жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Көміртек және кремний" 10 сынып
Сабақтыңтақырыбы: Қышқылдар жіктелуі, алынуы,
қолданылуы, химиялық қасиеті.
Оқыту
мақсаты:
Білімділік: Қышқылдардың құрамы, алынуы,
жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан тірі табиғат
құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану
туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық:Оқушылардың қызығуы,
ынта-қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы
айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге
үйрету.
Тәрбиелік:Оқушылардың бірлесіп жұмыс
жасауына, бір-бірінің пікірін тыңдап құрметтеуге, баға беруге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: демонстрациялық
сабақ
Сабақтың
әдісі: Интерактивті оқытудың кешенді
әдісі
Көрнекілігі, қажетті құрал-
жабдықтар: Плакат, маркер, стикерлер,
тірек сызба слайды, құрамында табиғи қышқылдары бар тағам үлгілері:
алма, лимон,сүт айран, сірке суы, слайд
Пәнаралық
байланыс: биология, қазақ әдебиеті,
экология, математика.
Сабақтыңбарысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Графикалық тест арқылы үй тапсырмасын қайталау
-
Мағынаны тану (жаңа сабақ)
-
Тәжірибе жасау
-
Кім зерек?
-
Үйге тапсырма
-
Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, оқушыларды топқа бөлу (сурет салғызу арқылы).
ІІ. «Графикалық тест».(үй тапсырмасын «Негіздер» тақырыбы тест бойынша тексерілді, оқушылар дұрыс жауап арқылы бірін-бірітексеріп білімдерін бағалайды).
|
№ |
Сұрақтар |
Иә |
Жоқ |
|
1 |
Негіздер үш топқа жіктеледі |
+ |
|
|
2 |
Негіздер оттекті, оттексіз болып бөлінеді |
|
+ |
|
3 |
Суда еритіндер – сілтілер |
+ |
|
|
4 |
Негіздер - екі элементтің біреуі оттегі болып келетін қосылыстар |
|
+ |
|
5 |
Негіздер жай заттар |
|
+ |
|
6 |
Негіздердің күйдіргіш қасиеті бар |
+ |
|
|
7 |
Сілтілер қышқылдармен әрекеттеседі |
+ |
|
|
8 |
Негіздер тұздармен әрекеттеседі |
+ |
|
|
9 |
Ерімейтін негіздер қыздырғанда айырылады |
|
+ |
|
10 |
Негіздер - метал атомымен бір немесе бірнеше гидроксотоптармен байланысқан күрделі заттар |
+ |
|
ІІІ. Мағынаны тану (жаңа сабақ). Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі. Әр топ сол тапсырмалар бойынша постер қорғайды.
Негіздер тобына Қышқылдардың жіктелуі
Қышқылдар дегеніміз -
құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейімсутек
атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі зат
(жұмысдәптерлеріне анықтаманы жаздыру).
Негізгі белгісі: қышқыл дәм және
күйдіргіш.
ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
-
-
Қышқылдар сонымен қатар сутек атомының санына байланысты бір,екі,үш негізді болып бөлінеді.
Бірнегізді
Екі негізді
Үш негізді
HNO3HCl
H2SO4H2S
H3PO4
Кейбір қышқылдардың құрамында оттегі болса, ал кейбіреуінде оттек элемент жоқ.
Осы белгісіне байланысты қышқылдарда 2 топқа жіктейміз:
Оттекті
Оттексіз
HNO3H2SO4H3PO4
H3PO4H2SHBr
-
Оксидтер тобына Қышқылдарды
алу.
1)Оттекті қышқылдарды алу.
1)4P+O2═2P2O5
P2O5
+3H2O═2H3PO4
(Демон.тәжірибе арқылы фосфор қышқылын алу)
2)SO2+H2O═H2SO3
3)SO3+H2O═H2SO4
2)Оттексіз қышқылдарды алу үшін ( S,CI,Br )сияқты бейметалдарды
тікелей сутекпен әрекеттестіреді
H2+CI2═2HCI –хлорсутек. Оларды суда
ерітіп қышқылдар алады.
Қышқылдардың пайда - зияны:
1)Медицинада бор және тұз қышқылдары қолданылады.
Сүт және азоттың концентрлі ертіндісі сүйелдерді күйдіруге
қолданылады.
2)Өнеркәсіпте шикізат есебінде және автокөлік аккумуляторларында
күкірт қышқылы қолданылады.
3)Тұрмыста сірке суы, лимон қышқылы қолданылады.
Зияны:
1) Концен.қышқыл ағзаға түссе мүшені бұзады.
2)Қоршаған ортаны ластайды.Себебі олар
тотықтырғыштар.
Тұздар тобына Қышқылдардың қасиеттері мен қауіпсіздік ережесі
1. Белсенді металл +қышқыл→ тұз+сутек газы
2. Белсенді металл оксиді +қышқыл → тұз+су
3. негіз+қышқыл→ тұз+су
4. Тұз+қышқыл→тұз+су+көмірқышқыл газы
Қышқылмен жұмыс
істегенде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау
керек!
Қышқыл ерітіндісінде түсін
өзгертетін заттар индикатор деп аталады. «индикатор» латынша
—«көрсеткіш» мағынасын береді.
Химия сабағында зертханалық жұмыс жасаған кезде: № 1 ереже «заттардың дәмін көруге болмайды»! № 2 «Қышқылға су құюға болмайды». Қышқылдар күйдіргіш болып келеді (тәжірибемен көрсету). Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%-к ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек.
Қышқылдармен жұмыс істеу ережесімен таныстық енді ары қарай жүре беруге болады.

1.лакмуста қызарады. 2.сары метилоранжда қызарады 3.фенолфталейнде түсін өзгертпейді.
ІV. Қышқылдардың химиялық қасиеттерін жақсы түсіну үшін химиялық тәжірибелер жасаймыз.
1-тәжірибе: Белсенді металл +қышқыл→ тұз+сутек газы
2- тәжірибе: Белсенді металл оксиді +қышқыл → тұз+су
3-тәжірибе: негіз+қышқыл→ тұз+су
4-тәжірибе:
Тұз+қышқыл→тұз+су+көмірқышқыл газы
V. Алған білімді
бекіту.
«Кім
зерек?»( жұмыс дәптерлеріне
орындайды)
Тапсырма № 1
Берілген заттардың ішінен қышқылдарды теріп жазыңдар, оларды ата.
HBr, NaHSO4, CuO, H2SO4, Ca3(PO4)2, HNO3
Тапсырма № 2
Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестір. Реакция типін анықта:
Mg +
Br2
...
Al2O3
+ НCl
...
Cu+ Н2SO4
...
BaCl2
+
Н2SO4
... .
VІ. Рефлексия.
|
1. Мен үйрендім... |
|
|
2. Мені таң қалдырды... |
|
|
3. Мен үйренгім келеді... |
|
VІІ. Бағалау. Әр топ бірін-бірі бағалайды және мұғалім оқушыларды жалпылама бағалайды.
V ІІ. Үйге тапсырма: §47
Баға алу үшін:
«3»-1,3 жаттығу
«4»- 4,6 жаттығу
«5»- 7,9 жаттығу
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген