жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Көңіл сұрауды білемін. Жолбарыс пен түлкі (Ертегі) 2 сынып
Күні: 25,01,2020ж. Сабақтың тақырыбы: Көңіл сұрауды білемін. Жолбарыс пен түлкі (Ертегі) |
Мұғалімнің аты-жөні: Кабдуалиева Б.К.
|
||||||
СЫНЫП: 2«б»
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.1.3.1 - шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау 2.2.7.1 - мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу 2.3.3.1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну
|
||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Көркем сурет |
||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||
Ұйымдас тыру 2 мин
Үй тапсырмасы 8мин
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» тренинг Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі сабақ барысы, Біз үлкен отбасы.
Топтарға бөлу.
Сыбызғысын тартқан.(қасқыр)
Жүрген жері айқай, шу.(түлкі) 3. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар, Айбаты жан шыдамас үндері бар. Жолбарыс
Кір жаятын жіпте аңдардың суреттері ілінеді, таңдап алған аңдар арқылы топқа бөлінеді: 1-топ Қасқыр 2-топ Жолбарыс 3-топ Түлкі 4-топ Аңдар
Топ ережесімен таныстыру - Топта бір-бірін тыңдау, сыйлау - Тәртіпсіздік көрсетпеу - Мұғалімді мұқият тыңдау - Топта бір-біріне көмектесу - Қол көтеріп жауап беру - Өкпешіл, ашушаң болмау - Тапсырмаларға ойланып, нақты жауап беру - Дауыс көтеріп сөйлемеу Мақсаты: ұжымда сыйластық атмосферасын орнату.
Үй тапсырмасын бекіту. Ашық сұрақтар (ҰЖ)
Қ.Б: «Жұлдызша» Жұлдызшаның суретін бояу арқылы бағалау. Жасыл жұлдызша – Өте жақсы! Сары жұлдызша – Жақсы! Қызыл жұлдызша – Нашар. Дескриптор: 1. Өлеңнің авторын, мазмұнын айта алады. 2.Қысқы және ауылдағы еңбек түрлерін ажыратады. Мақсаты: уақытты үнемдеу, нақты, қысқа жауап алу
«Бейнефильм» әдісі. Бейнежазба көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, хабарлау. Тағы қандай ертегілер білесіңдер? Дескриптор: 1. Зейін қойып тыңдайды. Мақсаты: Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту
Білу және түсіну. «Миға шабуыл» әдісі (ҰЖ) Халық шығармалары дегеніміз не? 1. шешендік сөздер 2. өтірік өлеңдер 3. жырлар 4. жұмбақ 5. мақал-мәтелдер 6. жаңылтпаштар 7. ертегілер
Ертегі дегеніміз не? Халық ауыз әдебиетінің атадан балаға ауыз екі сөйлеумен жеткен әдеби өнердің бірі.
Ертегі қалай басталады? (Оқушылардың жауап нұсқасы тыңдалады)
Ертегі нешеге бөлінеді? Үшке бөлінеді: қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл ертегілер.
Тақырыбына қарап бүгінгі оқитын мәтінді ертегінің қай түріне жатқызуға болады? Хайуанаттар туралы ертегі. Дескриптор: 1. Халық шығармаларын атай алады. 2.Ертегінің түрлеріне ажыратады. 3. Тақырыбына қарап болжам жасай алады. Қ.Б: «Басбармақ» әдісі. Сыныптастарының бағалауы Мақсаты: қысқа уақытта сыныптың жаңа сабақты меңгеруге деген дайындығын анықтау; белсенділігі төмен оқушыларды ынталандыру. |
Қасқыр,жолбарыс, арыстан,түлкі эмблемаларын алады
|
|||||
Жаңа білім 10 минут
|
Жаңа тақырыппен танысу. Тыңдалым: Оқулықпен жұмыс Ендеше балалар аудиожазба тыңдайық. Көңіл сұрауды білемін. Жолбарыс пен түлкі (Ертегі) Дескриптор: 1.Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Мақсаты: айтылған ойды толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге үйрету.
Оқылым: «Тізбектей оқыту» әдісі арқылы мәтінді тізбектеп оқу. Дескриптор: 1. Жылдам оқи алады. Қ.Б: «Жарайсың! Тек алға!» Мұғалімнің ауызша бағалауы Мақсаты: мәтіндегі астарлы ойды анықтау; шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу; зерттеп оқу; сыни тұрғыдан бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
Айтылым: Ертегі мазмұнын қысқаша айту 1.Бір күні жолбарыс сырқаттанып қалыпты. 2.Барлық аңдар оны көңілін сұрау үшын барады. 3.Тек түлкі келмейді, қасқыр түлкінің сыртынан өсек айтады. 4.Жолбарыс түлкіні алып келуді бұйырады. 5.Түлкі жолбарыстың ауруын емдейтін дәрі табады. 6.Жолбарыс оған риза болды. Дескриптор: 1. Ертегінің мазмұнын түсінеді. 2.Мәтіннің бөлімдерін сақтап мазұнын айта алады. Мақсаты: мәтінге қатысты ойын білдіру; қорытынды пікір жасау; зерттеушілік (анализ, синтез); ақпаратты өңдеу дағдыларына үйрету.
Талдау. «Болжау» әдісі (ТЖ) Жолбарыс пен түлкі ертегісін қалай болжап аяқтар едіңдер? (Әр топтың жауап нұсқасы тыңдалады) 1. Түлкі үш аяғымен қиралаңдап келе жатқан қасқырды көреді. 2.. Түлкінің қасқырға былай деді. Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді. Дескриптор: 1.Ертегі мазмұнын толық түсінеді 2. Мазмұнын толық жеткізеді. 3. Болжай отырып, ертегіні аяқтайды. Қ.Б: «Менің көңіл-күйім» әдісі. Смайликтермен бағалау Мақсаты: оқушылардың ой-қиялынан туындаған шығармасын көркем әдеби тілмен жеткізе білуге үйрету. |
Оқулық, мәтіндер.
аудиожазба
|
|||||
Ортасы 10 минут
Сергіту сәті 2 минут |
Жазылым. Қолдану. «Ой қозғау» стратегиясы (ӨЖ) «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» Кешкі мезгілде ауырып жатқан адамның көңілін сұрауға болама? Дескриптор: 1. Нақыл сөздің түсіндірмесін жаза алады. Қ.Б: «Жұдырық- алақан» Ашық алақан, үщ саусақ, жұдырық арқылы өзін-өзі бағалайды. Мақсаты: тақырыпты аша білуге; өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуге; өз көзқарасын дәлелдеуге бағыттау. Сергіту сәті. «Бас, иық, тізе, аяқ»
«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі. (ТЖ) 1-топ Мәтінді рөлге бөліп сахналау 2-топ Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру. (басқалары жауап береді) 3-топ Венн диаграммасы (қимақағазға жазып, жабыстырады, тақтаға іліп оқиды) 4-топ Мәтін бойынша сурет салу (тақатаға іліп, қай бөлімі екенін айтады) Дескриптор: 1. Рөлдерді анықтай алады,сахналайды 2.Тірек сызба бойынша салыстырады, мазмұны бойынша сұрақ құрады.
Қ.Б: «Жетістік сатысы» Мұғалімнің бағалауы Мақсаты: топтаұйымшылдықпен шығармашылық жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуге үйрету; белсенділіктерін арттыру. |
Бейнежазбадағы қимылды қайталайды
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
|
|||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 6 минут |
Қалыптастырушы бағалау. «Сөйлемді толықтыр» әдісі (ӨЖ) 1................................ сырқаттанып қалды. 2.Қасқыр ................................ сыртынан өсек айтты. 3.Жолбарыс ............................ алып келуді бұйырады. 4...................... айту жақсылыққа жеткізбейді. Дескриптор: Ертегіге сүйеніп толықтырады.
Жинақтау. «Сиқырлы барабан» әдісі (ТЖ) ТАЛҚЫ СЕБЕПШІСІ (мәтіннің негізгі ойын анықтау) БЕЛГІЛЕУШІ (мәтін бойынша сұрақтар құрастырады) БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ (мәтіндегі мәселені бүгінгі күнмен байланыстыру) ҚОРЫТЫНДЫЛАУШЫ (мәтін бойынша қорытынды ой айту) Ауырып жатқан досыңның көңілін сұрай бардың дейік. Не апарасың? Қандай жылы сөз айтасың? Мақсаты: оқушылардың мәтіндегі негізгі ойды толық түсінгендігін анықтау; сабақты қорытындылау. Бағалау: «Күн жүйесі» арқылы жекеленген оқушыларды бағалау |
«Сөйлемді толықтыр» әдісі парақшасы
|
|||||
Кері байланыс 2 минут |
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
|
Ауызша |
|||||
Үйге тапсырма: рөлге бөліп оқу, дәптермен жұмыс. |
|||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайыма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
||||||
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? |
Сабақ мақсатына жетті. |
|
|||||
Бүгін оқушылар не білді? |
Ауырғанға көңіл сұрау туралы білімдерін толықтырды |
|
|||||
Сыныптағы ахуал қандай болды? |
Оқушылар белсенді жұмыс жасады |
|
|||||
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? |
Әдіс-тәсілдер, бағалау, АКТ мүмкіндіктері тиімді жүзеге асырылды |
|
|||||
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? |
Уақыт шеңберінде үлгердім. |
|
|||||
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Өзгерістер еңгізілген жоқ, жоспарға сай жүргізілді. |
|
|||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Жұптық жұмыста белсенді жұмыс табысты болды 2: Оқушылардың өзара, топтық бағалаулары / бағалау себептерін нақты айта алды/
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуы 2: АКТ технологиясының қолданылуы/караоке, өлең-тыңдалым, слайд-таныстырылым/
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген