жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика
|
САБАҚ: |
Мектеп: Қошқарбай НМ |
|||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Калымжанова С.Т. |
|||||||||||||||
|
Сынып: 8-сынып |
Қатысқан оқушылар саны: 5 |
Қатыспағандар:0 |
||||||||||||||
|
Бөлім атауы: |
Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика |
|||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жаңа мамандық түрлері |
|||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.2.4.1.- тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) құрылымын салыстыра талдау |
|||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Жаңа мамандық түрлерін біледі. Кәсіби сөздер мен термин сөздерді бір-бірінен ажырата алады. |
|||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Мамандықтың түрлерін, ерекшеліктерін анықтай алады; Термин сөздер мен кәсіби сөздердің ерекшеліктерін анықтай алады. |
|||||||||||||||
|
Құндылықтар |
Еңбек ету. Үздіксіз білі алу. Келешекке деген сенім. |
|||||||||||||||
|
АҚТ қолдануы |
Проектор арқылы слайд-презентация пайдаланылады. |
|||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Термин сөздер. Кәсіби сөздер |
|||||||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Сөздік құрамның толығу жолдары |
|||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
|
||||||||||||||
|
Сабақтың басы 2 мин |
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. |
|
||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы 3 минут |
1-тапсырма Жеке жұмыс Өзін-өзі бағалау Керек дерек! Мәтініндегі кірме сөздерді табады, олардың термин сөздерге қатысын түсіндіреді. Оқушыларға жаңа мамандық түрлері туралы ақпарат ұсынылады. -бренд-менеджер – тауарды сатуды ғанаемес, оның қалай өндірілетінін де білетін маман. - логистик – жүк тасымалын қадағалайтын маман. - промоутер – компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатынадам. - супервайзер – сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман. -веб-мастер- сайт жасаумен шұғылданатын маман, - копирайтер – сайт үшін контент құрушы. Бұл тізімдегі мамандықтарға деген сұраныс күннен-күнге артып келе жатыр. Маман, естіп-білмеген сөздеріне лексикалық талдау жасаңдар. Дискриптор - Мәтінді мұқият оқиды. - Кірме сөздерді табады. - Термин сөзге қатысын түсіндіреді. Топтық тапсырма. Термин сөздер мен кәсіби сөздердің анықтамасымен танысады, постер қорғайды, топ басшысы бағалайды. Терминдер – нақты бір ұғым атауы. Терминдердің лексиканың басқа түрлерінен айырмашылығы – олар көпмағыналы емес, бір ғана нақты мағыналы болып келеді:оларда эмоционалды бояу, экспрессивті-стилистикалық қызмет болмайды. Мысалы, лингвистикалық тернминдер: фразеология, фонетика; әдеби-өнер терминдері: проза, драма, сатира; математикалық терминдер: алгебра, аксиома, теорема: физика терминдер – атом, ампер.т.б. Кәсіби сөздер: Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді: 1) қолөнерге байланысты кәсіби сөздер: пышқы- араның түрі, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал: 2) ауылшаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: пая-өсімдік сабағы, торлама- қауын түрі. 2-тапсырма Ахмет Байтұрсынұлының терминге қойған талаптарын оқып шығып, бүгінгі тілдік жағдаятпен байланыстырып талқылаңдар. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. 1.Терминдік ұғымдарға ең алдымен барынша қазақтың төл сөздерін алу. 2. Қазақ тілінде ондай мағынаны білдіретін сөздер жоқ болған жағдайды, туысқан түркі халықтарының тілінен алу керек.3. Жалпы қолданыстағы еуропа тілдеріндегі (орыс тіліндегі) терминдерді қазақ тілінің дыбыстық табиғатына сай жазу. 4. Жалпы қоланыстағы Еуропа тілдеріндегі терминдерге қазақ тілінің төл сөздерінен балама табылған жағдайда, оларды қатар беру, кейін бірте-бірте қазақ сөзімен ауыстыру.
Сергіту сәті «Жылы алақан» «Жылы алақан» Алақанды ысқылап жылы алақанмен көршісінің қолынан ұстап жақсы тілек айту. 3-тапсырма Суретте көрсетілген мамандық және кәсіп түріне қатысты сөздерді табады, сөйлем құрастырады.
Критерий – Мамандық пен кәсіпке байлансты термин сөздерді анықтайды. Дискриптор Суреттегі мамандық пен кәсіп түрлерін анықтайды. Термин сөздерді табады. Сөйлем қрастыра алады. 4-тапсырма. Тиісті мамандық түрлерін жазып, кестені толтырыңдар.
Рефлексия
Кері байланыс
«Бас бармақ» әдісі
|
|
||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген