400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Көкшетау табиғаты 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен сабақ беретін ұстаздар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ/ ортақ тақырыптар: Қазақстандағы туризм және экотуризм

Көкшетау табиғаты


Мектеп: Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы


Күні: 16.03.2018

Мұғалімнің аты- жөні: Идирисова Айна Алтыбаевна

Сынып: 8

Қатысқандар: 15

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

ӘТН5 8.4.5.1.Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады:

Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін мәтіннен табады, пунктуациялық нормаға сай ажыратады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтін бойынша сөйлем құрау кезінде қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдана біледі.

Бағалау критерийі

Қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін білу және қолдану

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Тыныс белгілерін ажырата алады, дұрыс қолдана біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Экскурсия, экотуризм

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша...

Сіздің пікіріңізше...

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қазақстандық туризмге көзқарасыңыз қандай? Қазақстандық туризмді қалай дамытуға болады?

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік Ел»идеясы негізінде рухани құндылыққа баулу, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету

Пәнаралық байланыс:

Георафия,әдебиет,музыка,тарих

Алдыңғы білім:

5 минут

«Сұрақ ілмегі» әдісі оқушының ойын ашық білдіруіне мүмкіндік туғызады.Оқушы сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық айта алады.Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады.Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады.

ЖОСПАР


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

7 мин

«Көзбен көру айғағы» әдісі. Интерактивті тақтадан бейнематериал көрсетіледі.Сол бойынша жаңа сабаққа болжау жасалады.

Оқушылар бейнематериалдан көрсетілген суреттер бойынша «Бурабай», «Жұмбақтас», «Оқжетпес» топтарына бөлінеді.


Интерактивті тақта, бейнематериал


Ортасы

20 мин

Ж.«Дауыстап оқу» әдісі.

Берілген мәтінді дауыс ырғағына келтіріп оқы.Тыныс белгілері қатар тұрған орындарға көңіл аудар.

(Бұл әдіс оқушыларды дұрыс тыңдауға ынталандырады. Оқылым, тыңдалым дағдылары

қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды)

Арқада жер жетпейді Бурабайға, Бөленген бұйра сыпсың қарағайға. Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға Бөлектау «Ой, бауырым!» дер анадайда. Оқжетпес найза қия –қыранға ұя, Қарасаң жанның шері тарамай ма? Солардың ортасында Бурабай көл, Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек, ұқсайды Айға. Бурабай - Арқа аралы, жер еркесі, Ертеде қоныс болған Абылайға. Бауырында Бурабайдың қалың ағаш, Көкшенің жалыменен біткен жалғас.

Жиналған өңшең бөрі Бурабайға, Алаштың кебесіндей ізгі жайға. Батырлар бұғаудағы арыстандай, Абылай тұңғиық бір терең ойда. Бәрі де ел қорғаны –батыр, билер, Аттанбай тек жатудан таппай пайда: «Жүрелік, жау басынар!» -деген сөзбен Салады Қанай биді Абылайға. Би Қанай: «Бұ қалай?» деп бастағанда, Абылай сұрайды одан: «Баян қайда?» «Қанайым,ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой Батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның аруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян? Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат Баянсыз қанатымды қалай жаям?!

Дескриптор:

Дауыс ырғағын сақтап оқи алады.

Қабаттасып келген тыныс белгілеріне көңіл аударады.

ҚБ. Қолдау формасы: Ым-ишара



ТЖ. «Креативті ойлаймын, жазамын» әдісі

1-топқа:Сөйлемдерді айтылу мақсатын өзгертіп, қуаныш, ризалық сезімдерін білдіретіндей етіп құра.

2-топқа:Тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

3-топқа:Сөйлемдерді хабарлау, әңгімелеу мақсатына айналдырып жаз.

Дескриптор:

Сөйлемдерді қуаныш,ризалық сезімдерін білдіретіндей етіп құрап жазады.

Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазады.

Сөйлемдерді хабарлау, әңгімелеу мақсатына айналдырып жаза алады.

ҚБ. Қолдау формасы: «Керемет!», «Өте жақсы!», «Жарайсыңдар!»

ЖЖ. «Айырмашылығы неде?» әдісі

Оқушыларға 2 түрлі сурет (шетелдік туризм, қазақстандық туризм) көрсету

Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау.Жауаптарын дәлелдеп отырулары керек.

Дескриптор:

Өз ойларын дәлелдеп айта алады, айырмашылықтарын ажыратады.

ҚБ. Қолпаштау сөздері: «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Мәтіндер














































Мәтіндер














Суреттер






Соңы

13 мин

Бір минуттық әңгіме»әдісі арқылы жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөлісе алады.

-Қазақстандық туризмге көзқарасыңыз қандай? Қазақстандық туризмді қалай дамытуға болады?

(Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді.)


Кері байланыс








Қосымша ақпарат

Жалпы қазақстандық туризм туралы қосымша мәлімет қарау және экотуризм туралы тың ақпараттар әкелу






Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіреміз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс – денсаулық жəне

қауіпсіздік, АКТ-

мен байланыс,

құндылықтар мен

байланыс (тəрбие

элементі)

Әр оқушының мүмкіндіктеріне қарай тапсырмалар беріп, білім алушыларға бірдей зейін аударып, жаңа тақырыпты түсінуіне жағдай жасаймын.

Қабілетті оқушылар мәтін бойынша сөйлем құрау кезінде қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдана біледі.

Оқушы білімін әр тапсырма сайын қалыптастырушы бағалау арқылы жүргіземін.Білім алушылар бірін-бірі бағалайды, өзін-өзі бағалайды.

Пәнаралық байланыс: георафия, әдебиет, музыка, тарих

Интерактивті тақтадан бейнетаспа көрсетіледі.

«Мәңгілік Ел» идеясы негізінде рухани құндылыққа баулу, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету

Рефлексия.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарлаған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Бүгінгі сабағымның мақсаты мен оқу міндеті орындалды.Білім алушылар сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білуге төселді.Сабақ барысында жұптық, топтық, жеке жұмыс түрлеріне сай әдіс- тәсілдерді қолдандым.Уақытымды тиімді пайдалануға тырыстым. Жоспарыма ешқандай өзгеріс енгізген жоқпын.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Дауыстап оқу»әдісі оқушыларды дұрыс тыңдауға ынталандырып, оқылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастырады.

2. Оқушылар сурет бойынша жұмыс жасап, шетелдік туризм мен қазақстандық туризмнің айырмашылықтарын ажыратады.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)

1.Драмалық шығармалардан үзінді келтіру арқылы сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілерін өздігінен қою.

2.Білім алушының қатты қуанған кезін еске түсіріп, сол сезімдерді тиісті тыныс белгілерін қоя отырып, жазбаша суреттеуі.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.Көкшетау- демалыс орны.

2.Қазақстанның ішкі туризмінің бүгінгі жетістіктері




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
446
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі