жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Көлік түрлері"
«№38 ЖОББМЛ»КММ
Толық күнді шағын орталық «Қарлығаш-2» тобында ашық ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті
тақырыбы:«Көлік түрлері»
тәрбиеші:Турдугулова Д.Ш.
Семей қаласы
2020жыл
«Қарлығаш-II» II-ші кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Тәрбиеші: Турдугулова Д.Ш.
Күні:
Білім беру саласы:Қатынас.
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы:« Көлік түрлері»
Мақсаты: Көліктерді атап олардың қызметін әңгімелей білуге үйрету, сөздік қорларын молайту, заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету, тілдерін дамыту.
Сөздік жұмыс: Жедел жәрдем, өрт сөндіретін көлік, су сепкіш машина, қар күрейтін машина, нан таситын машина.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивация-лық-қозғаушы-лық |
Қайырлы күн қонақтар,бүлдіршіндер! Балалар бүгінгі іс-әрекетімізді сәлемдесуден бастайық: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Қайырлы күн балалар Қайырлы күн қонақтар! |
Сәлеметсіз бе-деп балалар амандасады.
Балалар шаттық шең-берге тұрып бір-бірі-мен сәлемдеседі.
|
|
Ұйымдасты-рушылық ізденістік |
Балалар енді ортаға шыгып шаттық шеңберін құрайық.Балалар қараң-даршы менің колыман не көріп тұрсыңдар? Оны қайда орналастырамыз?
-Енді барлығымыз ортаға шығып киіз үйдің құрылысын құрастыра-йық.
-жақсы,балалар,енді орнымызға отырайық. -Айтыңдаршы,балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде неше ай бар? -қандай айлар?
-Қыс айында қандай өзгерістер болады?
-Балалар біздің бүгінгі оқу-іс әрекетіміз көліктер жайлы болады,көлік дегеніміз не? -Ол адамдарға не үшін қажет екендігін білетін боламыз. Көлікті адамдар алыс жерге қатынас жасау үшін пайдаланған екен.Көліктің үш түрі болады:әуеде ұшатын көлік,жерде жүретін көлік,суда жүзетін көлік. Балалар енді көгілдір экранға назар аударып көліктің түрлерімен танысайық. Жақсы балалар енді кім көліктер туралы тақпақ айтып, жұмбақ жасырады екен.?Қараңдаршы балалар менің қолымдағы стаканда кофе таяқшалары тұр.Әр таяқшада сендердің аттарың жазылған.Таяқшалардың арасынан біреуін аламын. Кімнің аты шығады ,сол бала жұмбақ жасырып, тақпақ айтып береді. Келістікпе балалар? Айым сенің атың шықты, қане жұмбақ жасыра ғой!
Су үстінде кемемен Кесіп өттік толқынды . Қос күрекпен есіп ап Су көлігі зырғыды
Жақсы Айым рахмет.Балалар Айым бізге не туралы айтты.
Ислам бізге жұмбақ жасырамын дейді. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды. Бұл қандай көлік балалар?
Рахмет Ислам. Енді Рахила да жұмбақ жасырамын дейді.
Қос күрекпен еседі, Су көлігі деседі.
Балалар Әміре де бізге тақпақ айтып бергісі келіп тұр екен. Қане тыңдайық: Досым маған ойыншық Машинасын сыйлады. Дөңгеленіп аяғы Асыр сала зырлады.
Тамаша Әміре! Рахмет. Отыра ғой.
Енді балалар барлығымыз мына ғажайып әлемге назар аударайықшы.Не көріп тұрмыз?
Мен осы үш әлемге өз көліктерін орналастыра алмай тұрмын. Балалар сендер маған көмектесесіңдерме?
Рахмет балалар сендер маған өте жақсы көмектестіңдер
Балалар шаршадық па?Олай болса сергіту сәтін жасап демалып алайық. Орнымыздан тұрамыз, Қанатымызды жаямыз. Ұшақ болып ұшамыз, Суда жүйткіп жүземіз. Кемелерді тіземіз, Автобусқа мінеміз.
Жақсы балалар орындарыңа отыра қойыңдар.
Осы кезде есік қағылады. Балалар бізге бағдаршам пошташы апайдан хат беріп жіберіпті.Қане ішін ашып оқыйықшы не жазылған екен?
-Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің шамдарым сынып қалды.Оларды қалпына тезірек келтірмесем, көшеде көлік кептелісі мен жол апаты болуы мүмкін.Менің шамдарымды қалпына келтіруге көмектесесіңдерме? Онда балалар шығармашылык орталығына барып бағдаршамның көздерін қалпына келтірейік. Алдияр барып бағдаршамның көздерін апарып,орнатып береді. -Балалар,енді,осы бағдаршам бізге не үшін керек екендігін білемізбе?
-Біз қалада тұрғандықтан бір жерден екінші жерге бару үшін,автобуспен,машинамен жүреміз.Ал,жақын жерлерге жаяу жүреміз.Сондықтанда бағдаршам көшедегі қозғалысты реттеп отырады екен. Балалар,бағдаршамның неше көзі болады?
-Қандай-қандай? -Әр түстің қандай қызметі бар?
-Ал, енді балалар бағдаршамның қандай қызмет атқаратынын қонақтарға көрсетейік: бірінші топ жаяу жүргіншілер боламыз; ал, екінші топ жеңіл көліктер боламыз. Екі топта,бағдаршамның көздері-нің жануына байланысты өздеріне берілген тапсырмаларды орындап,жолда жүру ережесін қонақтарға көрсетеді. -жақсы балалар біз үнемі осы ережені есте сақтап жүрейік! Балалар бағдаршам сендерге риза-лығын білдіріп,алтын сандыққа сыйлықтар салып,беріп жіберіпті. -Енді мен сендерге соны үлестіріп берейін! Жарайсыңдар балалар! Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды.Келген қонақтармен қоштасайық. |
-Шаңырақ -Киіз үйдің үстіңгі бөлігіне Бір шаңырақтың астындамыз, шаңырағымыз шайқал-масын,еліміз тыныш болсын! Балалар қыс мезгілі деп жауап береді. -үш ай бар -желтоқсан,қаңтар, ақпан -Күн суытып,аяз-боран болады ,жылы киімдерімізді киеміз. Балалар теледидардан көлік түрлерін тамашалап танысады. Иә-деп балалар жауап береді. Кеме туралы дейді Автобус Қайық-деп балалар жауап береді -Суды, аспанды ,жерді көріп тұрмыз. Иә Балалар әр көлікті өз әлемдеріне орналастырып, көмектеседі. Балалар орындарында тұрып сергіту сәтін жасайды. Балалар орындарына отырады. -иә Балалар қағаздан бағдаршамның көзін жасап,жабыстырады. Алдияр барады. Балалар иә деп жауап береді. -Бағдаршамның үш көзі болады-деп балалар жауап береді. -қызыл,сары,жасыл. -қызыл жанғанда тоқтаймыз;сары жанғанда жүруге дайындаламыз,ал жасыл жанғанда жүреміз. Балалар екі топқа бөлініп көрсетеді. Алақай!-деп балалар қуанады. Сау болыңыздар-деп балалар қонақтармен қоштасады. |
|
Рефлексия-лық түзетушілік |
-Балалар сендерге бүгінгі өткен оқу іс-әрекетіміз ұнадыма? -Несімен ұнады? |
Балалар иә деп жауап береді. -Көліктің түрлерімен және бағдаршамның қызметімен таныстық. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:көшеде жүретін көліктер және бағдаршам туралы мәліметті.
Игереді:Көліктердін атқаратын қызметі мен бағдаршамның қызметі.
Меңгереді:Көлік түрлерін ажыратуды.
Тексерілді:
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген