400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. "Көшпелі алтын" Т.Сұлтанбеков. Ұлттық құндылық. Сабақ жоспары 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары оқу мақсатына қарай жасалды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Парасат пайымы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» әңгімесі. Ұлттық құндылық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.1.5.1ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

Сабақтың мақсаты:

- көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;

- ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіреді

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Ой қозғау.


«Шаттық шеңбер» әдісі. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірін қайталамай сағат тілінің бағыты бойынша бүгінгі сабаққа тілектерін білдіреді. Мысалы: Белсенділік, табандылық, сабырлылық, тапқырлық, т.б.

Қағаз қиындылары арқылы топқа бөлінеді.

1-топ: 

2-топ: 

3-топ:

Тиімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады

Оқулық, жұмыс дәптерлері




Сабақтың басы.

1-тапсырма

Топтық

жұмыс












Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс





1-тапсырма. Ж.

Берілген сілтеме бойынша кіріп, 17.38-30.17 уақыт аралығында «Көшпелі алтын» шығармасының аудио нұсқасын тыңдап, берілген кестені толтырыңыз.

Түсінемін


Анықтаймын

Байланысты-рамын

Ықпал етемін

Сенемін









«Түсінемін» бөліміне оқушы не түсінгенін, «Анықтаймын» бөліміне нені түсінбегенін, яғни талқылауды, толықтыруды қажет ететін өзі үшін жаңа мәліметті жазады, «Байланыстырамын» бөлімінде өмірден мысал келтіреді, «Ықпал етемін» бөлімінде көтерілген мәселені не жақтайды, не даттайды, «Сенемін» бөлімінде көтерілген мәселенің артықшылығын, келешектегі жайы туралы болжайды.


2-тапсырма. ТЖ

«Кейіпкерге хат» әдісі бойынша шығармадағы кейіпкер профессор Созақовқа немесе журналист Жоңғаровқа хат жазыңыз.

1 -қадам: Мағынаны тану кезеңінде сіз мәтінмен жұмыс жасадыңыз.

2-қадам: Мәтіннен басты кейіпкерлерді таңдаңыз.

3-қадам: Берілген кейіпкерлерге олардың іс-әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек.

4-қадам: Бұл сұрақтар жоғары деңгейде құрылуы тиіс.

Егер ... , не болар еді? Неге...? Неліктен ...?

4-қадам: Осы сұрақтарға өздеріңіз мүмкіндігінше балама жауап ұсыныңыз. Мүмкін,... ... болған шығар?

5-қадам: Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазыңыз.



Дескрипторлар:

- көркем шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;


ҚБ

Стикерлер арқылы бағалау


Мұғалімнің бағалауы:

Мұғалім оқушыларды дескрипторлар бойынша бағалайды, сәтті шыққан тұстары және дамытатын тұстары бойынша кері байланыс береді.


Текше, стикерлер


https://kitap.kz/books/bot_kowpeli


Сергіту сәті

«Көпір» тренингі.


Оқушылар 2 не 3 топқа бөлініп, қағаздарды ауыстыру арқылы көпір жасап, алға жылжиды. Қай топ бұрын келсе, сол топ жеңімпаз атанады.


Ойын қағаздары

Сабақтың соңы

Бекіту

2-тапсырма.

«ПОПС формуласы» Жұптық жұмыс.





Балалар, ойланып көріңдерші, шығарманың қай тұстарында ұлттық құндылық элементтерін аңғарамыз?

Ықтимал жауаптар:

  1. Қазақ халқының аңы-әңгімеге бай болуы.

  2. Қазақ халқында жер-су атарының жайдан жай қойылмайтындығы, Мысалы, Шайтантау

  3. Кішінің үлкенге, үлкеннің кішіге деген құрметі, сыйластығы. Ғалымдар және сәмендердеің өзара қарым-қатынасы.

Өздерің анықтап алған құндылықтарыд ПОПС формуласына салып, дәлелдеп көріңдер.


«ПОПС формуласы»

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін: ...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: ...»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: ...»

Дескрипторлар:

Шығармадағы ұлттық құндылықты анықтайды

-ойын жүйелейді;

-ПОПС формуласына салып, дәлелдер мен мысалдар келтіреді

Интерактивті тақта, слайд

Үй тапсырмасы


-Әңгіме мазмұны бойынша Kahoot ойынын дайындау;

-«Энергия алудың баламалы жолдары» тақырыбында презентация дайындау



Рефлексия

«Қызық. Қиын. Құнды»

«Көшпелі алтын» әңгімесін оқу барысында қызық, қиын, құнды болған тұстарын жазып, ой қорытамыз



























































1-топ

– Ат басы мен ер басы қайда қалмайды, – деп күрсінді шал.

Ошақтағы от жалын кеміп, көлеңкелер бұға қалғандай, жатаған сексеуілге айналғандай елестеді.

– Сен, қарағым, алаңсыз ұйқыңды қандыр. Түнгі күзет мына менікі, атаңдікі, – дегенде жылқышының дауысы ерекше жұмсарды. – Тасқұл атаң жалғыздық сүрейге әбден еті өлген.

Ол қыпшақтың еркек баласын жортуылшы топ олжалап әкелгенде қатты тіксінді. Кенжебек теке түрікпенге тұтқынға түскелі қолына құрық ұстатып, жылқы бақтырды. Бала қасындағы үзеңгілес серігі қазақ болып шыққанына әкесін көргендей қуанды.


Ұзамай Кенжебек жаңа тірлігіне үйрене бастады. Түрікпен жылқысы шетінен аққу мойын, тік сирақ, бойы биік келеді, аяғын қаз басқанда ерен бекзат жануар болар ма, соны көргенде арқасы қозды. Бұрын көз үйренген қыпшақ, адай, алаша, шекті жылқысының шомбал мүсіні қораш сезіліп, шоқтығы биік, сымбаты көркем текежәуміт тұқымды жылқы малсақ ұлдың көзіне оттай басылды.

Теке түрікпен бегі Атажан байдың мол жылқысын иен түзде жалғыз бағатын Тасқұл қасына қарындас бауыр келгелі

2-топ

– Шырағым, сын сағатың туды, ал, көзіме тік қара, сөзіме бақ! – деп бұйыра сөйледі жылқышы. – Түрікпеннің атқұмарлығы атаң қазақпен тең. Бәйге десе екеуі де ішкен асын жерге қояды.Түрікпен ежелден марғау далада тежеусіз құландай өскен ер қазақты қарақшы, бүлікші, тентек көреді.

Бөрі көсемі абадан болар, бөрі күшігі бөлтірік болар, бөрі анадан сүт емген қыпшақ тұқымы екеніңді мынау құмдағы мимырт елге мықтап танытар күн туды! Ежелден қоныстас теке түрікпен бұл тойды әсте ұмытпас, жадынан өшпес таңбалы етеміз!

Кенжебекке жылқышы шал құдды жер қайысқан әскермен жалғыз соғысуға даяр қас батырдай ерек көрінді. Айтқанын қалт жібермей тыңдап отыр.

– Бұлар да қазақ сияқты көбінесе басы жаугершілікте бірігетін алтыбақан алауыз ел екені рас. Тайпалары өзара дүрдараз болғанымен түрікпен тегінде асыл текті мәрт халық. Бірақ соғыстан түскен жетім-жесірді аямайтын қатал заңды қай халық болсын ұстанады. Сенің құның бұлар үшін тышқақ лақ ғұрлы жоқ. Тұтқынға түсу көшпелі рулар үшін қарғыс таңбалы, көк соққанмен тең. Жат жарылқамайды. Сондықтан мына сені, еркек баланы өлсе аямайды. Қоқан, Хиуа бектері қазақтан қыз салық алып басынады. Түрікпен салты қазақ сияқты, ұлы қатынын текті тұқымнан айттырып алады, күшік қатынын жесірден алады. Жетім қыз болса малдыға кішілікке береді, анасы көгі бөтен болса, одан туған ұл бала есіміне «құл» деп жалғайды. Таза қанды түрікпеннен шатаны солай айыру үшін.

Бала тез тітіркеніп, қорқып кетті, үкідей дөңгеленген көзіне шүпілдей үрей толды.Үлкен кісі нені мегзеп отыр? Мұны түрікпен бектері ат құйрығына байлап өлтірейін деп жатқандай тұспалмен орағыта сөйлегені несі?!

– Атажан қос жүйрігінің біріне шабандозға сені шаптыратынын кәрі жүрегім сезеді.

Шал көкейіндегісін айтқанда Кенжебектің тынысы кеңіп сала берді. Е,е, теке түрікпен де қазақ сияқты обал-сауапты білетін ел, тірі жан иесін беталды өлтірмейді.

3-топ

Өзге ел таң ұйқысын өлсе қимас өлара шақта тірлік қылатын жылқышы шал өзі бағатын көкбурыл тұлпардың құйрығынан қыл суырып, бір талымен көзге көрінбес қылып, тілінің түп жағынан байлап тастаған. Кенжебек көкбурыл жылқы қыш оттықтағы жемнен, судан қалып, бабында жаратылмасын айтпай-ақ ұқты, жылқышы сыбырлап, оған не істегенін айтты.

– Қарағым, Кенжебек, бәйгеге өзің баққан жүйрікпен шап, саған әбден үйренді, иісіңді алды. Тілерсегіне қарашы, көсіле шапса жаңылмас, омырауы даладай емес пе, өкпесі өшпейді. Жол азығыңды, қой құйрығын сырт көзге көрінбейтін қылып сал. Ат айдаушы секем алып, бұл не деп сұраса, аттың жемі дерсің. Тұсау жіпті ұмытпа. Бәйге айналма болатын болды, оңайға соқпайды. Ат тізгінін ердің басына үш орап ал. Үш айналғанша, тізгінді жіберме, ат тері шықпаса булығып қалады. Төртінші айналымда ердің басынан бір орамын ағыт. Бәйгені қызықтаған бұқара ел бар. Сол түрікпен ішінде кімдер бар да, кімдер жоқ. Халық алдында дағарадай бөріктері қоқырайып, қаздай тізілген ақсүйек текежәуміт бектері, бай-мырзасы отырады. Дәл сол тұсқа келгенде, атаң қыпшақтың ұранын айқайлап, қиқу салып өт!

– Ойбас! Ойбас! – деп қатты дауыстап жіберді қаршадай бала көзі шоқтай жанып.

Жылқышы көзі шырадай жанды. Түрікпенқұл атанып, жалшылықта ғұмыры өткен кегі бір сәтте қайтқандай өңі нұрланып, арқасы босап сала берді.

– Бес күн жалғанда ешкімнен қаймықпай, ақ алмастай жарқылдап өткен азат ерлерге бас иемін. Боқ дүние мені менсінбеді, түтінім болмаған соң боқ дүниені мен алмадым. Кенжебек, шырағым, мынау жас күнімде елсізде адасқан дәруіш жыршыға тигізген септігім үшін риза пейілмен жомарттық жасаған түрікпен бегінен алған ерекше құнды тартуым еді. Қаңғыбас жыршы тірі жанға қылдай зияны жоқ, ел сүйетін арқалы ақын екен. Диуаналықпен ел адақтап, хисса-жыр айтып жүргенде шөлде қаңғып өлесің ғой дегенімде, мен Көроғлымын, дәруіштің пірі Қожа Хафизден нем артық деген сөзі ойымда. Мойнағы күміспен күптелген тобылғы қамшы енді сенікі. Жылқышы шал ата салтымен бала елге аман жетсін деп Кенжебектің қолына күмістелген қамшы ұстатты. Қосқа кіргізіп, бір итіне ырымдап, тоқым жауып қойды.


Түсінемін

Анықтаймын

Байланысты-рамын

Сенемін









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі