Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көшпелілер туралы түсінік" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихтың, мәдениет пен тілдің бір тұтастығы: бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға,бірлесе еңбектенуге баулу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-тарау Ежелгі көшпелілер мәдениеті

Сабақ тақырыбы: Көшпелілер туралы түсінік


Күні. 27.04.2018ж

Мұғалімнің есімі:Махаметова Лола

Сынып: 5 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


5.4.1.1-ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хат жазу.5.5.1.4- жіктеу,сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Тақырыптың мән-мағынасын түсінеді, есімдіктердің түрлерін біледі, мәтіннен есімдіктерді таба алады.Оқушылардың басым бөлігі:Есімдіктердің түрлерін ажырата алады және сұрақтарын жатқа біледі, өз бетінше есімдіктерді қатыстырып,хат жаза алады.Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, өз ойын еркін жеткізеді. Ресми стильдің ерекшелігін сақтай отырып, хат жаза алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп,есімдіктерді таба алады.Хат жазу кезінде есімдіктерді ажырата отырып, қолданады. Өз ойын өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік стильде хат жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Жазылым, тілдік бағдар.

Терминология: көшпелілер,өркениет,шөлейт,ылғал,мүдделі,жауынгер.

Сөз тіркестері:рухы биік, жабайы табиғат, тамсана жазды,кері көзқарас.

Құндылықтарды дарыту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің бір тұтастығы: бірлік пен

ынтымақтастықты сақтауға,бірлесе еңбектенуге баулу;

Пәнаралық байланыстар

Тарих пен қазақ әдебиеті пәні, Ілияс Есенберлиннің«Көшпенділер»фильмінен үзінді көрсете отырып, байланыстырамын.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны слайдтар мен ғаламтордан алынған бейнероликті көрсету үшін пайдаланамын.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Оқушылар қазақ елінің пайда болуынан бастап, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын, жалпы Қазақстанның даму тарихын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы 12мин

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық жағымды ахуал орнату.

« Күнді бұлттан арылту» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

«Ыстық алақан» 1,2,3 санау әдісі бойынша топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын« Миға шабул» әдісі арқылы пысықтаймын.

1.Тауда аюлардың қандай түрі бар?

2.Тауда тағы қандай аңдар кездеседі?

3.Тауда мекендейтін қандай аң « Қазақстанның Қызыл кітабына» енген?

Дескриптор

1.Таудағы аюлардың түрлерін анықтай алады.

2.Таулы жерлерде мекендейтінаңдарды біледі.

3. «Қазақстанның Қызыл кітабына»енген тау аңдарын біледі.

Кері байланыс беру.

ҚБ«Қошемет көрсету » әдісі арқылы бағалау





Интербелсенді тақта

Ортасы 20мин

Ой қозғау

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» фильмінен үзінді бейне ролик көреді.

1.Бейнероликтен не түсіндіңдер?

2.Бұл қай кезең?

3.Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

Дескриптор

1.Бейнероликтіңмазмұнын түсінеді.

2.Қазақ халқының тарихы туралы өз ойларын жүйелі жеткізе алады.

3.«Көшпелілер» туралы өз пікірін білдіреді.

Кері байланыс беру.

Қ.Б«Жұлдызды кімге бересің?» әдісі арқылы топтар

бірін-бірі бағалайды.

Shape1 Shape2 Shape3

Жазылым

1-тапсырма «Тізбекте не түсіп қалған» әдісі арқылы көп нүктенің орнына жіктеу,сілтеу,сұрау есімдіктерін қойыңыз.

Мен,сіздердің,біз,осы,менің,біздің,оның,олар.

1-топ

...Қазақстан елінің жас өренімін! Бүгінде Қазақстанда көптеген

ұлттардың өкілдері тату-тәттіөмір сүріпжатыр.Бір кезде сұрапыл соғыс...адамдарды қазақ жеріне әкеліп, бір шаңырақтың астында өмір сүруге мәжбүр етті.Бауырмал қазақ халқы.....құшақ жая қарсы алып, мейірімділік танытты.

2-топ

Мен жуырда Зигфрид есімді бала туралы шығарма оқыдым.... басынан өткен оқиғалар маған қатты әсер етті.Онда соғыстан кейінгі балалардың тағдыры бейнеленген.Осыдан соң еліміздегі барлық балалардың бақытты екеніне.....көзім жетті,себебі....бейбітшілікте өмір сүруде.

3-топ

Болашақта мен елімнің үлкен азаматы болып өсетініме сенімдімін.Себебі мемлекетіміз.... үшін көп игі істер жасауда. Жақсы білім алып, еліміздің тірегі болу....парызымыз.Біз....үміттеріңізді ақтау керекпіз.

Дескриптор

1.Көп нүктеннің орнына қажетті есімдіктерді мағынасына қарай қоя алады.

2.Сөйлем ішіндегі есімдіктерді түріне қарай ажырата алады.

3.Мәтін бойынша өз пікірлерін ауызша білдіріп, есімдіктер бойынша қосалқы сұраққа дұрыс жауап береді.

Кері байланыс беру.

ҚБ Күлегештер арқылы әрбір топ оқушылары бірін-бірібағалайды.


2-тапсырма«Хат жазу» стратегиясы.

Есімдіктерді қолдана отырып, шетелдегі досыңызға Қазақстан еліндегі ұлттар бірлігі туралы хат жазыңыз.

Мұғалім оқушыларға суретті көрсетіп,сұрақтар қояды.




1.Слайдтан ненің суретін көріп тұрсыздар?

2.Адамдар оны не үшін пайдаланады деп ойлайсыздар?

3.Қазіргі кезде хатты не арқылы жіберуге болады?

4.Сіз кімдерге хат жазасыз?


Дескриптор

1. Хатта есімдіктерді қолдана алады.

2.Ой жүйесін сақтап, хат жаза алады.

3.Хаттың стильін сақтай отырып, өз ойын жазады.

Кері байланыс беру.

ҚБХатты керемет, жақсы, орташа жазғанына қарай

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймын.



https://m.youtube. com.>watct (1,6сек)











Жұлдызшалар


Shape4 Shape5 Shape6










































Күлекештер




«Сабақ тиімділігін арттыратын 370әдіс» Б.К.Умиралиева.







«Бас бармақ»

Аяқталуы 8мин


Жеке жұмыс

3-тапсырма«Бір минут » әдісі арқылы кесте

бойынша мәтіннен жіктеу, сілтеу,сұрау есімдіктерін теріп жазу.


Жіктеу есімдігіСілтеу есімдігі Сұрау есімдігі



Дескриптор

-Мәтіннен есімдіктерді теріп жазады.

-Есімдіктердің түрлеріне қарай ажыратады.

-Есімдік қай сөз таптарының орнына қолданылатынынтүсіндіреді.


Кері байланыс беру.

ҚБ Марапаттау арқылы бағалау.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз бір тілек»

Оқушылар сабақтың өн бойында өзіне қажетті екі

жағымды ақпарат пен әлі түсінуді қажет ететін бір

ақпараты жазу керек.

Үйге тапсырма:

1.«Ұлттар достығы» тақырыбында шағын мәтін жазу.

2.6-тапсырма.Берілген сөйлемдерден жіктеу,сұрау,

сілтеу есімдіктерін тап.


Оқулық

5-сынып

«Бәйшешек»

1-бөлім

Алматы 2017

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Есімдіктердің түрлерін мағынасына қарай ажырата білуге «Тізбекте түсіп қалған», «Бір минут» кестесін беру.

Деңгейі жоғары оқушыларға тақырыпқа байланысты қосымша

ақпарат көздерінен мәлімет табуды ұсыну.


Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Оқушылар материалдарды меңгергенін « Хат жазу» стратегиясы,«»,«Бір минут»әдіс-тәсілдері арқылы және қалыптастырушы бағалау,күлегештер арқылы,марапаттау арқылы, жұлдызша арқылы тексере алдым.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?




Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Сабақтың оқу мақсаты нақты әрі шынайы.


Оқушылар сабақтың тақырыбын түсініп, негізгі идеясын аша білді. Сабақтың тақырыбын қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, өз ойларын ортаға салып, қазақ халқының тарихынан

түсінік қалыптастырды.

.Сыныптағы көңіл-күй керемет болды. Себебісабақ барысы бірнеше әдіс-тәсілдер арқылы қызықты өтті.

Саралау жұмысындағы тапсырмалар тақырыпқа сәйкес болды.


Берілген уақытты тиімді пайдаландым. Себебі нақты жоспарланған сабақ жоспарыма қол жеткіздім.


Сабаққа түзету енгізбедім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Тізбекте не түсіп қалған»әдісі арқылы мәтіннен есімдіктерді таба алды.

2.«Хат жазу» стратегиясы арқылы хаттың жазылу ерекшелігін түсінеді.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Оқу мақсатының нақты қойылуы.

2.Оқушылардың сабаққа деген ынтасы.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.Оқушылардыңдеңгейіне қарай тапсырмалар дайындау.

2. Деңгейлік тапсырмаларды күрделендіру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
2622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12