Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Көлеңке театры "Күшік, мысық және тышқанның достығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің әр түрлі іс - әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру. Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту. Балаларды татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілікке имандылық тәрбиесін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық театрландырылған қойылымы.


Көлеңке театр:

Тақырыбы: "Күшік, мысық, және тышқанның достығы".

Мақсаты: Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің әр түрлі іс - әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру.

Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту.

Балаларды татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілікке имандылық тәрбиесін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: Ертегі кейіпкерлерінің бейнесі. Доп, аудиотаспа.

Ертегі мазмұнын көлеңке театры арқылы әңгімелеу,сахналау.


Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Кішкенекөл ауылынан шыққан автобус "Күншуақ" бөбекжай бақшасының аялдамасына келіп қалды.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біз балабақшаға келіп қалыппыз.

Көрермендер көп жиналыпты.

"Балдаурен" тобында көлеңке театр қойылымы болады екен. Ертегі көргілерің келе ме?!

Барлығы бірге: ия.

Ғажайып сәт: Сиқырлы абдра. (ішінде үй жануарларының суреттері)

Абдраны ашу үшін сиқырлы сөздер айту:

Ра-ра-ра ашыл абдра (2 рет) Абдра ашылады (музыка )

Үй жануарлардың көлеңкесін тауып ,балалар орындарына жайғасып отырады.

-Сәлеметсіздерме, құрметті балалар, қонақтар.

Сендерге "Күшік, мысық және тышқан достығы" ертегісі бойынша көлеңке театрын дайындадық. Көңіл қойып тамашалаңыздар .


Автор: Бір ауылда күшік болыпты, оның үйнің жанында үлкен шарбақ қоршалған. Ол түнде ұйқысы келмей аспанға, айға қарап жұлдыздарды санайды екен.

Міне, аспанда жұлдыз көрінді, күшік жұлдызды қуып, әрі -бері жүгіріп шаршап, үлкен шарбақтың жанына келіп тіреледі, жұлдыз шарбақтың аржағына ұшып түсті, енді мен оны қуып жете алмаймын деп ұйықыға кетеді.

- Күн шығып айнала шуағын шашып таң атты.

Күн шуағы күшікті оятып жібереді.

Күшік:

«Ав - ав» мен күшікпін,

Күшікпін күшікпін

Түні бойы жатпаймын,

Тыныштықты сақтаймын. «Ав - ав»

(ерсыл-ғарсыл жүгіредіде аяғын ағашқа ауыртып алады)

Ой - ой аяғым, аяғым, аяғым - ай,

Мысық:

«Мияу - мияу» бұл кім, кімсің? А күшік екенсің ғой, не болды? соншама айқайлап.

Күшік: «Ав - ав» мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш кіріп кетті, мені құтқаршы аяғым ауырып тұр. «Ав - ав» жалынамын.

Мысық: Жоқ мен сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың. Аяғыңдағы ағашты алып сені құтқарсам мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын ля - ля - ля мияу – мияу.

Күшік: Мысық кешірші енді мен саған тиіспеймін, мені құтқаршы, «Ав - ав».

Мысық: Жарайды онда мен сені құтқарайын.

Күшік: Рахмет! Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық, мен саған тиіспеймін.

Мысық:

«Мияу - мияу» кел екеуміз ойнайықшы менде доп бар.

Добым менің, добым менің.

Өзің неткен көңілді едің,

Зымырайсың, зуылдайсың.

Бірақ бізден құтылмайсың.


Мысық: «Мияу - мияу» мен шаршап кеттім қайтайықшы.

«Күшік» «Ав - ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық.

Мысық: «Ля - ля - ля - ля» (әндетіп екеуі күшіктің үйіне барады.)

Мысық: Ой, үйің қандай әдемі, жайлы керемет екен.

(сол кезде тесіктен тышқан шыға келеді)

Мына тышқан қайдан шықты?, тоқта мен сені ұстап аламын да жеп қоямын. А, бәлем ұсталдың ба?

Күшік: Мысық, жіберші тышқанды, ол да қонақ мен де саған тиіспеймін ғой, дос болыңдар.

Мысық: Жарайды күшік, мен енді тышқанға тиіспеймін.

Тышқан: «Шиқ - шиқ» рахмет күшік, мен қатты қорқып кеттім. Ендігі жерде бәріміз дос болайық.

(Тышқан мен мысық қол алысады. Барлығы қосылып ән айтады "Дос болайық бәріміз")


ІІІ. Балалар, ертегі ұнады ма сендерге?

Сұрақ жауап: Не туралы айтылды ертегіде?

Біз барлығымыз бір бірімізбен тату тәтті, дос болайық. Бар керегі бізге-достық!

Мадақтау, сыйлық тарату.

Ертегімізді жақсы тыңдағандарың үшін көп-көп рахмет! Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар.

(ертегілер әуені ойнайды)







"Күншуақ" бөбекжай бақшасы











Ашық театрландырылған қойылым

көлеңке театры


Shape1 «Балдәурен» ІІ кішілер тобы


Тәрбиешілер: Муканова Р.К.

Темирханова А.Ж.




















2019 ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
4443
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12