Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Кальций және оның қосылыстары» (оксиді,гидроксиді және тұздары).9-сынып.Химия.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ Блум тақсаномиясы бойынша өткізуге жоспарланған онда, оқушылар өз шама шарқына байланысты әртүрлі деңгейдегітапсырмаларды орындайды.Қабілеті төмен деңгейдегі оқушы білу ,түсіну ,қолдану деңгейінедейін өздері орындаса ,қалған талдау ,жинақтау,бағалау деңгейінде топтағыс ыныптастарының көмегіне жүгінеалады. Сабақ жоспарындағы тағы бір ерекшелік оқушылардың білімі критериалды бағалау бойынша бағаланады.Блум таксаномиясы бойынша берілген әр деңгейглі тапсырмаларға жеке-жеке сәйкес бағалау критерийлері әзірленеді.Топ көшбасшысы топ мүшелерін сол критерилер бойынша бағалады және өзімде оқушылар жұмысын сол критерийлер бойынша бағалап,оқушылардың жинаған ұпай сандары бойынша ортақ баға қойылады.критериалды бағалау нәтижесінде оқушы шынайы бағасын алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары (оксиді,гидроксиді және тұздары).


Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 9


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

  • Периодтық жүйедегі жалпы заңдылықтар негізінде кальций және жай зат туралы білімдерін кеңейту.

  • Кальцийдің қасиеттері ондағы металдық байланыстың болуына байланысты екендігін, атом құрылысының негізінде металдың химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін түсіну.

  • Кальций қосылыстарының мысалында оксидтер мен гидроксидтерінің қасиеттерін білу

  • Зертханалық тәжірибе жасай отырып, кальций қосылыстарының қасиеттеріне талдау жасау.

  • Кальций және оның қосылыстарының өндірісте,медицинада қолданылуы және адам ағзасы үшін маңызы жайлы мағлұматтар алу.


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Білу, түсіну, қолдану деңгейі бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Ауызша сұраққа жауап береді. Топтық жұмысты бірлесе орындайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды.Жазбаша тапсырмалар мен есептерді шығарады. Сұраққа жауап береді. Зертханалық тәжірибе жасау арқылы, алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Өз бетінше жұмыс жасайды.

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды. Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре отырып өз ойларынымен бөлісе алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Әр деңгей боынша берілген критерийлермен бағаланады.

Тілдік құзіреттілік

Кальцийдің периодтықжүйедегі орны бойынша сипаттама .Калцийдің табиғи қосылыстары : ғаныш , доломит, фосфорит,апатит,фторапатит ,

флюорит.Кальций оксиді және кальций гидроксиді.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  зертханалық тәжірибеге арналған құрал жабдықтар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Биология

Алдыңғы оқу

Металдардың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, химиялық қасиеттері, металдарды алу әдістері.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :


Басталуы

5 минут

Топтарға бөлу.

Калцийдің табиғи қосылыстары бойынша 4-топқа бөлу:

Ғаныш , Доломит,Фосфорит,Апатит.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Қызықты тәжірибе «Фараон жылан» тәжірибесі

Ақ күміс түсті металмын,

Өмір бойы керегіңе жете алдым.

Менмін ақ бор,әктас,мәрмәр, ғанышпын,

Тіршілікке қажет метал аталдым.

Қыртысында жердің мен де кездесем,

Артық болмас «Жер металы мен десем»

Ғарыштағы ракета да, ұшақтан,

Қолтаңбамды табасың сен іздесең.

Жануардың бақалшағы, қаңқасы,

Жер бетінің минералды әр тасы.

Сан құрылыстың сәулеті мен негізі

Қаланады менен ғана ойланшы.

Олай болса бұл қандай элемент?

Ендеше ,біздің әрқайсымызда жеке мекен жайымыз бар:бұл біздің көшеміз,үйіміз,пәтеріміз. Бүгінгі химиялық элементіміздің де «үйі» бар. Ол қалай аталады?

Сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру

«Кальций және оның қосылыстары (оксиді,гидроксиді және тұздары).

Бағалау парақшасымен таныстыру




Қазір сіздер таңғажайып элемент кальциймен танысу үшін сапарға аттанасыңдар. Химиялық элементтің атауы латын тілінен calcis – «жұмсақ тас»,  «ізбес» дегенді білдіреді. Бұл металдың атауын оны 1908 жылы ашқан ағылшын химигі Хэмфри Дэви тауып ұсынды. Сапарға шығу үшін сіздерге жол сілтемелер қажет. Сіздер бүгінгі сабақ бойы онымен жұмыс жасайсыңдар.

1. Жол сілтемелеріңізге бүгінгі сапарыңыздың күні мен сабағымыздың тақырыбын жазып алыңыз.

2. Сіздер «Химиялық элемент визиткасы» бекетіне қош келдіңіздер!

Кальцийдің периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттамасы қандай ?

Сөйтіп, кальций – бұл металл. Кальций сілтілік жер металдарына жатады.Бұл топтың металдарына кальций, стронций, барий, радий ( кейде бериллий және магний) жатады. Олардың атаулары оксидтерінің ертеректе «жерлер» деп аталған соң және судағы ерітінділері сілітік орта түзетіндіктен пайда болды.

Видео тәжірибе: «Кальцийдің сумен әректтесуі»

Металдардың электрохимиялық кернеу қатарында орналасуы жайлы не айтар едіңіздер?

Бұл жерде кальций қатардың бас жағында орналасқандықтан, белсенді болып келетіні көрініп тұр.

«Химиялық элемент визиткасы» бекетінен алынған мәліметтер кальцийдің белсенділігі туралы толық мағлұмат бермейтіндіктен, біздер келесі бекетке аттанайық.






Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын калцийдің табиғи қосылыстары бойынша карточкаларды алады.








.

Жаңа білім

10 минут








Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады

Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

Бекет «Кальцийдің қосылыстары».

І.Білу.Тапсырма Оқулықтағы 134 -беттегі §35 , 136 -беттегі §36 тақырыппен таныса отырып,

1. Сызбаға сәйкес реакция теңдеулерін құр.


Shape1

+ су

СShape3 аО + қышқыл

Shape4 + қышқылдық оксид








Оқулық,

мәтіндер.





«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Тапсырмаларды топ болып орындайды. Әр топтағы оқушылар мәтінді оқып, талқылап,.  өздеріне берілген тапсырмаларды жеке, жұптасып орындайды.

Ортасы

15 минут







Бекет «Табиғаттағы кальций».

ІІ.Түсіну.

«Кальцийдің маңызды қосылыстары» коллекциясымен таныстыру

Тапсырма. Кальцийдің маңызды қосылыстары туралы мәліметтерді кестеге жаз.

Заттың аталуы

Химиялық формуласы

Қолдану саласы





Бекет«Асу»

ІІІ. Қолдану. Құрамында 10% қоспасы бар 10 кг ізбес тасты күйдіргенде сөндірілген әктастың қандай массасы түзілетіндігін есептеп шығар.




Бекет «Химик зертханасы »

ІҮ. Талдау.

Зертханалық тәжірибе .Кальций оксиді және кальций гидроксиді касиеттерін зерттеу

Тапсырма.Калций оксидін алыңдар және оған су құйып шыны таяқшамен араластырыңдар. Не байқадыңдар? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Алынған ерітіндіні құйғыдағы сүзгі қағаз арқылы сүзіңдер.Кандай ерітінді алдыңдар ?

Алынған ерітіндінден екі сынауыққа аздап құйып, біріншісіне лакмус қағазын сал,екіншісіне ,фенолфталейн ерітіндісін тамыз.Қандай өзгерістер байқадыңыздар ? Бұл нені дәлелдейді?

Енді колбада калған мөлдір ерітіндіні біреуің шыны түтік арқылы ақырындап үрлеңдер, лайланғанша . Ерітіндіде қандай зат түзілді? Егер лайланса қайтадан,тағы ұзақ уақыт үрле , бұнда қандай өзгеріс болғанын бақыла.Байқаған құбылыстарыңды түсіндір. Тәжірибе барысындағы сәйкес реакция теңдеулерін жазу үшін «Білімімізді жинактайық » бекетіне сапарға аттан .






Бекет . «Білімімізді жинактайық »

Ү.Жинақтау. Кальций және оның қосылыстары жайлы білімдерінді жинақтай отырып ,төмендегі өзгерістерді жүзеге асырыңдар.

Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCO3 → Ca(HCO 3)2 → CO2



Кальцийдің маңызды қосылыстары туралы мәліметтермен кестені толтырады.





Кальций тақырыбы бойынша алған білімдерін қолдана отырып есептеу есебін шығарады


Зертханалық тәжірибе жасай отырып, кальций қосылыстарының қасиеттеріне талдау жасайды.













Кальций және оның қоылыстары жайлы білімдерінді жинақтай отырып ,төмендегі өзгерістерді жүзеге асырады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Бекет . «Міне, кальций осындай!»

ҮІ.Бағалау. Тапсырма. Адам организмінде ең көп кездесетін металл –кальций:

а)Кальций организмдегі массалық үлесі шамамен 2%,өз организміңдегі калцийдің массасын тап;

ә) Кальций қандай тағамдардың құрамында көп кездеседі, өз ойларыңыз ;

б)Кальций жетіспегенде адам қандай ауруға шалдығуы мүмкін,ол жайлы не айтар едіңіздер;

в )Қай жастағы адамдара кальцийдің көбірек қажет болатынын,себебін түсіндір..

Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі



Постерге ассоциация құрайды.

Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі арқылы өзара пікір алмаса отырып , кальций және оның қосылыстарының өндірісте,медицинада қолданылуы және адам ағзасы үшін маңызы жайлы мағлұматтар алады.


Бағалау


2 минут







Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



















Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары (оксиді,гидроксиді және тұздары).

Деңгейлер

Тапсырмалар

Ұйымдастыру нысанасы /бағалау нысанасы

Бекет «Кальцийдің қосылыстары».

І.Білу.

(«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісін пайдалана отырып )

Оқулықтағы 134 -беттегі §35 , 136 -беттегі §36 тақырыппен таныса отырып,

сызбаға сәйкес реакция теңдеулерін құр.


Shape5

+ су

Shape7 СаО + қышқыл

Shape8 + қышқылдық оксид


Жеке жұмыс жасау /өзін –өзі бағалау +мұғалімнің бағалауы


Бекет «Табиғаттағы кальций».

ІІ.Түсіну.


ІІ.Түсіну.

«Кальцийдің маңызды қосылыстары» коллекциясымен таныстыру

Тапсырма. Кальцийдің маңызды қосылыстары туралы мәліметтерді кестеге жаз.

Заттың аталуы

Химиялық формуласы

Қолдану саласы






Жұптасып жұмыс жасау/өзара бір-бірін бағалау +мұғалімнің бағалауы

Бекет«Асу»

ІІІ. Қолдану.

Құрамында 10% қоспасы бар 10 кг ізбес тасты күйдіргенде сөндірілген әктастың қандай массасы түзілетіндігін есептеп шығар.


Жұптасып жұмыс жасау/өзара бір-бірін бағалау +мұғалімнің бағалауы

Бекет «Химик зертханасы »

ІҮ. Талдау

Зертханалық тәжірибе .Кальций оксиді және кальций гидроксиді касиеттерін зерттеу

Тапсырма.Калций оксидін алыңдар және оған су құйып шыны таяқшамен араластырыңдар. Не байқадыңдар? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Алынған ерітіндіні құйғыдағы сүзгі қағаз арқылы сүзіңдер.Кандай ерітінді алдыңдар ?

Алынған ерітіндінден екі сынауыққа аздап құйып, біріншісіне лакмус қағазын сал,екіншісіне ,фенолфталейн ерітіндісін тамыз.Қандай өзгерістер байқадыңыздар ? Бұл нені дәлелдейді?

Енді колбада калған мөлдір ерітіндіні біреуің шыны түтік арқылы ақырындап үрлеңдер, лайланғанша . Ерітіндіде қандай зат түзілді? Егер лайланса қайтадан,тағы ұзақ уақыт үрле , бұнда қандай өзгеріс болғанын бақыла.Байқаған құбылыстарыңды түсіндір. Тәжірибе барысындағы сәйкес реакция теңдеулерін жазу үшін «Білімімізді жинактайық » бекетіне сапарға аттан


Топтасып жұмыс жасау/топ басшысының бағалауы +мұғалімнің бағалауы

Бекет . «Білімімізді жинактайық »

Ү.Жинақтау

Кальций және оның қосылыстары жайлы білімдерінді жинақтай отырып ,төмендегі өзгерістерді жүзеге асырыңдар.

Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCO3 → Ca(HCO 3)2 → CO2


Топтасып жұмыс жасау/топ басшысының бағалауы +мұғалімнің бағалауы

Бекет . «Міне, кальций осындай!» ҮІ.Бағалау.


Тапсырма. Адам организмінде ең көп кездесетін металл –кальций:

а)Кальций организмдегі массалық үлесі шамамен 2%,өз организміңдегі калцийдің массасын тап;

ә) Кальций қандай тағамдардың құрамында көп кездеседі, өз ойларыңыз ;

б)Кальций жетіспегенде адам қандай ауруға шалдығуы мүмкін,ол жайлы не айтар едіңіздер;

в)Қай жастағы адамдара кальцийдің көбірек қажет болатынын,себебін түсіндір..

(Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі арқылы)

Топтасып жұмыс жасау/топ басшысының бағалауы +мұғалімнің бағалауы

Бағалау парағы.

Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары (оксиді,гидроксиді және тұздары).

Рубрика

Бағалау критерийлері

Мақсаттың орындалу деңгейі

Ұпай

Бекет «Кальцийдің қосылыстары».

Білу

Сызбаға сәйкес реакция теңдеулерін құра білу




Калций оксидінің сумен реакция теңдеуін жазу

1

Калций оксидінің қышқылмен реакция теңдеуін жазу

1

Кальций оксидінің қышқылдықоксидпен реакция тңдеуін жазу

1

Бекет «Табиғаттағы кальций».

Түсіну.


Кальцийдің маңызды қосылыстары туралы мәліметтерді

«кесте»түрінде көрсету


Кальцийдің маңызды қосылыстары туралы мәліметтерді кестеге толық тусіру


2

Кальцийдің маңызды қосылыстары туралы мәліметтерді кестеге толықтай тусірмеуі




1

Бекет«Асу»

Қолдану.

Есеп шығару


Есептің берілісін дұрыс жазып, реакция теңдеуін құрастырып,есепті шығару жолын білмеу

1

Есептің берілісін дұрысжазып, реакция теңдеуін құрастырып,есепті шығаруда қателер жіберген

2

Есепті толық шеше білген

3

Бекет «Химик зертханасы »

Талдау.

Зертханалық жұмыс

Тәжірибе жүргізу алынған нәтижелерді өз бетінше жүйелеп қорытынды шығара алмау

1

Тәжірибе жүргізу, арқылы алынған нәтижелерді өз бетінше жүйелеп қорытынды шығаруда қателіктердің болуы

2

Құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалана отырып, ұсынылған тапсырмадағы химиялық заттарға зерттеу жүргізу, алынған нәтижелерді өз бетінше жүйелеп қорытынды шығара алу

3

Бекет . «Білімімізді жинактайық »

Жинақтау


Өзгерістерді жүзеге асыру




Кейбір өзгерістік айналымдарды дұрыс жүзеге асыра алмау

1

Өзгерістік айналымдарды жүзеге асырып ,сәйкес реакция теңдеулерін жазуда қателіктер жіберген .


2

Өзгерістік айналымдарды пайдалана отырып, сәйкес реакция теңдеулерін толық жаза білген .


3

Бекет . «Міне, кальций осындай!»

Бағалау

«Міне, кальций осындай!»Өз пайымдаулары

Жалпыға ортақ ой

1

Ойы жүйелі, тың ойы емес

2

Креативті

3

Жалпы

18 ұпай




1-5 ұпай -«2»; 6-9 ұпай -«3»; 10-15 ұпай -«4»; 16-18 ұпай -«5»

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2018
871
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі