Ашық сабақ: "Киіз үй"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Киіз үй"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білімділігі: Киіз үй, оның құрлысы туралы, әр бөлігін ажырата алуға, олардың айырмашылығын білуге, ата-бабамыздың тұрмысы туралы мәлімет беру. Дамытушылығы: Киіз үйдің бөліктері туралы дұрыс әңгімелеп бере алатын, сұрақтарға нақты және толық жауап беруге,ұлттық мәдениетіміз жайлы білімдерін дамыту. Тәрбиелілігі: Атадан – балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға. Киіз үйді бөліктерден жинап, әр бөлігінің маңыздылығын аша алатын қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау, бастаған істі аяғына дейін аяқтай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеумет. Таным.
Ұйымдастырылған іс - әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру.Құрастыру.
Тақырыбы: «Киіз үй»
Мақсаты:

Білімділігі: Киіз үй, оның құрлысы туралы, әр бөлігін ажырата алуға, олардың айырмашылығын білуге, ата-бабамыздың тұрмысы туралы мәлімет беру.

Дамытушылығы: Киіз үйдің бөліктері туралы дұрыс әңгімелеп бере алатын, сұрақтарға нақты және толық жауап беруге,ұлттық мәдениетіміз жайлы білімдерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Атадан – балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға. Киіз үйді бөліктерден жинап, әр бөлігінің маңыздылығын аша алатын қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау, бастаған істі аяғына дейін аяқтай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: киіз үй.

Қостілділік компонент: киіз үй – юрта

Көрнекілік:слайд. киіз үй

Әдіс-тәсілдері:ертегі,сұрақ –жауап, түсіндіру, әңгімелеу,құрастыру, ойын.

Барысы.

Шаттық шеңбер орындалады.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.

Балалар қонақтармен үш тілде амандасады.
Тәрбиеші: Мен сіздерге бір ертегі айтамын,сол ертегі арқылы бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбын таба аласыздар.

... Ерте, ерте ертеде, далада көшіп-қонып жүрген қазақтардың күнге ұқсас үйі болды. Күн көзіндей домалақ әрі қыста жылы,жазда салқын, кемпірқосаққа, тақияға ұқсайтын үй. Ол үйді қалай атаған?(суретке қарап айтыңдар) Дұрыс, ол үйді «Киіз үй» деп атаған.

- Балалар,киіз үйді көрдіңдер ме?

- Сіздер киіз үй туралы не білесіңдер?

-Киіз үйлерді қаланың қай жерінен көруге болады?

-Кім киіз үйдің ішіне кіріп көрді?

-Киіз үйді неден жасайды?
Тәрбиеші: Ендеше балалар мен сіздерге қазақтың киіз үйі туралы түсіндіріп өтейін.
Киіз үй- тарихымыздағы ата-бабамыздан келе жатқан ең алғашқы сәулеттік құрылыс, қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы яғни үйі болған. Ол көшіп-қонғанда тез тұрғызуға және бұзуға ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй қатты желде, боран соққанда жығылмайды, жаңбыр жауса суды өткізбейді. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300 – 400киллоға жуық болады. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады.

Киіз үй аз уақыт аралығында тігуге де, жинауға да ыңғайлы. Көшіп-қонуға қолайлы болғандықтан, малшылар оны қазір де көп қолданады. Киіз үй тегіс, су жүрмейтін құрғақ жерге тігіледі.Киіз үйдің негізгі қаңқасын-киіз үйдің сүйегі деп атайды.

Киіз үй негізгі 4 бөліктен тұрады. Олар: 1 - шаңырақ,2 - уық,3 - кереге,4 - сықырлауық немесе есік. Бұлардың барлығы: талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы тал.

Қазақтың киіз үйі 6-қанатты,8-қанатты, 12- қанатты, 24-қанатты болады.

Қостілділік компонент: киіз үй - юрта.

-Балалар, бәріміз киіз үйдің қалай жасалатынына назар аударайық.

Видео.


Қол шапалақтау” ойыны

Егер “Киіз үй жабдықтарын” айтсам қол шапалақтау, басқа заттарды айтсам аяқ топылдату.

Сөздер: кереге, машина, тақта, уық, шаңырақ, қарлығаш, дәптер, сықырлауық.

Тәрбиеші: -Балалар, киіз үй туралы тақпақ білетін едік қой.
1-бала.Киіз үй дөп – дөңгелек,

Жыққан кезде ол бөлек.

Шаңырақ, уық, кереге,

Есік, түндік, текемет.

2-бала.

Киелі қазағымның киіз үйі,

Маңдайша, босаға мен табалдырық.

Алты қанат кереге, қаламды уық,

Шіркін-ай, қандай шебер жасады”-деп,

Көргенде таңдай қағып, қалам тұрып.
Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керіліп (алақандарын ашады )
Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.


Тәрбиеші: - Сонымен, балалар, киіз үйдің қандай бөліктері бар екен?

-Шаңырақ, уық, кереге, есік.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Мен сіздерге осы бөліктер туралы тағы да толықтырып айтып берейін.

Кереге - киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі.

Шаңырақ – киіз үйдің керегесімен уықтарын біріктіріп,еңсесін көтеріп,тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.Сонымен бірге шаңырақ киіз үйдің терезесі, түтін шығатын орынның қызметін атқарады.

Уық - кереге мен шаңырақтың арасын ұстап,қосып тұратын сырық.

Есік (сықырлауық) - екі жаққа ішке қарай айқара ашылатын табалдырыққа бекітілген, маңдайша, босағадан тұрады.

-Киіз үйдің сыртқы бөлшектерін айтатын болсақ.(түңілік, киіз, арқан)

-Түңілік шаңырақты жабатын киіз.

-Арқан не үшін қажет? (қазақ үйдің киіздері желде, боранда ұшып кетпеу үшін арқанмен байлаған)

Балалар киіз үйді құрастырады.

Киіз үйге кірген кезде ең бірінші қонақтардың көздері шаңыраққа түсетіндіктен, біздің ата-бабаларымыз шаңыраққа әр түрлі жіптерден жасалған шашақтар іліп қояды. Не үшін? Иә,көз тимеу үшін. Жалпы киіз үй оң жақ және сол жақ деп екіге бөлінеді. Яғни ерлер және әйелдер жағы болып. Ерлер жақта ер адамға тән нәрселер ілініп тұрады. Олар: шоқпар, қамшы, садақ, т.б. қару-жарақтар. Ал әйелдер жағында тек әйелге тән нәрселер тұрады. Олар: ыдыс-аяқ, төсек орын, бесік тағы басқалар. Төр қазақ халқы үшін өте қасиетті болып саналады. Төрде міндетті түрде аң терілері және қасиетті домбыра ілулі тұрады. Барлық киіз үй әдемі ою-өрнектермен әшекейленген әжелеріміздің қолдан жасаған түскиіздермен, алашалармен, сырмақтармен безендіріледі.

«Шаңырақ» ойыны

Шарты: балаларға төрт бұрышты орамал жайылып қойылады, әуенмен балалар айналып жүгіреді, әуен тоқтаған кезде балалар орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтеру керек. Шаңырақты қай бала бірінші көтерсе сол жеңіске жетеді.

Тәрбиеші:

-Балалар шаңырақ ҚР мемлекеттік рәміздерінің қайсысында киіз үйдің қандай сүйегі біздің рәміздерімізде бейнеленген?

-Шаңырақ.

-Дұрыс, балалар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi, қазақтар үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi екен.
Тәрбиеші:

Киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен – жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы.Киіз үйдің атқарған қызметі мен рөлі өте зор.

Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.

Тәрбиеші: Балалар біз бүгінгі сабағымызда не білдік, не үйрендік. Ненің құрлысымен таныстық?
- Киіз үйдің қандай құрал – жабдықтарын білдіңдер?
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар, біз бүгінгі ашық оқу қыметінде өздеріңіз көріп отырғандай киіз үй туралы мәлімет алдық. Олай болса бүгінгі тақырыпқа сай сабағымыздың соңын мына өлең шумағымен аяқтаймын.

Киіз үй дөп-дөңгелек,

Жыққан кезде он бөлек.

Тіккен кезде топ етіп,

Қона қалар дөңге кеп.

- Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін көп, көп рахмет!


























Білім беру сала: Әлеумет. Таным.
Ұйымдастырылған іс - әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру.Құрастыру.
Тақырыбы: «Киіз үй»
Мақсаты:

Білімділігі: Киіз үй, оның құрлысы туралы, әр бөлігін ажырата алуға, олардың айырмашылығын білуге, ата-бабамыздың тұрмысы туралы мәлімет беру.

Дамытушылығы: Киіз үйдің бөліктері туралы дұрыс әңгімелеп бере алатын, сұрақтарға нақты және толық жауап беруге,ұлттық мәдениетіміз жайлы білімдерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Атадан – балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға. Киіз үйді бөліктерден жинап, әр бөлігінің маңыздылығын аша алатын қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау, бастаған істі аяғына дейін аяқтай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: киіз үй.

Қостілділік компонент: киіз үй – юрта

Көрнекілік:слайд. киіз үй

Әдіс-тәсілдері:ертегі,сұрақ –жауап, түсіндіру, әңгімелеу,құрастыру, ойын.

Барысы.

Шаттық шеңбер орындалады.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.

Балалар қонақтармен үш тілде амандасады.
Тәрбиеші: Мен сіздерге бір ертегі айтамын,сол ертегі арқылы бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбын таба аласыздар.

... Ерте, ерте ертеде, далада көшіп-қонып жүрген қазақтардың күнге ұқсас үйі болды. Күн көзіндей домалақ әрі қыста жылы,жазда салқын, кемпірқосаққа, тақияға ұқсайтын үй. Ол үйді қалай атаған?(суретке қарап айтыңдар) Дұрыс, ол үйді «Киіз үй» деп атаған.

- Балалар,киіз үйді көрдіңдер ме?

- Сіздер киіз үй туралы не білесіңдер?

-Киіз үйлерді қаланың қай жерінен көруге болады?

-Кім киіз үйдің ішіне кіріп көрді?

-Киіз үйді неден жасайды?
Тәрбиеші: Ендеше балалар мен сіздерге қазақтың киіз үйі туралы түсіндіріп өтейін.
Киіз үй- тарихымыздағы ата-бабамыздан келе жатқан ең алғашқы сәулеттік құрылыс, қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы яғни үйі болған. Ол көшіп-қонғанда тез тұрғызуға және бұзуға ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй қатты желде, боран соққанда жығылмайды, жаңбыр жауса суды өткізбейді. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300 – 400килоға жуық болады. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады.

Киіз үй аз уақыт аралығында тігуге де, жинауға да ыңғайлы. Көшіп-қонуға қолайлы болғандықтан, малшылар оны қазір де көп қолданады. Киіз үй тегіс, су жүрмейтін құрғақ жерге тігіледі.Киіз үйдің негізгі қаңқасын-киіз үйдің сүйегі деп атайды.

Киіз үй негізгі 4 бөліктен тұрады. Олар: 1 - шаңырақ, 2 - уықтар, 3 - кереге, 4 - сықырлауық немесе есік. Бұлардың барлығы: талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы тал.

Қазақтың киіз үйі 6-қанатты,8-қанатты, 12- қанатты, 24-қанатты болады.

Қостілділік компонент: киіз үй - юрта.

-Балалар, бәріміз киіз үйдің қалай жасалатынына назар аударайық.

Видео.

Тәрбиеші: -Балалар, киіз үй туралы тақпақ білетін едік қой.
1-бала.Киіз үй дөп – дөңгелек,

Жыққан кезде ол бөлек.

Шаңырақ, уық, кереге,

Есік, түндік, текемет.

2-бала.

Киелі қазағымның киіз үйі,

Маңдайша, босаға мен табалдырық.

Алты қанат кереге, қаламды уық,

Шіркін-ай, қандай шебер жасады”-деп,

Көргенде таңдай қағып, қалам тұрып.

Тәрбиеші: - Сонымен, балалар, киіз үйдің қандай бөліктері бар екен?

-Шаңырақ, уық, кереге, есік.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Мен сіздерге осы бөліктер туралы тағы да толықтырып айтып берейін.

Кереге - киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі.

Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп,еңсесін көтеріп,тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.Сонымен бірге шаңырақ киіз үйдің терезесі, түтін шығатын орынның қызметін атқарады.

Уық - кереге мен шаңырақтың арасын ұстап,қосып тұратын сырық.

Есік (сықырлауық) - екі жаққа ішке қарай айқара ашылатын табалдырыққа бекітілген, маңдайша, босағадан тұрады.

-Киіз үйдің сыртқы бөлшектерін айтатын болсақ.(түңілік, киіз, арқан)

-Түңілік шаңырақты жабатын киіз.

-Арқан не үшін қажет? (қазақ үйдің киіздері желде, боранда ұшып кетпеу үшін арқанмен байлаған)

Балалар киіз үйді құрастырады.

Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керіліп (алақандарын ашады )
Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.

Киіз үйге кірген кезде ең бірінші қонақтардың көздері шаңыраққа түсетіндіктен, біздің ата-бабаларымыз шаңыраққа әр түрлі жіптерден жасалған шашақтар іліп қояды. Не үшін? Иә,көз тимеу үшін. Жалпы киіз үй оң жақ және сол жақ деп екіге бөлінеді. Яғни ерлер және әйелдер жағы болып. Ерлер жақта ер адамға тән нәрселер ілініп тұрады. Олар: шоқпар, қамшы, садақ, т.б. қару-жарақтар. Ал әйелдер жағында тек әйелге тән нәрселер тұрады. Олар: ыдыс-аяқ, төсек орын, бесік тағы басқалар. Төр қазақ халқы үшін өте қасиетті болып саналады. Төрде міндетті түрде аң терілері және қасиетті домбыра ілулі тұрады. Барлық киіз үй әдемі ою-өрнектермен әшекейленген әжелеріміздің қолдан жасаған түскиіздермен, алашалармен, сырмақтармен безендіріледі.

«Шаңырақ» ойыны

Шарты: балаларға төрт бұрышты орамал жайылып қойылады, әуенмен балалар айналып жүгіреді, әуен тоқтаған кезде балалар орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтеру керек. Шаңырақты қай бала бірінші көтерсе сол жеңіске жетеді.

Тәрбиеші:

-Балалар шаңырақ ҚР мемлекеттік рәміздерінің қайсысында киіз үйдің қандай сүйегі біздің рәміздерімізде бейнеленген?

-Шаңырақ.

-Дұрыс, балалар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi, қазақтар үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi екен.
Тәрбиеші:

Киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен – жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы.Киіз үйдің атқарған қызметі мен рөлі өте зор.

Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.

Қол шапалақтау” ойыны

Егер “Киіз үй жабдықтарын” айтсам қол шапалақтау, басқа заттарды айтсам аяқ топылдату.

Сөздер: кереге, машина, тақта, уық, шаңырақ, қарлығаш, дәптер, сықырлауық.

Тәрбиеші: Балалар біз бүгінгі сабағымызда не білдік, не үйрендік. Ненің құрлысымен таныстық?
- Киіз үйдің қандай құрал – жабдықтарын білдіңдер?
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар, біз бүгінгі ашық оқу қыметінде өздеріңіз көріп отырғандай киіз үй туралы мәлімет алдық. Олай болса бүгінгі тақырыпқа сай сабағымыздың соңын мына өлең шумағымен аяқтаймын.

Киіз үй дөп-дөңгелек,

Жыққан кезде он бөлек.

Тіккен кезде топ етіп,

Қона қалар дөңге кеп.

- Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін көп, көп рахмет!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2025
330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі