400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ "Керқүла атты Кендебай ертегісінің" көркемдік ерекшелігі 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға шығармадағы көркемдік ерекшеліктерді табуда көмегі болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: Жарқынбек Ж.

Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің көркемдік ерекшелігі

Мұғалімнің аты-жөні: Нұрланова Баян

Күні: 17.09.2020ж.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сынып: 5


Қатысқан оқушылар саны: 22


Қатыспаған оқушылар саны: 2

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау (А/И3)

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік



теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің құрылымдық сипаты

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы

5 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Досымен сәлемдесу»

Оқушылар жақсы көңіл-күй қалыптастыру мақсатында жұптарымен үш тілде сәлемдеседі:

«Сәлем»

«Привет»

«Hello»

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу. « Кендебай батыр» және «Мергенбай батыр» сөзі жазылған қағаз қиындыларын таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.


  • Ертегі дегеніміз не ?

  • Ертегінің түрлерін ата ?

  • «Керқұла атты Кендебай» ертегісі қандай ертегіге жатады ?


1-топ: Кендебай батыр

2-топ: Мергенбай батыр


Қағаз қиындылары

Өткен сабақты пысықтау 5минут






Жаңа білім

7минут







Білу және түсіну


«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі

(Оқушылардың өтілген тақырыпты меңгеру деңгейлерін өзара бақылауды жүзеге асыратын тәсіл. Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер түзіп тұрады да, бір-біріне сұрақ қояды. Ішкі шеңбердегі балалар жылжып орын ауыстырып жұптар өзгеріп отырады. )


Теориялық жұмыс. Көркем шығармадағы Бейнелеу құралдары – әдебиетте  бұл ұғым сөз колдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын , теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.. [1 Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы әсер етеді. Теңеу - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.



Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану, талдау

Топтық жұмыс

Кендебай» ертегісінің көркемдік ерекшелігі

1-топ: Оқулықтағы ертегіден алынған үзіндіден эпитетті табады

2-топ: Оқулықтағы ертегіден алынған үзіндіден теңеуді табады.

Білімдіден ақыл шығар (әр қатарға деңгейлік тапсырма)

1-топ: Кендебайға ұқсағың келе ме?

Қай қасиеті көбірек ұнады?

Қазіргі жастар бойынан осындай қасиеттер кездесе ме?

2-топ: Сен осы ертегіге қандай өзгеріс енгізер едің?

Өзіміз оқыған ертегілердің қайсысына ұқсайды?

Ер Төстік Кендебай

-Жылқы малымен дос болу «Ер қанаты-ат»

(Жылқы туралы мақалдар сұрау).


Оқулық,

Сергіту сәті

3минут

«Қара жорға» биі

Видеожазба

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Жұптық жұмыс

Тест сұрақтары

Кендебайдың әкесінің аты кім

А) Байбөрі

Ә) Ерназар

Б) Қазанғап

В) Саржан

«Мынау таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көрерсің, ортасында бір арал бар», бұл қай кейіпкердің сөзі ?

А) Шалқұйрық

Ә) Керқұла ат

Б) Ханның баласы

В) Тазша бала

3.   Қозы бағып жүрген баланың әкесі кім?

А) Мергенбай

Ә) Тасқара

Б) Кендебай

В) Шойынқұлақ

Ой, оңбаған-ау, қырасыңғой малды. «Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың ?»-кімнің сөзі

А) Күңке

Ә) Меңді сұлу

Б) Кенжекей

В) Ханның кіші қызы



Тест жазылған парақшалар








Бағалау


5 минут












«Рефлексия»

О қушылар ертегі кейіпкерлерінің суреті бейнеленген парақшаның астына сәйкесінше, бүгінгі сабақта алған білімдерін қорытындылау үшін стикерлерді жапсырады.





Бағалау парақшасы














Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
776
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі