
Мұғалімі: Заматдин Арай Махмудқызы
Сыныбы: 3
Тақырыбы: Кітап – білім көзі.
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу,
кішіпейілдік.
Мақсаты: Оқушыларға кітап- білім көзі екенін түсіндіре отырып, ақиқат
құндылығының мәнін ашу
Ескерту
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
5. Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
3. Сабақтың дәйексөзі.
«Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған.
Ы. Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса
көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам
қайраткері
Сұрақтар:
1. Білім адамға не үшін қажет?
2. Өзіңе белгісіз нәрселерді естігенде қандай күйде боласың?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Қарқын
Қ.Толыбаев
Бір күні тал түсте демалу үшін үлкен ағаштың
көлеңкесіне жиналып отырған бір топ адамдардың
үстіне Әбунасыр келіп қалады да:
– Жұмыстарың қарқынды болсын, жігіттер! –
деген тілек айтады. Данышпан ғұламадан жақсы
сөз, жылы лебіз естіп, құштарланған жігітердің
біреуі:
–
Әбу Насыр Әл-Фараби. (870 - 950 ж. )
Шын аты –Махмұт.
Мәртебелі ұстаз, – дейді зор ілтипатпен. Бізге анықтап түсіндіріп беріңізші, қарқын деген
не?
– Әбунасыр көлеңкеге тоқтап, малдас құрып отырады да, әлгі жігіттердің бетіне
күле қарап, жауап қайырады: Қарқын – адамның жасаған әрекетінің нәтижелі болуы үшін
өзінің күш-қайратын іркімей жұмсап талпынуы.

– Ал әрекет неден пайда болады?
– Әрекет – білуге құштарлықтың, білімді болудың түп қазығы. Адам өз әрекетінің
нәтижесіне тек білім арқылы жете алады.
Отырғандар ғұламаның сөзі көкейлеріне қонғандай, ойға шомып қалысты.
Әбунасырдан жігіттер не жайлы сұрады?
Қарқын дегенді қалай түсінесіңдер?Оны қайда және қандай іске жұмсау керек?
Ойлаған мақсаттарыңа жету үшін не істер едіңдер?
Сендер өз қарқындарың мен мақсаттарыңды қандай істерге жұмсайсыңдар?
6. Топпен ән айту.
«Ұстазым»әні
7. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды
өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін
қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде
тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде
өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз...,
қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.