”қасіреті.
19-20 ғасыр Патшалық Ресейдің
отарлау саясаты.
Ұлт-азаттық
көтерілістер.
1930-32 жж.
Ашаршылық.
1938 ж
Репрессия.
1941-45 жж. Ұлы Отан
соғысы.
1986 ж. Желтоқсан
көтерілісі
6. Тәуелсіздік туралы
ойтолғау
7.Сатылай кешенді
талдау
Авторы: К.Ахметова
Тақырыбы
: Қазақ халқының тарихы,асыл
қасиеттері.
Идеясы: Өз ұлтын сүюге, қадірлеуге
үндеу.
Жанры: поэзия
(өлең).
Шумақ: 10
шумақты.
Бунақ: 2
бунақты.
Ұйқас: қара өлең,кезектес
ұйқас.
8.Ашық және жабық
сұрақтар
Ақын қазақтың қандай
қасиеттерін мақтан етеді?
Өзің мақтан ететін қандай
қасиеттер бар?
“Алаш” деген сөзді қалай
түсінесің?
Осы тақырыпқа ұқсас тағы да
өлеңдер білесің бе?Авторы кім?
9.Үйге
тапсырма: 1.Өлеңнен үзінді
жаттау.
2.“Мен қазақпын”
(шығарма)
10.
Бағалау.