Сабақтың
тақырыбы: Ә.Қоңыратбаев. Киіктің
айласы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Әңгімені жүргізіп, түсініп
оқуға дағдыландыру. Кейіпкерге мінездеме беру. Әңгіменің негізгі
идеясын ашу, талдауға үйрету. Мәтінмен жұмыс жүргізуге
баулу.
ә) Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, аялауға,
аң-құстарға қамқорлық жасап, күтуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы: Оқушылардың сын
тұрғысынан ойлауын, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:
Жазушы М.Сүндетовтың портреті,
суреттер, киік
суреті, Ә.Қоңыратбаев суреті және
интербелсенді тақта, гүлдер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі:
Әңгімелеу, сұрақ-жауап,
баяндау, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа
аудару.
Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз
Оқушыларды үш топқа бөлу.
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Көктем.
- Көктемде ең алғаш қандай гүлдер
ашылады?
- Бәйшешек, Жауқазын,
Қызғалдақ.
- Олай болса, мен сендерді осы гүлдер
арқалы үш топқа бөлемін. Әркім өзіне ұнаған гүлді алып, өз
топтарымен отырады.
Енді балалар, Бәйшешек алған оқушылар
бірінші қатарға, Жауқазын алған оқушылар екінші қатарға, Қызғалдақ
алған оқушылар үшінші қатарға отырады. Ал енді балалар біз
топ-топқа бөлініп алдық.
І-топ «Бәйшешек», ІІ-топ «Жауқазын»,
ІІІ-топ «Қызғалдақ».
Үй тапсырмасын сұрау.
Әр топтан мәтінді тізбектей
оқыту.
І топ оқушысы: Мұхтардың мектепке баруы,
ұқыптылығы жайлы әңгімеле.
ІІ топ оқушысы: Мұхтардың күшікке берген
көмегі жайлы айт.
ІІІ топ оқушысы: Ананың мейірімділігі
жайлы түсіндір
. Осылай бес-алты оқушыдан үй тапсырмасын
сұрап, оларға қосымша сұрақтар қоя отырып бағалаймын.
Топтық тапсырма. Топтастыру
стратегиясы.
1. Мұхтар қандай
оқушы?
Ұқыпты
Ержүрек

Мұхтар

Қайырымды
Мейірімдi
2. Қандай аянышты
жағдайлар болды?
Б
атып
кетуі Суға түсуі

Күшіктің аянышты
жағдайы

Күшіктің қыңсылы Тас
атуы
3. Қайырымдылық деген
не?
Қ
айырымды іс Көмек беру
Қайырымдылық

Құтқару Жақсылық
жасау
Сұрақтар: Ағаш егу
әдісі арқылы үй тапсырмасын
қорытындылау
1. М.Сүндетов қай жылы,
қай облыста дүниеге келген?
2. М.Сүндетовтың қандай
еңбектерін білесіңдер?
3. Мұхтарды ұстазы не
үшін мақтады?
4 Мектептен қайтып келе
жатып қандай жағдайға кездесті?
5. Ол не үшін
қуанды?
6. Анасы Мұхтарға неге
ұрыспады?
Жаңа
сабақ
- Тақтада сандар
берілген. Осы сандарды ретімен қойсаңдар, бүгінгі күнгі жаңа
тақырыптың аты шығады. Ақсақ киік күйі
қосылады.
1-к 3-і 2-и 7-ң
8-а 13-ы 4-к 5-т 6-і 9-й 10-л 11-а 12- с
(К и і к т і ң а й л а с ы)
- Суретпен жұмыс:
- Киікті қазақ халқы «киелі» деп
есептеген. Оны әнге, күйге қосып аңыз әңгімелер айтқан.
- Сендер киікке байланысты қандай аңыз, не ертегі
білесіңдер?
Киік туралы
видеоролик көрсету. Киік суреті. Киік –
жұптұяқтылар отрядының бөкендер
туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға
ұқсас, күйіс қайыратын түз жануары. Олардың басты жауы– қасқыр. Ал,
жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар
шабуыл жасайды. Оның мүйізінен
дәрі алынады. Киікті қазақ халқы киелі жануар деп есептейді. Суға
төзімді келеді. Киіктің лағын құралай деп атайды. 2006 жылы «Қызыл
кітапқа» енген.
Сұрақ:— Табиғат
құбылысында киікке қатысты айтылатын бір ұғым бар, ол қандай
ұғым?
/дүниетану пәнімен
байланыстыру/
— Табиғат құбылысына
байланысты айтылған «Құралай желі» деген ұғым
бар.
Мамыр айының 20-25
аралығында киік лағын соңына ертеді. Сол кезде күн салқындап, жауын
жауады. Осы құбылысты «Құралай желі» немесе «Құралай салқыны» деп
атайды.
Мәтіннің авторымен
таныстыру

Ә.Қоңыратбаев суреті тақтадан көрініп
тұрады. Ол 1905 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған.
Балалар үйінде тәрбиеленген. Ол жазушы,ғалым, ұстаз
болған. Ол
өз елінің табиғатын, тауларын, құстарын,жануарларын шексіз
сүйген. Оларды сүйіп, қорғай білуге арналған «Сұр көжек», «Киіктің
айласы», «Балуан» т.б. әңгімелері бар. Ә.Қоңыратбаев 1986 жылы 81
жасында қайтыс болды.
Оқулықпен жұмыс.
1.Мұғалімнің
оқуы.
Сөздікпен
жұмыс.
Таяқ сілтем –
жақын жер, алыс емес, шалғай емес.
Діңкесі құрыды-
шаршады, әлсіреді, талған.
Сәске- таңертеңгі
күннің біраз көтерілген кезі.
Суат-су алатын,мал суаратын жер.
Арандай-аузын кең,үлкен ашу, қанағатсыз.
Бұйрат –тау сағасы.
Жосып –жылдам жүру.
Шоқы-биік төбе, дөң.
Шоқырықтау –қатты шаппай желе,секіре жүретін
жүріс.
Тізбектей
оқыту.
Сан сұраққа ұтымды
жауап (Жіңішке сұрақтар)
1.Мәтіннің авторы
кім?(Әуелбек)
2. Қасқырлар нелерге шабуыл жасады?(киік)
3. Қасқырлардың қаруы.(тіс)
4. Мәтінде қай мезгіл суреттелген?(күз)
5. Ақбөкеннің сүйенері не?(аяқтары)
6. Ақбөкен қандай аң?(жүйрік)
7. Қасқыр, қабан ше?(аң)
8. Киіктің лағы.(құралай)
9. Ақбөкен қандай үй жануарына ұқсайды?(қой)
10. Теке өзінің үйірін қасқырлардан несі арқылы құтқарды?(айла)
11. Қабанның қаруы.(азу)
12. Киіктер суатқа не үшін келді.(су)
13. Киіктердің жауы.(қасқыр
Сергіту сәті Музыка
ырғағымен қимылдау.
Жаңа сабақты 3 топқа
бөліп, оқытып, түсініктер
сұралады. Әр
топ бір-біріне төмендегі сұрақтарды
береді.
І топ:
1. Киік туралы не
білеміз?
2. Киіктің қаруы
не?
3. Киіктер қайда
келді?
ІІ топ:
1. Аш қасқырлар не істеп отыр
еді?
2. Теке қандай айла
жасады?
3. Аш бөрілерге не болды?
ІІІ топ:
1. Киік шын мәнінде
ақсақ па еді?
2. Киіктің қандай пайдасы
бар?
3. Қызыл кітапқа не үшін
енгізілді?
«Адасқан сөздер» ойыны. Мағынасына
қарай сәйкестендіру тесті.
Бір топ аш киіктер
Үріккен бұйрат
Қызыл қасқыр
Ақсақ салақтап
Тілдері теке
Топтық
тапсырма. «Дөңгелек үстел» әдісі.
І топ: Киік туралы не білеміз? Мұнда
оқушылар киік туралы өз білгенін жазады. Мысалы: Киік киелі жануар
т.б.
ІІ топ: Қасқыр туралы не
білеміз?
ІІІ топ:Автор Ә.Қоңыратбаев туралы не
білеміз?
Қорытынды. Дәптермен жұмыс.
5 жолды өлең: Ақбөкен
Кері байланыс:
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы
сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеру және өзін достарын
бағалау.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен
түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен
түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен
түсінбедім.
Үйге
тапсырма:181-183
беттер
Бағалау.Фишкалар арқылы
бағалау.