Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Көңілді қыс. Қысқы ойындар 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгілі туралы,табиғат өзгерістері туралы, қысқы ойындар туралы білімдерін тиянақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Көңілді қыс. Қысқы ойындар

Мақсаты

Білімділігі : Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, сұраққа нақты жауап берып, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.

Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Бір-бірімен қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау, ойын.



Алдын-ала жұмыс: тақпақтар жаттау, ай аттарын жаттау.

Көрнекілігі: Қыс суреттері (слайд), аққала, үлестірмелі суреттер,кеспе әріптер,қар,мұз..




Іс-әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1.Мативациялық қорғаушылық












2.Топқа бөліну












3. Ой шақыру





















4. Ғажайып сәт






































5. Үлестірмелі материалмен жұмыс.


6.Оқулықпен жұмыс.



1Ұйымдастыру

1.Балаларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.

Сәлемдесу.

-Балалар бүгін бізде ерекше күн.Қане орнымыздан тұрып,мұғалімдермен амандасып алайық.

-Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз.

Здравствуйте, Гуд афтенун

Балалар үстелдің үстінде суреттер бар.Өздеріңе ұнаған суретті ала қойыңдар.Қолдарыңда қандай сурет болса сол топқа барып отыра қойыңдар.Балалар 3топқа бөлініп отырады.



1топ-Қар

2топ-Шырша

3топ-Шана


Тәрбиеші қыс туралы жұмбақ жасырады.

Шанамен зырғып желетін,

Коньки , шаңғы тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?

Балалар Қыс мезгілі.

-Жарайсыңдар, балалар!Қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?


Балалар; Қар жауады,аяз болып боран соғады.

-Жарайсыңдар балалар!Енді қыс айларын атайықшы.

Балалар;Желтоқсан-декабрь-десембэ

Қаңтар-январь-джануари

Ақпан-февраль-февруари

-Керемет, жарайсыңдар! Өте тамаша!

Ғажайып сәт

Мен аққала, ақ бала

Келіп қалдым бақшаға

Екі көзім қап-қара

Көргін келсе сен қара

-Сәлеметсіздерме балалар?

- Сәлеметсіз бе аққала?

- Балалар бәрің тамаша болып өсіпсіңдер. Тақтаға қараңыздар, қар жауып тұр. Балалар далада ойнап жүр. Сендер білесіңдер ме, қыста қандай ойын түрлері бар?

- Шанамен ойнаймыз, коньки тебеміз, қардан аққала жасаймыз.

- Балалар кім қыс туралы тақпақ біледі?

Тақпақтар:

1.Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып-жылтыр болып жатады.

2. Балалар шықты далаға

Ойнап күліп жүр енді

Шаналармен озады

Аққаланы соғады

3. Біз тебеміз сырғанақ

Таудан төмен сырғанап

Бір шанада екеуміз

Құламайды екенбіз.

-Ой балалар көп-көп рахмет. Балалар мен сендерге құр келген жоқпын, қызықты тапсырмалар, ойындар әкелдім.

Әр топтың алдына конвертке салынған суреттердің қиындылары беріледі. Сол суреттерді құрастырып, суретке байланысты сөйлемдер құрау.

1-топ. Қардың суреті

2-топ. Аяз атаның суреті

3-топ. Шананың суреті.


6.Оқулықпен жұмыс.

19 бетпен жұмыс.


1топ.Суретпен жұмыс.

Балалар ойнап жүр.

Марат шаңғы теуіп жүр.

Болат шанамен сырғанап жүр.


2топ.Ребус шешу.Кеспе әріптермен жұмыс жасайды.(Шана)


3топ.»Не артық ?» тапсырмасы.

Қысқы ойынға жатпайтын ойын құралын табу.(доп)



Бірге жаттайық»Қыс»


Келді-дағы қыс,

Дала аппақ түс.

Қос аяқта шаңғымыз,

Дөңге шықтық бәріміз.(2рет)




Сергіту сәті. Али мен Айя.

«Қыс туралы ән»

-Балалар алдарыңда екі түрлі зат берілген.Салыстырып көрейік.


-Қардың түсі қандай?

-Қар мұздай ма, жылы ма?

-Қар жұмсақ па, қатты ма?

-Ал мұздың түсі қандай?

-Мұз жылы ма, мұздай ма ?

-Мұз қатты ма, жұмсақ па?

-Мұзда қандай ойындар ойналады?

-Коньки тебеді, хоккей ойнайды.

-Қардан не жасауға болады?

ққала жасайды.


Аққала:-Балалар мен қарлы боранда досымды жоғалтып алдым.

. Маған дос тауып беруге көмектесесіңдер ме?

Балалар: - Ия

-Ендеше мына бөліктерді құрастырып көрейік.

Тәрбиеші:

  • Аққала неден жасалады?

  • Қардан жасалады.

  • Қардың түсі қандай?

  • Ақ

  • Қар мұздай ма жылы ма?

  • Мұздай

  • Аққала неше бөліктен тұрады?

  • 3 бөліктен тұрады.

  • Оның бөліктерінің пішіндері қандай?

  • Дөңгелек

Аққала: -Ой балалар рахмет. Мен енді жалғыз емеспын, достарым көбейді. Маған арнап жасаған аққалаларына, орындаған тапсырмаларына, тақпақтарың үшін рахмет. Мен енді қайтайын. Сау болыңдар.


Қорытынды бөлім

Балалар Аяз атамыз бізге дорбасын беріп жіберіпті. Ол өзі бізге келу үшін көп күн жүреді. Сондықтан дорбасын беріп жіберіпті. Сабаққа жақсы қатыстыңдар. Ендеше мен сендерге жұлдызшалар таратып беремын.



Балалар енді қонақтарымызбен қоштасайық.

-Сау болыңыздар.

- До свидания

- Good bye













Сәлемдесу





Топқа бөліну






















Диалогтік сөйлеу





























Тақпақ айтады
















































Қимылмен жасайды


























Аққала құрастырады











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2018
2420
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12