Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Космогондық ою-өрнектер - адам қиялының жемісі" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұнда 5 сыныпқа қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспары, Мұғалімдерге көмек, үлгі ретінде қолдпнса болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-бөлім: Қиял әлемі

Мектеп: А.Пушкин атындағы ЖОМ


Сабақтың тақырыбы:

Космогондық ою-өрнектер - адам қиялының жемісі

Мұғалімнің аты-жөні: Кадырбаева Л.П.

Күні: 22.01.2017ж.


СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:


Оқу мақсаттары

5.2.7.1 - энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу

5.4.2.2 - зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану


Сабақтың мақсаты


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: топтық жұмысты бірлесе орындауда зат есімдердің мағыналық түрлеріне талдау жасай алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: өзіндік ой-тұжырымын жазба жұмыстарында еркін білдіре алады.


Жетістік критерийлері:

Грамматикалық ережелерді ұстанады, шығармашылық жұмыстар жаза алады.


Тілдік мақсат:

Негізгі сөздер мен тіркестер: космогондық ою-өрнектер, киіз үй, оюдың түрлері, ата-бабаларымыз.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша бұл пікірді мен қолдаймын/қолдамаймын, болашақтың сұранысы бойынша


Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың адамгершілік, әдептілік, рухани құндылықтарын жүзеге асыру. Әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл, ұлттық құндылықтарды түсінетін жеке тұлға қалыптастыруға ықпал ету.


Ресурстар

Оқулық,топтық тапсырмалар, «Т кестесі», кері байланыс, смайлик, стикер.


Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі, «ПОПС формуласы» әдісі, ,«Т кестесі», «Мадақтау сэндвичі.


Пәнаралық байланыс

География, қазақ әдебиеті


Алдыңғы оқу

« Қожаның қиялы» мәтінінен негізгі және қосымша ақпаратты біледі.


Сабақтың жоспары


Жоспарлан

ған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар


Басталуы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Таныстыру » тренингі

Оқушылар танысу үшін өз есімдерінің бірінші әріпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айтуы керек. Мысалы: Мен Мейіргүл мейірімді қызбын...

Топқа бөлу. «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отырады.


Қызығушылықты ояту.

« Болжау» әдісін қолдану арқылы оқушылармен оқулықта берілген суреттерге қарап, бүгінгі сабақтың тақырыптың болжайды. Ғаламтор мен энциклопедиялардан киіз үй тігудің қыр-сырын анықтап,өзара ой бөліседі.

Дескриптор:

- суреттерге қарап тақырыпты ашады.

- ғаламтор мен энциклопедиялардан киіз үй тігудің қыр-сырын анықтайды.

- бір-бірімен өзара ой бөліседі.

ҚБ. «Бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалау.

Көңілді музыка (АКТ)



1-топ: «Күн нұры», 2-топ: «Күн көзі», 3-топ: «Күн сәулесі»


ОӘК материалдары


Жаңа білім

5 минут
















Ортасы 20 мин

О.Оқылым тапсырмасы. Қосымша деректер көзінен алынған оқылым материалымен «Іштей оқу» әдісі арқылы танысып, сұрақтарға топқа бөліну арқылы жауап береді.

Космогониялық өрнек түрлері – аспан әлемін, жер–дүние сырын суреттейтін ою–өрнектер. Біздің мәдениетімізге өте ерте замандардан сіңіп қалыптасты. Текеметке, әсіресе, жан–жаққа күн сәулесі секілді тармағын жайған шеңберлі ою жиі салынған.

Космогониялық ою-өрнектің туу себептері де осы үлкен сенім күшінен туған бейнелер белгісі. Егер осы күн, ай оюлары ертеден келеді десек, оларға қосымша шұғыла, кемпірқосақ, жарты ай, толған ай секілді ою ұлгілері қосылып космогониялық оюлар қатарын байыта түседі. Аталған оюлар сонымен қатар түр-түстерімен де бөлінеді.

Космогониялық оюлар қатарында «Күн нұры», «Күн көзі», «Күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «Айтаң», «Айгүл», «Айтаңба», «Түнгі ай», «Жұлдыз», «Аққан жұлдыз», «Үркер» секілді өрнектер топтары пайда болды.

«Шұғыла» - шолпан жұлдыздың бейнесі, «жұлдызы жарқырап маңдайы ашық болып, шұғыла шашсын» деген мағынаны білдіретін ою.

«Жұлдыз» - бұл «өмір сапарында жұлдызың оңынан туып, аспан тәңірінің қолдауында бол» деген мағынада.

«Шеңбер» немесе «табақ ою» - бұл екеуі де аспандағы күннен туындаған өрнек болып көбінесе түскиіз, шапанның артқы өңір, төр көрпе, сырмақтарға түсіріледі мұның мәні «күннің мерейіне бөленген барлық тіршілік анасы болған күн ана саған қуат медет берсін» мағынасында.

Өсімдік тәріздес ою-өрнектер ұлттық өнерімізге ертеден сіңіп, кеңінен тараған өрнектің бір түрі. Өсімдік тектес ою-өрнегінің негізін гүл, жапырақ, сабақ құрайды. Гүл-жапырақ оюлары әртүрлі заттарға сәнімен қалыптасып, ұйқасын табады. Олар өзінің даму барысында әртүрлі жолдардан өтіп, қолданылатын затқа сәндік, көркемдік қасиет беріп, мазмұнын ашады. Әрбір шебер туып–өскен жерінде кездесетін өсімдіктерді қолөнер бұйымдарын безендіруге қолданған. Алайда текемет ою–өрнектерінде өсімдік тәрізді өрнектер кездеспейді. Олар тек ою арасында қосымша роль атқарады. Бұндай өрнектерді сырмақ әсемдеуге кеңінен қолданылады. Түрлері:

«Гүл» ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнек қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі. Киім – кешектің жағасына, қалтасына, жиектеріне салынады.

«Ағаш» өрнегі ағаштың тамыр тартып бүрлеуі сынды қасиеті негізінде үрімбұтақты болып, тамыр тартып, іргелі елге айналуды тілек етіп, баскиім, қару-жарақтар сынды бұйымдарға салынатын өрнек.

«Жапырақ» - әйелдер тұтынатын киімдерге түсіретін бұл өрнек жапырақша жайылып, жасарып, ашық жарқын, мейірімді болсын деген тілекпен салынады.

«Үш жапырақ» - шапан, күрте сияқты киімдерге түсірілетін бұл өрнек үш жапырақты гүл өрнегі, қырмызы атқан көркем гүлдің үш құлақ болып ашылған жапырағы оның қасиетін арттырып тұратынын ескеріп, гүлдей құлпырып, өз қасиетіңді сақта, өзіңді аяла, абайла деген мағынаны білдіреді.

«Өткізбе» көбінде өрнектерді бір-біріне тұтастыратын өрнек. Шырмауық сынды шөп тәрізді аралас-құраластылықпен өтейік деген мағынаны нышандаған.

«Шиыршық» өрнегі көбінде азамат болып ат жалын жартып мінген ұлға, бойжеткен қызға арналған киімдерге салып, олардың азамат болғаны, енді бұл өмірдің ащы-тұщысы мен ыстық-суығына араласып жетілуін тілейді.

«Жауқазын» - көктем белгісін білдіргендіктен халқымыз жауқазындай құлпырып, бүршік жарсын деп мұндай өрнекті шыт, тақия, орамалға салған. Жастар бұл киімдерді бір-біріне сыйға ұсынған. Мұнысы «жаңа жылың құтты болсын» деген мағынаны білдірген.

Белгінің рөлін асыра бағалау мүмкін болмайтын жаңа ғаламдық символдық мәдениет тілі қалыптасады. Қазіргі заман бейнесін өзгертетін процесстер өркениет үшін жаңа, толықтай зерттеліп болған жоқ.


1-топ. Космогондық ою-өрнектердің пішіні қандай болады?

2-топ. Өсімдік тектес ою-өрнектердің түрлерін ата.

3-топ. Космогондық ою-өрнектер мен өсімдік тектес ою-өрнектерді салыстырып, айырмашылықтарын айт.

Дескриптор:

- сұрақтарға жауап береді

- өз ойын толық жеткізеді


ҚБ. Ұжымдық жұмыс. «Алғыс білдіру» әдісі бойынша бағалау (ең ұтымды пікір айтқан оқушыға қол шапалақтау арқылы алғыс білдіру)


Ж. Жазылым тапсырмасы

Деңгейлік тапсырманы топқа бөліп орындайды.

1-топ. Берілген зат есімдерді тәуелдейді: өрнек, ғарыш, жұлдыз.

2-топ. Мәтіннен көптік, тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып, топтастырады.

3-топ. Оқылым мәтінінің мазмұны негізінде диалог құрастырады.Диалогтегі зат есімдерді талдау жасайды.

Дескриптор:

- топта деңгейлік тапсырманы орындай алады.

- зат есімдерді тәуелдей алады.

- мәтіннен көптік, тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып,топтастыра алады.

- мәтінінің мазмұны негізінде диалог құрастырып, зат есімдерге талдау жасай алады.

ҚБ. Смайликтер тарату: «Жарайсың!», «Әлі де толықтыруға мүмкіндігің бар», «Қанағаттанамын»


Топтық жұмыс. Оқылым мәтінінен деректі және дерексіз зат есімдерді анықтап,«Т кестесін» толтырады.

Деректі зат есімдер

Дерексіз зат есімдер



ҚБ. «Мадақтау сэндвичі» әдісі бойынша бүгінгі сабақта әр топ бірін-бірі бағалайды.

http://el.kz/kz/news/archive/


















































































Кеспе қағаздар











Смайлик




Кесте


Аяқтауы сабақты бекіту

5 минут



«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы кері байланыс алынады.

Мен бүгін білдім....

Мен бүгін сезіндім..

Мен келесі сабақта білгім келеді..............

Үйге тапсырма: Космогондық ою-өрнегі бар кез келген затты алып, сипаттам мәтінін жазады. Оюдың білдіретін мағынасын «ПОПС формуласы» бойынша дәледейді.

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

Стикерлер

«ПОПС формуласы» әдісі

Қосымша ақпарат

Саралау

Қосымша критерийлер арқылы бағалау.

Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.


«Қазақ халқының ғажайып өрнектері» тақырыбында таныстырылым дайындайды.

«Мадақтау сэндвичі» әдісі

Пəнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Рефлексия


Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2018
5785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12