жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Көпір жасау 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Көпір жасау
Мақсаты: Көпір жасау жаттығуларын меңгерту.
Міндеттері:
А) Білімділік: Көпір жасау әдістерін көрсету, үйрету;
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін дамыту;
Б) Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Құрал- жабдықтар: Гимнастикалық төсеніш, ысқырық, секундомер; Байланысы: физика
№ Сабақ мазмұны Уақыт Әдістемелік нұсқау
І
ІІ
ІІІ
Дайындық бөлімі
Сапқа тұру. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын айту.
Саптағы жаттығулар. Оңға! Солға! Айнал!
2. Денені қыздыру: жүріс, жүгіру арқылы.
2.1 Жүріспен орындалатын жаттығулар:
а) қол жоғарыда аяқтың ұшымен;
ә) қол желкеде аяқтың өкшесімен;
б) қол белде табанның сырт жақ қырымен;
в) қол белде табанның ішкі қырымен;
г) қол алдыда жартылай отырып жүреміз;
ғ) аяқ – қолды сілку.
2.2 Жүгіруде орындалатын жаттығулар:
а) қол белде оң жақ бүйірмен тіркеме адыммен;
ә) қол белде сол жақ бүйірмен тіркеме адыммен;
б) қол алдыда тізені жоғары көтеріп жүргізу;
в) қол екі жанда төменде аяқты артқа сілтеп жүгіру;
г) қол артта аяқты артқа сілтеп жүгіру;
ғ) залдың оң жақ қабырғасынан жылдамдықпен жүгіру;
д) арқамен алдына қарап жүгіру;
е) жүріс пен демалысты қалпына келтіру. Жұппен жасалатын жаттығулар жиынтығы:
І. Бастапқы қалыпта қол ұстап, бір-біріне қарама – қарсы тұрады (2-4 рет):
1. Қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артқа ұстау;
2. Бастапқы қалыпқа келу екінші аяқпен де осылай жасау, осы жаттығуды кезекпен орындау.
ІІ. Бастапқы қалыпта қолдарын төмен ұстап бір – біріне арқаларымен тұрады: «Б», «А»-ның қолының басынан ұстайды. (2-4 рет)
* Сол аяғының ұшымен жанға қояды, оң қолды жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді;
* Бастапқы қалыпқа келу. Екінші жаққа да осылай жасау. ІІІ. Бастапқы қалыпта қолдарын бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама – қарсы тұрады, аяқтарының арасы алшақ ұсталады
* Алға қарай серпіле түрде еңкею;
* Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасау, осылай істеу.
ІҮ. Бастапқы қалыпта қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-бірлеріне арқаларын беріп тұрады.
Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю;
1. Бастапқы қалыпқа келу. Екінші аяқпен де осылай жасау.
Ү. Бастапқы қалыпта қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру
1. Жартылай отыру;
2. Бастапқы қалыпқа келу.
ҮІ. Бастапқы қалыпта табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстап, еденде қарама-қарсы отырады. Сол аяқты жоғары көтеріп, созып ұстайды;
1. Бастапқы қалыпқа келу. Оң аяқтан осылай жасау. ҮІІ. Бастапқы қалыпта табандарын тіреп, аяқтарын алшақ қойып, бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқаяды;
1. Бастапқы қалыпқа келу;
2. Екінші жаққа еңкейіп, шалқаю. ҮІІІ. Бастапқы қалыпта «А» тізерлеп отырып, сол қолын алда, оң қолын жоғары ұстайды; «Б» оған қарама-қарсы оң аяғын алға салып тұрады, оң қолымен «А»-ның сол қолын ұстайды; 1-2 артқа қарай шалқаю, 3-4 бастапқы қалыпқа келу.
Негізгі бөлім.
Статистикалық қалыптарды – көпір жасау, баспен тұру, шатқа жартылай және толық отыруды үйрену оқушылардың бір-біріне көмек беру арқылы іске асады. Бұл тәсілдерді меңгергеннен кейін, оларды әрқайсысы өз беттерімен орындауларына болады. Көпір жасап тұру үшін екі аяқты алшақ қойып, жамбасты ілгері жіберіп шалқайғанда, бас пен екі қолды артқа қарай қатар иіп, қолды жерге тіреу керек. Көпірде 3 секунд тұру керек.
Оқушылардың сабаққа дайындығына, спорт киіміне, көңіл бөлу.
Басты, денені, қолды түзу ұстап жүрулерін қадағалау.
Денені тік, қолдарын дұрыс қойып ұстауларын, дұрыс демалуын қадағалау денені түзу, жаттығуды сан арқылы орындау). Қолды құшақтау арқылы денені барынша созу. Денелері тік қолдарын көтеріп иілу арқылы аттау. Арқалары тік бірдей отырып тұру. Бір-бірінің көмегімен аяқты жоғары созу. Жаттығуларды алма кезек орындау. Жаттығулардағы сақтандыру: қолды дұрыс ұстауы, барынша иілу қол мен аяқтың бүгіліп кетуі, қол мен дене аралығы 1800-тан кем болуы, қол мен аяқтың арасы иық кеңдігінен не кең, не тар болуы, бастың артқа толық иілмеуі және т.б..
Қорытынды бөлім. 1. 1. Сапқа тұру. Сабақты бағалау. Үйге тапсырма беру
2. Дем алысты қалпына келтіру. Музыка ырғағымен 16-сандық жаттығуды орындау. 3 Оқушылардың сабақта жіберген қателіктерін айту, салыстыру
№19 Жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Көпір жасау(4-сынып)
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Ғаділ Жарқын Бикжанқызы
Орал 2018
|
|
Мектеп: |
||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||
|
Сыныбы: 6-сынып |
Қатысқан оқушы саны : |
Қатыспағаны: |
|||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану |
||||||||
|
Меңгеру мақсаттары: |
6.1.5.1 - бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу |
||||||||
|
Сабақ мақсаты: |
|
||||||||
|
Жетістік критерийлері: |
|
||||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Пәндік лексика және терминдер:
|
||||||||
|
Талдау үшін сұрақ:
|
|||||||||
|
Құндылықтарды дарыту:
|
Жекежауапкершілік, оң болу. Көшбасшылықтыдамытужәнеөзаракөмек. |
||||||||
|
Пән аралық байланыс: |
Өзін-өзі тану пәніменбайланыс. |
||||||||
|
Акт қолдану: |
Бейнетаспа көрсету үшін интерактивті тақта қолдану |
||||||||
|
Бастапқы білім: |
Оқушылар баскетбол жөнінде өткен сыныпта, үйде, сыныптан тыс орында алған білімдерін қолданады. |
||||||||
|
САБАҚ БАРЫСЫ |
|||||||||
|
Сабақ кезендері: |
Сабақтағы іс-әрекеттер: |
құрал жабдықтар (ресурстар) |
|||||||
|
Сабақтың басы: 5-10 мин |
Сапқа тұру,сәлемдесу,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру; Жәй жүгіріс. ЖДЖ. |
Әр бір белсенді қозғалыс үшін үлкен бос кеңістік. |
|||||||
|
Сабақтыңортасы:
25мин. |
Ойынның техникалық тәсілдерін үйрету «Допты тартып алу» таныстырылымын көрсету Мұғалім оқушыларға баскетбол ойынындағы «допты жұлып алу», «допты қарсыласының қолынан қағып жіберу», «допты алып жүру кезінде қағып жіберу» және «допты тартып алу»-ды түсіндіріп көрсетеді. (Б, Т, Тәж, ф) “Доп үшін күрес”. Тапсырма: Үйренген әдісті оқытуда қолдану. Оқушылар екі топқа бөлінеді.Араларынан топ басшысы тағайындалады.Мұғалім алаң ортасынан допты лақтырады,ал топ басшылары допты өз тобына қағып жіберуге тырысады. Топ ойыншылары қағып алған допты бір-біріне жалғайды, ал қарсылас топ ойыншылары допты қағып алуға тырысады. 5 доп жалғаған топ өз қоржынына ұпай алып келеді. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы: -Жоғарыда берілген, доп үшін күрес техникасын ойында қолдану -Ережені бұзбау (Б, Т) Жеңілдетілген ереже бойынша баскетбол ойыны. -Допты жерге соқпай алып жүру ойыны,доппен екі адым жасауға рұқсат беріледі. ҚБ: Оқушыларға «допты жұлып алу», «допты қарсыласының қолынан қағып жіберу», «допты алып жүру кезінде қағып жіберу» және «допты тартып алу» атты тірек сөздер беріледі және жауап нұсқасымен.Оқушылар дұрыс нұсқа жауаптарын тауып бір-біріне түсіндіріп көрсетеді. |
Үлкен ойын кеңістігі,жарыс өткізуге қажетті құрал жабдықтар. |
|||||||
|
Сабақтың соңы: 5 мин |
Сабақты қорытындылау. Техникалық іс-қимылды дұрыс орындаған оқушыларды бағалау. Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім. - нені толық түсінбедім. - игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Үй тапсырмалары беріледі; Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады) |
Үлкен бос кеңістік. |
|||||||
|
Саралау: |
Бағалау: |
Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: |
|||||||
|
Физикалық дене қабілеті жоғары топ оқушыларына қиындатылған ойын түрін ұсыну. |
Сабақ барысын бағалау, мұғалімнің мынадай бақылауынан тұрады: 1 оқушыларды бақылаумен 2 оқушыларға ауызша сұрақ қою 3 оқушымен жекелей әңгіме жүргізу - белсенді оқушыларға - жетістік критерий -теориялық біліміне |
Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау |
|||||||
Жалпы оқушыларды бағалау:
Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.) 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау
|
|||||||||
№19 Жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану
(6-сынып)
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Ғаділ Жарқын Бикжанқызы
Орал 2018

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген