жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: Көктем сәні 1 сынып
|
САБАҚ: ІІІ тоқсан |
Жарқайын АББ «Н.Крупская атындағы жалпы білім беру орта мектебі»КММ Қазақ тілі пәні мұғалімі:Альжанова С.Р. |
||||||
|
Күні:10.03.2021ж |
|
||||||
|
Сынып: 1В |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||
|
Бөлім: Сабақтың тақырыбы |
Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті. Көктем сәні |
||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу 1.5.2.1 Әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазу .Ұ дыбысымен танысамыз. |
||||||
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: ертегі кейіпкерлерін атай алады,рөлін. Оқушылардың көпшілігі: осыға дейін үйренген ертегілерді атай алады,тірек суреттер бойынша ертегі мазмұнын айта алады. Кейбір оқушылар:ертегі мазмұнын өз сөзерімен айта алады |
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларды дамыту. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: таза, жылы, сән, су жаңбыр Сабақтағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл Қандай ертегі білесің? Ол қалай аталады? Ол не туралы? Қандай кейіпкерлерді білесіңдер? |
||||||
|
Жоспар |
|||||||
|
Уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Оқушының іс-әрекеті |
Дереккөздер |
||||
|
Сабақтың басы 1мин.
3мин.
Қызығушылығын ояту.4мин.
3мин./сөздік/
|
Амандасу.Психологиялық ахуал.
-Балалар, бүгін сабаққа Алмабек келіпті.Ол сұрақтарың ала келіпті. Алмабек: - ... Сен ертегі білесің бе? -Бұл қандай ертегі? -Дұрыс. Ал басты кейіпкерлері кім? -Жарайсын!
Ал балалар қазір тақтаға шығайық. Шағын диалог. -Сен ертегі білесің бе? -Иә, мен ертегі білемін. -Қандай ертегі білесің? -«Мақта қыз бен мысық», «Кішкентай балапан». Тамаша! Смайликтермен бағалаймын.
Ал енді тақтаға назар аударайық. -Балалар, қалай ойлайсындар, бұл қай мезгілі/ какое время года/? -Дұрыс балалар, Көктем мезгілі. -Тақтада не бейнеленген? Весной красиво? -Балалар, бүгінгі біздің ертегіміз «Көктем сәні» «Красота Весны» Бүгін Көктем сәні неде екенің білеміз. Сегодня узнаем в чем же красота Весны, будем отвечать на вопросы кім? Не? Қандай?неше? және Ұ дыбысымен , әріппен танысамыз. Жаңа сөздермен таңысайық: Таза-чистый (-ая,ое) Жылы-теплый (-ая,ое) Сәні -красота Жаңбыр-дождь Су-вода Күн-день «Сиқырлы сандық» ойыны. Алмабек бізге сиқырлы сандық әкеліпті.Кәне бәріміз бірге айтайық :Сиқырлы сандық ашыл! Ішінен ертегі шашыл! |
Амандасу.Психологиялық ахуал.
Алмабек: -Иә, білемін. -«Мақта қыз бен мысық». -Мақта қыз, мысық.
Екі бала шығып сұхбаттасады: -Сен ертегі білесің бе? -Иә, мен ертегі білемін. -Қандай ертегі білесің? -«Мақта қыз бен мысық», «Кішкентай балапан».
Балалар тақтаға қарайды: -Это весна! -Көктем!/дауыстап айтады/ -Гүлдер, жылғалар, құстар. -Да ,красиво!
Балалар сабақтың мақсатымен танысады.
Жаңа сөздерді дыбыстап айтады. Сөз, сөз тіркесін айтамыз. Таза су Жылы жаңбыр
Балалар дауыстап: -Сиқырлы саңдық ашыл! Ішінен ертегі шашыл. |
Смайликтермен
бағалау
Бейнежазбада сабақтың мақсаты.
|
||||
|
Сабақтың ортасы 5мин
1мин./сергіту/ |
Мағынаны тану кезеңі. Т. Балалар , қазір мұқият тыңдаймыз. -Қандай кейіпкерлер кездесті? Арыстан, қасқыр, піл, аю, түлкі, қоян. -Арыстан не деп сұрады? -Көктем сәні не? - Ал енді балалар бұл ертегіні түсіну үшін «тірек сөздерді» пайдаланайық.«Суреттер сөйлейді» ойыны бірнеше рет қайталау Оқушыларға сурет көрсету.
2-тапсырма
«Ойлан –тап» ойыны Берілген суреттерге сұрақтар қояды. Мысалы: су қандай? Қ.Б шапалақ Сергітусәті : Көңілді күн -Балалар бұл не? Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? Жұмбақ.Загадка. Құс сияқты құс емес. Самғап ұшқан биікке. Қанаты бар қақпайды, Жүрсе де сондай биікте. /Ұшақ/ -Ұшақ сөзінің басында қандай дыбыс естіп тұрмыз? -Ұ дыбысын естіп тұрмыз. -Бүгін біздің танысатын сиқырлы әрпіміздің аты Ұ Енді дыбыстық айтылуына мән берейік. Ұ ұұұұ қалай айтылып тұр? Созылама? Поется? -Иә егер әңдетіп созылса, қандай дыбыс болғаны? -Дұрыс дауысты дыбыс болғаны. Ұлан, ұшақ, сұр, жұлдыз. Ұ дыбысы сөздің басында, ортасында келеді, ал соныңда кездеспейді. Алмабек «Сиқырлы рюкзак» әкеліпті. Кәне не бар екен? Сұрақтарға жауап берейік. Кім? Не? Неше? Қандай? Номер 2 дәптерлерімізді ашамыз. Ұ әрпін жазып үйренейік мұқият тыңда. Үлкен жолдын ортасынан сәл төмен қаламынды қой .Солдан оңға қарай доға етжазу жолының үстінгісызығына дейін көлбеу сызық түсіріп ол сызықты оңга қарай қиғаш үлкен жол ортасына қарай созамыз да төмен көлбеу түзу сызығын түсіреміз.Жазу жолдын төменгі сызығына жеткен сон оңға қарай бұрыш саламыз.Жазу жолдың ортасында солдан оңға дейін белдік бастырамыз. ДЕСКРИПТОР:1 Ұ әрпін дұрыс, көркем жазады. . 2.сөздерді дұрыс жазады. |
Мағынаны тану. Ертегі тыңдайды. «Сиқырлы саңдықтан» кейіпкерлерді алып шығып тақтаға орналастырады. Келесі балалар: таза су, жылы жаңбыр, жылы күн, әдемі гүлдер, әдемі ағаштар деген сөз тіркестерін алып аңдардың қасына іледі де сұраққа жауап береді. Оқушылар: -Көктем сәні не? -Таза су -Жылы жаңбыр -Әдемі ағаштар Әдемі гүлднр -Жылы күн. 2-тапсырма. Балалар сұрақтарға жауап береді. 1.Су қандай? 2.Жаңбыр қандай? 3.Гүлдер қандай? 4. Ағаштар қандай? 5.Күн қандай? -Бұл әліппе -42 әріп бар. Жұмбақты тыңдайды шешеді. Құс сияқты құс емес. Самғап ұшқан биікке. Қанаты бар қақпайды, Жүрсе де сондай биікте. /Ұшақ/ -Ұ дыбысы. Поется, значит гласная-дауысты. Сөздерді дауыстап қайталайды. Ұ-дыбысы. Ұлан, ұшақ, сұр, жұлдыз. Балалар 2 дәптерлерін 7 бетте ашады 1,2,3-тапсырмаларды орындайды. |
Оқулық Аудио- диск 6.7.1 Кластер Бағалау: «Басбармақ»
Оқулық Бағалау: «Шапалақ» Би, музыка Әліпби Жұмбақ Ұ әрпі Дауысты дыбыстар ауылы. Дәптер. Дескриптор.
|
||||
|
Сабақтың соңы |
Қорыту. 105 бет 4-тапсырма. Арыстанның сұрағы. -Балалар көктем сәні не? Кері байланыс. «Бағдаршам » әдісі. Смайликтер тарату . |
Балалар сұрақтарға жауап береді. -Көктем сәні таза су, жылы күн, әдемі гүлдер, әдемі ағаштар, жылы жаңбыр. Кері байланыс. «Бағдаршам» әдісі.
|
|
||||
шағым қалдыра аласыз










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген