Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Көңілді сандар Мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері мен жас мамандарға әдістемелік көмегін тигізетіне кәміл сенемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№4 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі












(мектепалды даярлық сынып)












Бастауыш сынып мұғалімі:

Сархад Майгул





Теміртау қаласы

Сабақтың тақырыбы : Көңілді сандар

Сабақтың мақсаты :

1.10-ға дейін реттік санауға , сандардың орналасу реті ,математикалық есептері туралы білімдерін кеңейту , пысықтау , толықтыру .

2.Геометриялық денелерді ажырата білуге , «ұзын-қысқа» , «жуан –жіңішке», «биік-аласа» т.б.с.с ұғымдарды салыстыруды, ойлау қабілеттерін дамыту , білімге деген құштарлығын арттыру.

3.Осы алған білімдерін өмірде дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : өткенді қайталау .

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап , топпен жұмыс , ойын .

Көрнекілігі : суреттер , геометриялық фигуралар , бетперде ,сандар, интеративтік тақта.

Пәнаралық байланыс : тіл дамыту , бейнелеу өнері , ән-күй .


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру: Психологиялық жаттығу :


Армысыз, қайырымды Аспан –ата !

Армысыз , мейірімді Жер-ана !

Армысыз, шұғылалы Алтын күн !

Амансыз ба , достарым ?

Амансыз ба , мұғалім ?


2.Жаңа сабақ .а) кіріспе : «Ормандағы аңдар» ойыны

-Қазір бізге қай сабақ ?( Қызықты математика).

-«Қызықты математика» пәннен нені үйрендік ?

-Олай болса, қазір біз «Ормандағы аңдар» ойыны арқылы апта аттарын дұрыс атайық.

1-ші күні Дүйсенбі 2-ші күні Сейсенбі 3-ші күні Сәрсенбі

4-ші күні Бейсенбі 5-ші күні Жұма 6-ші күні Сенбі 7-ші күні Жексенбі .

-Бүгін аптаның нешінші күні ? Қалай аталады ?

-Жарайсыңдар.

-«Ормандағы аңдар» ойыны арқылы апта аттарын дұрыс атап,сиқырлы тақтаның көмегімен сабағымызды бастайық .

ә)негізгі :

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көңілді сандар» саяжайға қош келдіңіздер .

-Саяжайда нелер өсіп тұрады ?

-Саяжайда нелер ұшады ?

-Жарайсыңдар, біз 3-топқа бөліп отырайық .

-1-ші топ «Көбелектер» 2-ші топ«Гүлдер » 3-ші топ«Саңырауқұлақтар»

- Балалар ,сендер мына суретте нені көріп тұрмыз ?

- «Алисаның бастан кешкендері»атты мультфильмдегі кейіпкерлерді кейіпкерлерді көріп тұрмыз.

-Мультфильмдегі негізгі кейіпкерлеріміз кімдер еді ?

- Қоян Алисаға кезіккен кезде үнемі қандай сөзді айтады ?

-Қоян «Көңілді сандар» саяжайдан өту үшін көптеген кедергілерден көмек сұрайды ,көмектесеміз бе ,балалар ?!

«Он саусақ »қимылды ойыны:Сандарды ретімен атау

Саяжайдың бірінші есігі : « Менің орнымды тауып берші »

3,6,5,7,2,4,8,10,0,9,1

Сергіту сәті :


Біз аяқпен топылдаймыз,

Біз қолмен шапалақтаймыз ,

Баспен біз шайқаймыз,

Қолды жоғары көтереміз ,

Одан кейін түсіреміз,

Одан кейін ақырын ,

Орнымыздан жүгіреміз .

Саяжайда «Баспалдақтан өту»ойыны. Қимылмен орындау

«Кім жылдам »ойыны.( Геометриялық денелерді жинау)

1-ші топ «Көбелектер» 2-ші топ«Гүлдер »

3-ші топ«Саңырауқұлақтар» ●.


Саяжайдың екінші есігі : «Сандар жырлайды»(тіл дамыту)

1)Бақшаға

Жақсы аға

Көп-көп

Ойыншық

Келді алып:


2)Пеш үстінде 5 мысық, 3)1мұрын,1ауыз, 4) 3 кіші ішік піштім,

Пеш ішінде 5 пысық , Ауызда тіл жалғыз. 5 кіші ішік піштім,

5күзетші-5пысық, 2 қол , 2аяқ, Неше кіші ішік піштім?

2көз, 2құлақ.


5) 1,2,3, 6)4,5,6,7, 7) 8,9,10

1,2,3, 4,5,6,7, 8,9,10

Ал ,кәнеки ұш. Мынау ауыл шеті Ал ,кәнеки қон.


Саяжайдың соңғы есігі : «Өлшемдер»(бейнелеу өнері)

-«Ұзын-қысқа », «үлкен-кіші » , «жуан-жіңішке», «алдында –артында , бетінде», «қасында-жанында», «оң жақ-сол жақ », «жоғары-төмен », «биік-аласа» т.б.с.с ұғымдарды қимылмен келтірейік.

1-ші топ «Көбелектер» «Ұзын-қысқа »

2-ші топ«Гүлдер » «жуан-жіңішке»

3-ші топ«Саңырауқұлақтар» «биік-аласа» ұғымға байланысты суреттер салайық .

Сабақты бекіту: (Судоку ойын)

-Балалар, «Көңілді сандар» саяжайдағы тапсырманы орындай отырып, қоянға көмектестік, қоян қоштаспас бұрын өзінің іштей ойлап судоку ойын арқылы торкөздегі жасырын санды тауып беруге тырысайық.

-0-10 дейін тура және кері санайық.

DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 1 4

DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5




4 1


Сабақты қорытындылау : Хормен айту «Санамақ»әні

-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ?

-Сиқырлы тақтадағы қоянымыз кімдермен бірге жеңісін тойлап жатыр ?

- Қоянның жеңісін құттықтап ,барлығымыз «Санамақ» атты әнімізді айтып берейік.

-Осымен қызықты математикадағы «Көңілді сандар» сабағымыз аяқталды.

Мадақтау


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
2159
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12