Материалдар / Ашық сабақ Компьютер адам сияқты ойлана ала ма?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Компьютер адам сияқты ойлана ала ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беріп жүрген әріптестеріме керек болар деп салып отырмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
927
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6-Бөлім:«Қиял әлемі»

Мектеп: «№17 «Түркістан» ЖОМ КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Туребаева Лаззат Каскыровна.

Сынып:5

Қатысқандар: 22

Қатыспағандар: жоқ

Сабақтың тақырыбы:

Компьютер адам сияқты ойлана ала ма?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

5.ӘТН4.3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Мәтіннің мазмұнын түсіну.


Оқушылардың басым бөлігі орындай алады:

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтау. Сын есімдердің шырай түрлерін ажырату.


Оқушылардың кейбірі орындай алады:

Грамматикалық – лескикалық нормаларды сақтау, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану.

Бағалау критерийі

-Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

-Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

-Грамматикалық – лескикалық нормаларды сақтау, сын есімнің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін таниды.

Ойлау деңгейі

Түсіну. Қолдану

Құндылықтарға баулу

Ынтамақтастық. Жағымды өзара әрекет пен ынтымақтастық атмосферасын құру.

Пәнаралық байланыс

Информатика,әдебиет

Алдыңғы білім

Қилядан туған фильмдер туралы ой толғау жазу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. «Ыстық тілек» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларға қиялдан туған фильм суреттерін беремін. Суреттер арқылы өз ойын айтып үш топқа бөлемін.

1-топ: Гарри Потер

2-топ: Ертөстік

3-топ: Керқұла атты Кендебай




1-тапсырма «Ой козғау» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау мақсатында ашық сұрақтар беремін.


  1. Қазіргі таңда өзімізге жақын қандай фильмдерді көреміз?.

  2. Басты кейіпкерлер кімдер?

  3. Қиялдан туындаған фильмдер несімен ерекше ?

4.Қиялдан туған фильмдердің ішінен кандай кейіпкердің іс-әрекеті ұнайды?


Дескриптор

  1. Қиялдан туған фильмдерді атайды, басты кейіпкерлерді біледі.

  2. Қиялдан туындаған фильмдердің ерекшелігі туралы айтады.

  3. Өз ойларын жеткізеді

ҚБ: «Бірін-бірі» бағалау.


Фото суреттер

1-топ: Гарри Потер

2-топ: Ертөстік

3-топ: Керқұла атты Кендебай


AutoShape 2


Сабақтың ортасы


15 минут






























10 минут














7 мин

Тыңдалым 2-тапсырма  Т.Ж. «Сөздер банкасы» әдісі арқылы «Компьютер адам сияқты ойлана ала ма?» деген мәтінді интернет желісі арқылы тыңдатамын. Тыңдалған мәтіннен ақпаратты анықтап, сұрақ құрастыру.


Компьютер дегеніміз не? Бұл –ақпарат және мәліметтермен жұмыс істейтін электронды құрылғы. Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз.

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш, есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. «21 ғасыр- компьютер ғасыры» деп атап, айдар тағуымыздың өзі осыны дәлелдеп отыр. Өкінішке орай, кез келген өркениеттің екі жағының болатыны бар. Біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжуы болса, екінші жағынан рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді.

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Дескриптор:

-Мәтінді мұқият тыңдайды;

-Жалпы ақпарат алады, ой түйеді;

-Түсінгенін топта ойын еркін жеткізе қорғайды, сұрақтар құрастырады.

ҚБ: «Өзін-өзі» бағалау


Жазылым барысында 3-тапсырма. ТЖ. «Кім жылдам?» әдісі бойынша кеспе қағазды таратамын. Берілген жадағай мәтінен сын есімдерді, салыстырмалы шырайға айналдырып, грамматикалық-лексикалық нормаға сай жазу.

Бораш бір ақ құба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен.

(Бораш бір ақ құбалау ғана, қағілездеу, қыз мінезді бала екен.)

Дескриптор

  1. Мәтінмен танысады.

  2. Сын есімдердің шырай түрлерін ажыратады

  3. Сын есімнің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тани отырып, грамматикалық-лексикалық норманы сақтай отырып жазады.


ҚБ: «Топтық» бағалау


Айтылым 4-тапсырма:ЖЖ «Қарлы кесек» әдісі арқылы нақты ақпаратты табады, оқиды, сұрақтарға жауап береді.

  1. Компьютер мен адам жайлы не айтасыңдар?

  2. Компьютер адам сияқты ойлана ала ма?

  3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін түсіндір?

Дескриптор

-Нақты ақпаратты табады, оқиды;

-Негізгі ақпараттағы сұрақтарға жауап береді;

-Сын есімнің шырай түрлерін ажыратады;

ҚБ: «Өзін-өзі» бағалау

















45 мин сабақ

Интербелсенді тақта


























А4 мәтін жазылған қима қағаздары

Жұмыс дәптері





















Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс:

«Болжау ағашы» арқылы үш түрлі түсті ағашқа стикерді іледі.

Rectangle 1

Түсінбедім

Rectangle 2 Жартылай түсіндім

Rectangle 6

Түсіндім



Үйге тапсырма

«Компьютер адам үшін қажет пе?» Эссе жазу (120 сөз)


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыс; денсаулық және қауіпсіздік, АКТ- мен байланыс,

Құндылықтармен байланыс (тәрбие

элементі)

Оқу мақсатыа жету үшін саралау жүргіздім.Тапсырма бойынша саралаудың түрін пайдаландым.Оқушылар мәтінді тыңдап,жалпы ақпарат алды.



Берілген жадағай мәтінен сын есімдерді, салыстырмалы шырайға айналдырып, грамматикалық - лексикалық нормаға сай жазады Бұл саралаудың ресурс немесе мәтін бойынша түрін пайдаландым.Бұл қабілетті оқушылар үшін пайдаланған саралаудың түрі.


«Бірін-бірі», «Топтық», «Өзін-өзі» бағалау. «Болжау ағашы» арқылы үш түрлі түсті ағашқа стикерді іледі














Информатика, әдебиет Пәнаралық байланыс. АКТ-мен жұмыс кезінде техникалық қауіпсіздік сақталады. Ынтамақтастық. Жағымды өзара әрекет пен ынтымақтастық атмосферасын құру құндылықтармен байланыс

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!