Ашық сабақ Кемпірқосақ 1 - сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Кемпірқосақ 1 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Түстерді ажырата білуге, ашық және күлгін түстерді сезіне білу қабілетін жетілдіру, көлеміне қарай доғаларды дұрыс орналастыру,кемпірқосақты үш түрлі тәсіл арқылы салуды үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Даулетбаева Нагима Кожабаевна


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы көркем еңбек пәні мұғалімі


Кемпірқосақ” атты ашық сабақ. 1 сынып


Сабақтың тақырыбы:


Білімділік: түстерді ажырата білуге, ашық және күлгін түстерді сезіне білу қабілетін жетілдіру, көлеміне қарай доғаларды дұрыс орналастыру,кемпірқосақты үш түрлі тәсіл арқылы салуды үйрету.

Дамытушылық: табиғат құбылысының әдемілігіне, қызығушылықтарын арттыру, балалардың көркемдік әсемдігін, ойлауын, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: «Шерқала» туралы мәліметті айта отырып, табиғат құбылысындағы өнерді қабылдау, әсемдікке, сұлулыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: кемпірқосақ сары, жасыл, ашық көк, қою көк, қызыл,қызғылтсары және күлгін, орысшасы: «радуга»,ағылшынша «rainbow» сөзі

Ұйымдастыру бөлімі:

Балалармен амандасу

Жылулық шеңбер

Өткен сабағымызды пысықтау.

Негізгі бөлім:

Жаңа ашық сабағымызды түсіндіру

Дидактикалық ойын.

Қорытынды:

Ашық сабақты қорытындылау.


Жылулық шеңбері.

Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын,

Туып өскен даланы

Қызыл бояу – қызғалдақ,

Жасыл бояу жайлауым,

Іздеп келер армандар,

Сәлеметсіздер ме, апайлар!


Ұйымдастырушы-ізденуші:

-Балалар, бүгін жылдың қай мезгілі?

-Балалар, бүгін нешінші күн?

-Балалар, өткен оқу-қызметінде не өттік, еске түсірейікші...

-Күннің суретін салдық (балалардың жауабы)

-Күн қандай пішінді,түсі қандай?Шерқала туралы мәлімет.

Үстелдің үстінде табиғат суреті салынған макет. Макеттің үстіңгі жағынан бұлт келе жатады да, күннің көзін жартылай нөсер жауады.


-Бүгінгі ашық сабағымызда кемпірқосақтың түстерімен танысамыз. Кемпірқосақтың суретін көрсету.

-Балалар, кемпірқосақты көргендерің бар ма?

Қызыл, сары, жасылды,

Тұрды ол ауыл қасында.

Жете алмассың қуғанмен,

Ренжіме сен, жасыма.

-Балалар, енді интербелсенді тақтаға назар аударамыз. (интербелсенді тақтада бірнеше кемпірқосақтың табиғатта пайда болған фотосуреттері көрсетілген)

-Балалар, кемпірқосақ жаңбыр жауғаннан кейін көрінетін сұлу табиғат құбылысы. Күн сәулесінен пайда болатын доға тәрізді түрлі түсті жарық жолақ. Ол жаңбыр тамшыларындағы жарықтың сынуы есебінен түзіледі.

Кемпірқосақ пайда болуына себепші былайша ақ болып көрінгенімен, шындығында жеті түстен тұратын жарық сәуле,кәдімгі күн сәулесі әр алуан түсті бірнеше сәулеге бөлінеді,аспанда кемпірқосақ пайда болады.

-Ай сәулесінің әсерінен пайда болатын кемпірқосақты «ай кемпірқосақ» деп атайды.

-Орыс тілінде кемпірқосақты «Радуга» дейді. Ағылшынша «rainbow» дейді.

-Кемпірқосақ жеті табиғи түстен тұрады. Кемпірқосақ жартылай доға болып көрінеді.

-Балалар, кемпірқосақтың түстері туралы тақпақ білетіндерің бар ма?

Қызыл түске:

Қызыл түсті қырмызы,

Алаулайды түз гүлі

Көлеңкелер ұзарып,

Күн батады қызарып.


Қызғылтсары:

Қызғылтсары түлкінің,

Сәбіз енді түсіне.

Құйрығына өзінің,

Ұқсайды екен пішіні.

Сары түске:

Алтын күнлі албыраған,

Күнбағыс көбен ұшады.

Бақта алмұрт балбыраған,

Сары жапырақ ұшады.

Жасыл түске:

Жасыл түсті бұл әлем,

Шалғын мен шегіртке

Жасыл жапырақ, жасыл бел,

Көлбақа да жап-жасыл,

Әнге басып елірген.

Көгілдір түске:

Марғау көз қысып,

Отыр әйнек алдында,

Көктен түскен көк масық

Жансыз ба әлде жанды ма?

Көк түске:

Көк теңізде арал бар,

Аралға жету бір арман

Көкпеңбек оттан жаралған,

Ғажайып гүлдер бүр жарған.


-Жарайсыңдар, балалар!

Балалар, кемпірқосақ туралы көптеген мәліметті түсіндік, енді бүгін бізде ерекше сабақ болғалы тұр. (Балалардың назарын интербелсенді тақтаға аударады)

-Балалар, кемпірқосақты үш топқа бөлініп, жасаймыз,ол үшін тақтаға назар аударыңыздар, тақтада жасалу жолын мұқият қарап, түсініп алыңыздар.

-Келістік пе?

-(Балалардың жауабы)

Интербелсенді тақтамен жұмыс. Видеослайд көрсету.

-1-топ: Кемпірқосақты ермексазбен мүсіндейді

-2-топ: Кемпірқосақты түрлі-түсті қағаздан жолақтар қию арқылы жапсырып жасайды

-3-топ: Кемпірқосақты түрлі – түсті құммен рет-ретімен желімдеп жасайды.

-Жарайсыңдар. Балалар!

(кемпірқосақтың әуені ойналып жатады, интербелсенді тақтада кемпірқосақтың суреті көрсетілген.)

Балалар жұмыстану үстінде,балаларға аздап қол ұшын көрсетуге болады.

-Ал,кемпірқосағымызды жасап болсақ, балалар, шаршап қалған боларсыздар,ендеше,бойымызды созып,бір сергіп алайық.

(Балаларды ортаға шеңбер құруға шақырып, тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстарды қайталап жасайды)

Интербелсенді тақтамен жұмыс. Видеослайд. Сергіту сәті.


Жаңбыр жауып басылды,

Күннің көзі ашылды.

Көкжиектен көрікті

Кемпірқосақ ашылды.


Шаттық шеңбері:

Бояулар бүгін шаршаған,

Сурет салды қаншама!

Бар табиғат оянды

Кемпірқосақ боялды.

Болды бәрі ертектей,керемет!

Сөз жеткісіз, бұдан артық не керек?

Түрлі-түсті, қызыл-жасыл дүние

Қарап қойшы өзің дағы сүйсіне,дей кел


-Балалар, осымен бүгінгі оқу-қызметін қорытындылай келе, балалар, сіздерді бағалағым келіп тұр.

Бәрекелді, балалар,

Бәріңе жақсы баға бар

Азамат боп өсіңдер,

Ел қадірін бағалар!

Көріскенше, күн жақсы,

Сау-саламат болыңдар!

Балаларға сыйлық ретінде кемпірқосақттың әдемі суреті берілді.

Ашық сабақты қорытындылау:

Өз қолымен жасаған дайын болған жұмыстарын тақтаға ілеміз,жасаған жұмыстарын тамашалау, мадақтау

-Балалар, кемпірқосақтың суретін әр – түрлі етіп жасағанымыз ұнады ма?

(Балалардың жауабы)

Балаларды мадақтау.

Балаларға сыйлық ретінде кемпірқосақтың әдемі суреті беріп, қолдарына тәттілерді таратып қуанту.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.04.2021
1676
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі