400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көксерек" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Әуезовтің "Көксерек" әңгімесінде оқушылар мәтін мазмұнын түсініп, жаңа сабақ бойынша түрлі тапсырмалар орындайды
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алтынай Ғарифуллина Тұрғалиқызы

«Көктем» қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі















Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сыныбы: 7 «ә» сынып

Сабақтың мақсаты: Жазушының табиғат тақырыбымен адамдар тағдырын қатар суреттеген көксерек әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекетіне, автордың көзқарасына бойлау.

Білімділік: М.Әуезовтың  «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасау;

Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың өту әдісі: СТО әдіс-тәсілдері, сұрақ-жауап, талдау, іздену

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов портреті, қасқыр суреті, көксерек кинофильмінен үзінді, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс:тарих

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

 Армысыздар, алқалы топ, қадірменді көрермен! Тікелей эфирде «Жамбыл –ТВ» бағдарламасы! Сіздермен бірге мен, Ғарифуллина Алтынай. Бүгінгі бағдарламаны әзірлейтін арнамыздың меншікті тілшілері – 7 «ә» сынып оқушылары.

Олай болса арнамыздан көретіндеріңіз

  1. Білгірлер бәйгесі (үй тапсырмасын тексеру)

  2. Жарқын бейне (Мұхтар Әуезов туралы шолу-дерек)

  3. «Заң және біз» ( Сот алаңындағы кездесу)

  4. Жедел хат

  5. «Күндіз студияда» («Симпозиум» әдісі)

  6. Ауа райы

Басты жаңалықтарға тоқталып өтсем:

Қараадырдың елсіз сайында мекен етіп жатқан көкжал қасқырлардың 5 күшігі өлтіріліп, олардың екеуі аман қалды.Әрине бұл адамдардың ісі. Алайда бірі сол сайда қалдырылып, екіншісін адамдар ит қылып асыраймыз деп өздерімен бірге алып кетті.Ары қарай ол күшіктің халі не болар екен? Келесі бағдарламалардан көре аласыздар.

Оқушылар біз Көксерек әңгімесін оқыдық.

Енді кинода қалай бітетін еді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Білгірлер бәйгесі» (Оқушылар жәшікте жасырылған сұрақтарға жауап береді)

ІІІ. Жаңа сабақ «Жарқын бейне». Авторы кім еді?Олай болса «Жарқын бейне» тақырыбында деректі фильм көрейік. Бағдарлама жүргізішісі, тілшіміз Сәуле Ахметова. IV. Жаңа сабақты бекіту.

Кинода Көксерек Құрмашты өлтіреді. Ал одан кейін Көксерек тағдыры қалай болар екен? Оны «Заң және біз» бағдарламасынан көре аласыздар. Техникалық үзілістің себебіне орай арнамызға келіп түскен хаттар легімен таныстырып өтейін. (Оқушылардың Құрмашқа жазған хаттары оқылады)

V.Қорытынды. Келесі бөліміміз «Күндізгі студияда» бағдарламасы. «Симпозиум» әдісі

Автор - оқиғаны баяндап, сипаттап, мазмұнын айтып береді.

Редактор – автордың баяндаған ойының мазмұнына, оқиғалардың байланысу ретіне, жүйелілігіне көңіл бөледі.

Сұрақ қоюшы – оқиға ішінен алып, авторға сұрақ қояды.

Сарапшы – сұрақ қоюшы мен автордың сұрақтары мен жауаптарына пікір айтады.

Академик – жалпы жасалған жұмыстың бағасын айтып, қорытынды жасайды.

Рефлексия. Сыныптың оқушылардың көңіл күйі калай болды екен? Олай болса «Ауа райымен таныс болыңыздар!

Біз сіздермен қоштаспаймыз. Жалпы бүгінгі бағдарламаны қорыта келе, күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі — табиғат екенін ұмытпауымыз қажет.

Тіршілік иесіміз бәріміз де,

Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.

Сақтайықшы табиғат заңдылығын

Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!



VI.Үйге тапсырма. «Көксерек – табиғатың тағы перзенті» шығарма жазу

VII.Бағалау















































Жамбыл атындағы орта мектебі




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі