Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Көктем сәні" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем сәні әдебиеттік оқу пәніне құрылған сабақ жоспары 3 сыныпта өткізілді.Аріптестерім өте жақсы деген баға берді.Осы сабағымды жас мамандар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Темір ауданы №4 Шұбарқұдық орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Қуанышбек Әлия Көпжанқызы

Пәні: Әдебиеттік оқу Тақырыбы: «Көктем сәні» ертегісі Сабақтың  мақсаты: 
       Ертегінің мазмұнын түсініп, мағынасын ашуға ,еркін сөйлей білуге үйрету.
       
Сөздік қорын , логикалық ойын, актерлық қабілетін  дамыту.
       Табиғатты қорғауға, әсемдікті қадірлеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
 Міндеттері:
  –      үй тапсырмасына жауап беру;
–     
    жазба жұмыстарын сауатты орындау;
–     
    ертегінің мазмұнын түсіп оқу ;
–     
    ертегідегі жануарларды ажырату;
–     
    ертегінің  мағынасын ашу ;
–     
    диалогтың не екендігін түсіну ;
–     
    табиғаттың  аң – құстарына   қамқор  болуға  тәрбиелеу.
 Көрнекілік:
 Бейнетақтамен  сабақ өткізу, аңдардың суреттері, сызба.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Типі: жаңа сабақ

 Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың назарын сабаққа аудару  Үй тапсырмасын сұрау Ілияс Жансүгіровтың «Жазғытұрым өлеңін» жатқа айту, мағынасын сұрау. «Көктем» тақырыбына шығарма жазған шығармасын оқыту.
Білімдерін тексеру:
Өлеңде көктемнің қандай белгілері жайлы айтылған.

Саған көктем мезгілі ұнай ма?
Несімен ұнайды?
 Сабақтың барысы:
Жаңа сабақ түсіндіру 
Қызығушылығын ояту. 
Қар мұз еріп, 
Су көбейіп, 
Сай салаға ағады. 
Бүршік шашып, 
Жапырық ашып 
Гүл, бәйшешек басады, 
Бөбектерім, айтыңдаршы, 
Бұл қай кезде болады? 
Күн жылы болады 
- Балалар біз бүгін «Көктем сәні» ертегісімен танысамыз. 
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? 
- Көктемде жан – жануарларда қандай өзгерістер болады? 
- Аюлар түлейді. Аю, борсық ұйқыдан тұрады. Бұғылардың мүйіздері түседі. Мүйіздерден әр түрлі дәрілер жасалады. 
- Ақбөкен, бұғы, елік, арқар, бұлғын – «Қызыл Кітапқа» енген аңдар. Бұл аңдарды аулауға болмайды, мемлекет қамқорлыққа алған. Бұлғын – терісі бағалы аң. Ол жылы жақта, орманды жерде тіршілік етеді. Бұл жануар азайып кеткендіктен, оны аулауға тыйым салынған. 
- Көктем мезгілі бір ғажайып ертегіге ұқсайды. Ал ертегі дегеніміз не? 
- Қиялдан туған әңгіме 
- Ертегілер әр түрлі болады: 
1. Қиял - ғажайып ертегілер 
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілер 
3. Шыншыл ертегілер. 
- Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыз хайуанаттар жайлы ертегілерге жатады. 
Аңдар туралы жұмбақ жасыру. 
1. Тойды баққан, 
Қойды қаққан. (Қасқыр) 
2. Күндіз – түні ерінбей, 
Үйді жүрер күзетіп. (Ит) 
3. Екі жеңдей құлағы, 
Дыбыс сезіп тұрады. 
(Қоян) 
4.Жақпар тастың өркенінде, 
Секіреді құламай, 
Қия құздың өр төсіне, 
Орғып шығар ол оңай. (Арқар) 
5 Сайқымазақ құлағы бар, 
Барған жерде ұрлығы бар, 
Бұл қандай аң? (Түлкі) 
6. Төбесінде қу бұтақ, 
Алар екен кім бұтап? (Бұғы) 
7. Мұрны насос, кран да, 
Таң қаламын, бұл аңға! (Піл) 
- Балалар, осы аталған аңдардың барлығы бүгінгі біздің өтетін ертегіміздің басты кейіпкерлері екен. 
«Көктем сәні» ертегісін оқыту. 

Постер қорғау
Мәтінді өз бетінше оқытып, топ ішінде талқылау

1-топ. Ертегі түрін анықтау, дәлелдеу

2-топ. Мәтіннен Қызыл Кітапқа енген жануарлардың сөзін тауып оқу

3-топ. Мәтіннен аңдардың сөзін тауып оқу

Ролге бөліп оқу

Сахналау
Сергіту сәті: 

Дәптермен жұмыс

Кеспе қағаздар
Сұрақ – жауап бойынша жұмыс 
1. Арыстанға бұлғын не деп жауап берді? 
2. Аңдар неге риза болды? 
3. Өздерің көктем сәні не деп ойлайсыңдар? 
4. Ертегіден бұлғынның Арыстанға жауап берген сөзін тауып оқу. 
Y. Сабақты бекіту 

Оқушылардың білімін тексеру мақсатында  сызбаны толтыру.
 Мұғалім алдын-ала даярланған күлтелерді гүлдің айналасына орналастыруды сұрайды.
Бұл күлтелердегі  сөздер аңдардың көктем  сәні  дегеніміз  не  сұрақтарының  жауабы.

Мұғалімнің сөзі
1.Бүгін қандай тақырып өттік?
2. Ертегі сіздерге ұнады ма?
3. Өзің осы гүлді тағы қандай гүл шоғымен толтырар едің?
4. Көктемде тағы қандай өзгерістер болады?

 Үйге тапсырма
1.Ертегіні оқу, әңгімелеу.
2. Көктем мезгіліне сурет салу.
3.Бағалау, мадақтау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
804
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12