Ашық сабақ Күйзеліс туралы ілім

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Күйзеліс туралы ілім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Күйзеліс туралы ілім. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Білім алушыларға күйзеліс туралы мағлұмат беру және білім алушылардың алған білімдерін кәсіптік қызмет барысында қолдана білу. б) Тәрбиелік: Білім алушылардың өз ойларын жеткізе білуіне, өздігінше жұмыс істеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, адамгершілік сезім ұялатып, тәрбиелік мәнге үйрету. в) Дамытушылық: Білім алушылардың ой - өрісін дамытып, өмірге байланысты дұрыс көзқарастарын қалыптастыра отырып жан-жақты және үйлесімді етіп дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ШЖҚ КМК «АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»



ҚАРАЛДЫ БЕКІТЕМІН

1 ЦӘК төрайымы Директордың оқу ісі _________Сайжанова Г.А. жөніндегі орынбасары

« » қазан 2025ж ______ Р.А.Бахитова

« » қазан 2025 ж





Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары



Пән: ЖКП-06 Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар

Тақырыбы: «Күйзеліс туралы ілім»

Бөлімі: 09120100 «Емдеу ісі»

Мамандығы: 4S091201 «Фельдшер»

Курс, топ: 2 курс, 139 топ

Пән оқытушысы:  Кенжегалиева Г.Ш.








Пән: Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар

Сабақтың тақырыбы: Күйзеліс туралы ілім

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Білім алушыларға күйзеліс туралы мағлұмат беру және білім алушылардың алған білімдерін кәсіптік қызмет барысында қолдана білу.

б) Тәрбиелік: Білім алушылардың  өз ойларын жеткізе білуіне, өздігінше жұмыс істеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, адамгершілік сезім ұялатып, тәрбиелік мәнге үйрету.

в) Дамытушылық: Білім алушылардың  ой - өрісін дамытып, өмірге байланысты дұрыс көзқарастарын қалыптастыра отырып жан-жақты және үйлесімді етіп дамыту.

Сабақтың түрі: теория

Сабақтың уақыты: 90 минут

Пәнаралық байланыс: педагогика, жалпы кәсіптік пәндер мен медициналық пәндер

Пәнішілік байланыс: «Тұлғаның психологияның құрылымы. Қабілет.Нышан.Темперамент»

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Boops, TBL әдісі, CLІL әдісі, Kahoot, «Wordwoll» бағдарламалары, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой сергіту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, слайд, бейнеролик, көрнекілік заттар, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың өтетін орны: № 208 аудитория

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.- Алматы, 2004.- 377 б.

  2. Сәбет Баб-Баба. Жантану негіздері. Алматы Дәнекер 2001ж

  3. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы. 1992ж.

  4. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы. 1993ж.


Сабақтың хронологиялық картасы

Сабақ бөлімінің атауы

Теориялық сабақтың уақыты

2 сағаттық

90 минут

1

Ұйымдастыру уақыты

5 минут

2

Өткен тақырыпты талқылау

15 минут

3

Жаңа тақырыпты баяндау

40 минут

4

Жаңа сабақты бекіту

20 минут

8

Сабақты қорытындылау

5 минут

9

Үйге тапсырма

5 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут:

1. Оқу кабинетінің тазалығына көңіл бөлу

2. Білім алушылардың сыртқы формаларына көңіл аудару.

3. Сабақта жоқ білім алушыларды белгілеу, сабаққа даярлығын тексеру.

4. Сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру

5. Тақырыптың маңыздылығының мәнін атап өту.

ІІ. Сергіту жаттығуы: «Амандасу»


ІІІ. Өткен тақырыпты талқылау- 15 минут


  1. тапсырма: «Kahoot» бағдарламасы арқылы тест жүргізіледі:



1) "Жеке адам" ұғымының бірлігіне сәйкес нұсқаны көрсет
A) Субьект
B) Обьект
C) Адам
D) Жан

2) Жеке адам ұғымының бірліктерін көрсет
A) Тұлға, маман, адам, индивид
B) Индивид, азамат, даралық, субьект
C) Тұлға, индивид, даралық, субьект
D) Даралық, адам, тұлға, субьект

3) Индивид ұғымының анықтамасын тап
A) Белсенді біртұтас адам
B) Қайталанбас қырларымен ерекшеленетін адам
C) Қоғамда өзіндік орны қалыптасқан адам
D) Адамның белгілі бір текке қатысы, сол текті іске асырушы

4) Тұлғаның басты белгісін көрсет!
A) Әлеуметтік мәнінің болуы
B) Өмір сүруі
C) Жеке қасиетінің болуы
D) Отбасында орны болуы

5) Қабілеттің екі түрі бар деген нұсқа дұрыспа?
A) Иә
B) Жоқ

6) Жалпы қабілетке сәйкес нұсқаны тап!
A) Іскер болу қабілеті
B) Спортшының қабілеті
C) Математикалық сауаттылық қабілеті
D) Есте сақтау қабілеті

7) Баланың ата-анасы мен туыстарына ұқсап туу нышанның қай түріне жатады?
A) Анатомиялық нышан
B) Физиологиялық нышан
C) Генетикалық нышан
D) Әлеуметтік нышан

8) Психологиялық үрдістер мен мінез-құлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшелігі қалай аталады?
A) Даралық
B) Темперамент
C) Нышан
D) Қабілет

9) Темпераменттің 4 түрі бар
A) Иә
B) Жоқ

10) Темпераментті зерттеген Грецияның көрнекті өкілін ата!
A) Аристотель
B) Әбу Насыр Әл-Фараби
C) Гиппократ
D) Платон

11) Адамның темпераменттік жағдайы адам ағзасындағы сұйық заттармен (қан, шырын, өт) байланысты деген болжам дұрыс па?
A) Иә
B) Жоқ

12) Ақкөңіл, көңілді, адамдармен тез тіл табысатын, еті тірі, пысық адамдар қай темперамент түріне жатады?
A) Холерик
B) Флегматик
C) Сангвиник
D) Меланхолик

13) Топта лидер, энергияға бай, қимыл-қозғалысы шапшаң адамдар қай темперамент түріне жатады?
A) Сангвиник
B) Меланхолик
C) Холерик
D) Флегматик

14)Тұлға дегеніміз-

  1. Әлеуметтік қатынастар мен саналы іс әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

  2. Қоғамда белгілі орыны бар, белгілі қоғамдық қызмет атқаратын саналы индивид.

  3. Қайталанбас, басқа адамдарға ұқсамайтын қырларымен сипатталатын адам.

  4. Психикалық үрдістер мен мінез-құлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері.

15) Ағзада сұйық заттардың бірігуінде қанның пропорциясы басым болса қандай темперамент?

  1. Сангвиникалық

  2. Флегматикалық

  3. Холерикалық

  4. Меланхоликалық


  1. тапсырма «Wordwoll» бағдарламасы арқылы сұрақтар қойылады:



1. Тұлға дегеніміз не?

➡️ Тұлға – адамның әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекет субъектісі ретіндегі психологиялық бейнесі.

2. Адам мен тұлға ұғымының айырмашылығы неде?

➡️ Адам – биологиялық тіршілік иесі, ал тұлға – қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық қасиеттер жиынтығы.

3. Тұлғаның негізгі құрамдас бөліктері қандай?

➡️ Мотивация, мінез, қабілет, темперамент, ерік, бағыттылық.

4. Темперамент дегеніміз не?

➡️ Темперамент – адамның психикалық процестерінің қарқыны мен эмоциялық ерекшеліктерінің жиынтығы.

5. Темперамент түрлерін алғаш кім ұсынған?

➡️ Ежелгі грек дәрігері Гиппократ.

6. Гиппократ темпераментті неге байланысты түсіндірді?

➡️ Дене сұйықтықтарының (қан, сары өт, қара өт, шырыш) арақатынасына байланысты деп түсіндірді.

7. И.П. Павлов темпераментті немен байланыстырды?

➡️ Жүйке жүйесінің күшіне, қозғалғыштығына және тепе-теңдігіне байланыстырды.

8. Темпераменттің төрт негізгі түрі қандай?

➡️ Сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик.

9. Сангвиник қандай адам?

➡️ Белсенді, көңілді, тез бейімделетін, эмоциясын оңай білдіретін адам.

10. Холерик қандай адам?

➡️ Қызуқанды, тез әсерленгіш, ашушаң, бірақ энергиясы мол адам.

11. Флегматиктің ерекшелігі неде?

➡️ Сабырлы, тұрақты, баяу қимылдайды, істі соңына дейін жеткізеді.

12. Меланхолик қандай темперамент иесі?

➡️ Сезімтал, тұйық, ұялшақ, эмоциясы терең, тез ренжитін адам.

13. Темперамент пен мінездің айырмашылығы қандай?

➡️ Темперамент – туа біткен қасиет, мінез – өмір тәжірибесінде қалыптасады.

14. Тұлғаның дамуына әсер ететін негізгі факторлар қандай?

➡️ Тұқымқуалаушылық, орта және тәрбие.

15. Неліктен педагогтар мен дәрігерлер темпераментті білуі маңызды?

➡️ Әр адамның психологиялық ерекшелігін түсініп, онымен тиімді жұмыс істеуге және жеке тәсіл қолдануға мүмкіндік береді.


Үй тапсырмасы толық сұралып болған соң білім алушылар бағаланады.


Сергіту сәті «Көңіл-күй»




ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 40 минут


Бейнеролик: «Күйзеліс»

Жаңа сабақты оқытушы презентация арқылы баяндайды.

Тақырып: Күйзеліс туралы ілім

Жаңа сабақты түсіндіру презентация арқылы:

Күйзеліс туралы шағын-лекция.
Үйреншікті сөзге айналған «күйзеліс» сөзі ағылшын тілінен аударғанда, «күш түсіру» деген мағынаны білдіреді. Күйзеліс туралы ілімді канадалық психолог Ганс Селье зерттеді.1936 жылы «күйзеліс» сөзі ғылыми терминдер қатарына енді. Күйзеліс деп-сыртқы орта қысымына, күшті әрекеттер әсерінен туындаған күш түсірулерге адамдардың әрекетін атай бастады. Бүкіл әлем ғалымдары бұған сенімді: күйзеліссіз өмір сүруге болмайды, одан бой тасалау немесе қашу мүмкін емес, бірақ күйзелісті басқаруға болады. Біз қалай дабыл ескерту аламыз, қандай ерекше толқу болады. Олар біздің ағзамызды «батыл» тәртіпте жұмыс жасауға мәжбүрлейді. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, барлығы бірдей және әрқашан жеңе бермейді. Оның бәрі күйзеліс күшіне, оның ұзақтығына және әр адамның күйзеліске төзімділігіне байланысты. Күйзеліс кез-келген күтпеген жағдай шақыруы мүмкін: ыстық және суық, шу және керісінше, мүлгіген тыныштық, аштық және қомағайлық, қуаныш және қайғы, келіспеушілік жағдай, мазасыздық, дабыл, жалғыздық және т.б.

Күйзеліс- бұл нақты жағдайда басқаруға келмейтін қиын эмоциялық- физикалық қысым. Ғылыми тілде жеткізетін болсақ, ағзаның болған жағдайға физикалық, психикалық, эмоциялық және химиялық әсері.
Күйзеліс: 3 деңгейде көрінеді: ақыл, ой, көңіл-күй.
Ең алдымен, ақпаратты ой елегінен (саналы, санасыз), сосын эмоциялық сезіну (әлсіз және күшті), кейіннен барып бұл үрдіс физикалық деңгейде бекиді. Ең алғашқы бұлшықеттегі қысымды шешуді, алғашқы сыныптан -ақ білеміз.(саусақты ашамыз, жұмамыз). Күйзеліс кезінде қандай да бір бұлшықеттің қысымда тұрғанын сезінесіз. Ол жақсүйектің, іштің, арқаның бұлшықетіндегі қысым болуы мүмкін.

Күйзеліс (стресс)- адамның эмоциялық сабырлығы мен тепе-теңдігін бұзатын төтенше жағдайларға организмнің жауап әрекеті.

Ақпараттық күйзеліс (стресс) субьект тапсырманы орындай алмайтын, талап етілетін қарқында дұрыс шешім қабылдауға үлгермейтін кезде пайда болады.

Эмоциялық күйзеліс (стресс) қауіп-қатер, реніш, т.б, жағдайларында пайда болады. Және де оның әр түрлері – импульсивті, тежелушілік, генералдандырылған – эмоциялық өзгерістерге, қозғалыс және сөйлеу мінез-құлықтарының бұзылуына алып келеді. Күйзеліс жағдайында жүргеніңізді анықтау тәсілі:

Қолдарыңызды алға созып, босаңсытып ұстаңыз. Ойыңызды жинақтау үшін көзді жабуға болады. Іштей қолымыздың ақырындап екі жаққа жайылуын немесе бір-біріне магнитше тартылуын тілейміз. Сабырмен 5-10 секунд күте тұрыңыз. Қолыңыз қозғалды ма? Демек, сізде стресс жоқ, күніңіз сәтті болмақ! Алайда егер сіз не жайлы ойлағыңыз келсе, соны ойлай алмасаңыз, ой сізге өзінен-өзі келетін болса, сіздің проблемаға байланып қалғаныңыз, бұл кезде қолдар қозғалмайды. Демек, стресс? Не істеу керек?

Стресс сіздің жұмысыңызға байланысты факторлардан туындауы мүмкін. Өйткені мектепте стреске жеткізетін жағдайлар көп болады. Мұндай жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз: ашу қыса ма? Жаныңызды қоярға жер таппайсыз ба? Өкпе – реніш жаныңызды жегідей жей ме? Адамның психофизиологиялық тұтастығын қалпына келтірудің екі жолы бар – «ақыл мен тән одағы»:

- «Бастан» - адам проблеманы шешсе, стресс жойылады. Немесе стресті жоятын психотерапия, психоталдаудан кейін.

- «Тәннен» стресс, мысалы, дәрі-дәрмек қабылдау және басқа табиғи тәсілдермен жойылса. Мазасыздықтан құтылуға инетерапия, массаж, душ, ванна, дене жаттығулары көмектеседі.

Тағы да мыналарды ұсынуға болады:

· Басқа бір нәрсеге назар аудару. Қолыңызға түскен кітапты ала сала оқыңыз, оның мазмұнына түсіне бастағанша оқу керек. Қолыңызда тіпті газет те болмай қалды ма? Онда досыңызға немесе көптен бері хабарласпай кеткен басқа адамға телефон шалыңыз. Оның жағдайын, ата-анасының халын, т.б. жайлы сұраңыз. Оның проблемаларына егжей-тегжейлі мән беріңіз, ақыл-кеңес беріңіз. Содан кейін өзіңізге маза бермей жүрген мәселе жайлы айтып беріңіз, сонда кәдімгідей жеңілдеп қаласыз.

· Бұлшықеттеріңізге жүктеме қажет. Оңаша қалып, жаттығу жасаңыз, немесе ғимараттан шығып, біршама жерге дейін жүгіріп барыңыз.

· Болған оқиғаны асыра бағалау. Өзіңізді ренжіткен адамның мінез-құлқына ақтау тауып көріңіз. Мүмкін әйелімен ұрысып қалған шығар, қоғамдық көлікте біреудің тілі тиген болар, директорынан сөгіс алған шығар... Орын алған оқиғадан бір жақсылық іздеп көріңіз. Бұдан да жаман болуы мүмкін екеніне өзіңізді сендіріңіз.

Күйзелістің денсаулыққа зияны.
Күйзеліс күйден («стресс») арылмау, торығу денсаулыққа зиян екенін бәріміз де білеміз. Болмашы нәрсеге күйгелектену- жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез-құлқын өзгертеді.
Күйзелісті жағдайда бүйрек бездері қанға қуатты гармондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшықеттері тартылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адамның есте сақтау қабілетін әлсіретеді, тез шаршап- шалдығатын күйге түсіреді, неше түрлі ойлар басына келіп, ұйқысы қашады. Бұлшықеттерінің босаңсып, бастың ауыруы, дәрменсіздік пен тері ауруының мазалауы да сары уайымнан арыла алмаудан болады.
Күйзеліс кезінде ағзадағы дәрумен жедел жойылады, кейін орнын толтыру қиынға соғады.
Осы қысымнан арылу үшін бұлшық етке дұрыс жаттығу жасай білу қажет.


Стресске қарсы жаттығулар

  1. жаттығу. Жұмыстағы шаршағандықтан арылудың бірден-бір жолы - жаттығулар жасау. Жұмыс орнында отырып-ақ, қарапайым жаттығулар жасау арқылы стресс пен шаршағандықтан құтылуға болады. 

Ең біріншіден терең дем алып, ойларыңызды босатыңыз. Кейін мына жаттығуларды жасаңыз. Орындыққа түзу отырып, қолды тізеге, екі аяқты еденге қойыңыз. Терең дем алып, дем шығарған сәтте алға қарай бүгіліңіз. Дем алғанда арқаны түзулетіңіз. Жаттығуды 5 рет қайталаған абзал.




2-жаттығу. Терең дем алып, қолды жоғары көтеріңіз.

Дем шығарған кезде оң жаққа еңкейіңіз.

Қайта дем алғанда бастапқы орынға қайтыңыз.

Осылайша екі жаққа еңкею жаттығуларын жасаңыз. Әр жаққа 5 реттен қайталаңыз.





3- жаттығу. Қолды суреттегідей бүгіп, дем шығарған кезде денеңізбен оң жаққа қарай бұрылыңыз.

Дем алғанда қайта орынға бұрылыңыз.

Екінші жаққа да дәл солай. 5 рет қайталаңыз.


Бойдағы күйзелістен арылуға арналған жаттығу кешені.
Мойын- Арқаны тік ұстап, төбеден ілгекпен тартып жатқандай мойынды барынша созу. Енді ілгектен төмен түсіріп жібергендей, бірден босаңсыту.
Арқа- Екі жауырынның арасын жақындатып, өзіңізді киім ілгіште ілініп тұрғандай сезіну. Екі жауырынның арасын барынша жақындату. Бірден босаңсу.
Іш- Мұрынмен өкпені ауаға толтыру, іштің көлемінің үлкеюіне жол бермей тартып ұстау. Ауаны ауыз арқылы сыртқа шығару кезінде ішті де босаңсыту.
Қол- Алақанның қырымен қатты затты ұрғылау. Каратэ шеберлері осы әдісті жиі пайдаланады.
Саусақ- Екі қолымызды алдыға созып, алақанымыздағы лимонды сығып, шырынын шығару керек деп елестету. Алақанды қысуды барынша күшейтіп, бірден тез босаңсыту керек.
Аяқ- Отырған қалыпта аяқтың ұшын барынша алдыға созу. Барынша қатты созу. Бірден төмен босаңсыту.
Ескерту: Әр жаттығуды 3 реттен жасау керек.

«Өз эмоцияңды қалай басқару керек?»

Мақсаты: эмоцияны басқаруға үйрету. Негативті эмоцияны қалай кетіруге болады?

Сені түсінетін достарыңның арасында жағымсыз эмоцияңнан арылу. Егер сен бір жағымсыз эмоцияңнан арылғың келсе, онда жастықты ұр, бет орамалды құрғақ болса да сық. Ашу энергиясы иық, қолдың жоғары бөлігінде және саусақтарда жиналады. Кезкелген дыбыс шыға, ашу күші мойныңа тығылып қалуы мүмкін. Толыққанды арылу қандай да бір спорт түрімен айналысуда шығады. Сондықтан да нағыз спортшылар дене және жан саулығына ие. Адамға табиғаттың жақсы әсері мол. Қиын жағдайда серуен жасау, өзен ағысына және көлдің мөлдірлігіне қарау, таза ауамен тыныстау көп көмектеседі. Тыныс алу мен оны шығару миға баратын импульстар ағыны жақсарып, стреске әсер етеді. Сосын терең тыныс алу қажет. Табиғат біздің миымызға түсетін психикалық ауырлықтан қорғаудың тамаша құралы жылау мен күлкіні берген. Күлкі жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті импульс ағымдарынан құтқарады. Осы жаттығуда жылау мен күлкінің емдік қасиеттері бірігеді.

Ал енді эмоцияны реттейтін бірнеше жаттығулар жасаймыз.

1.Бас бармақты ішіне қаратып жұдырықта. Тынысыңды жаймен ішке жинап, жұдырығыңды қыс. Сосын жұдырығыңды біртіндеп босатып, тынысыңды шығар. 5 рет қайтала. Енді осы жаттығуды көзді жұмып жасаймыз. Бұл тиімділігін арттырады.

2. Екі грек жаңғағын алақанда айналдыр. Екі алақанға кзекпен жаса.

3.Кішкентай бөбек саусағының басына массаж жаса.

4.Жаңғақты кішкентай бөбек саусағына жақын орналастырып, екінші алақанымен

3 минуттай айналдырып қимыл жасаңыз.

Топқа бөлу: (таныстыру, топқа сипаттама беру үш тілде айтылады)

Жаңа тақырып түсіндіріліп болған соң әр топқа тапсырмалар ұсынылады: (карточкалар)

1-ші топ: «Холерик» (қызыл)

2-ші топ: «Сангвиник» (сары)

3-ші топ: «Флегматик» (жасыл)

4-ші топ: «Меланхолик» (көк)

  1. топ: Білім алушылар күйзеліс туралы түсінік, оның белгілері, себептерін айтады. Топ өз жұмыстарын постермен қорғайды және түсіндіреді.

  2. топ: Білім алушылар атақты суретшілердің бірнеше туындыларын көрсетіп, олардың күйзеліспен байланыстылығын таныстыру қажет.

  3. топ: Күйзелістің алдын алу шараларын айтады. Жаттығулар, әдістемелерді көрсетіп, ортада бөліседі.

  4. топ: рөлдік ойын: «Медицина қызметкері пациентке күйзелістен шығуға көмектесу». Талқылау.

V. Жаңа тақырыпты бекіту- 20 минут.

«Wordwoll» бағдарламасы арқылы жүргізу

  1. «Кездейсоқ дөңгелек» жаттығуы арқылы сұрақтарға жауап беру:



1. Күйзеліс дегеніміз не?
2. Ол неден пайда болады?
3. Оның белгілері қандай?
4. Оның адам өміріне немесе денсаулығына зияны немесе пайдасы бар ма?
5. Бар болса қандай?
6. Күйзелісті болдырмау жолын білесіздер ме?
7. Өз тәжірибесімен бөлісу?
8. Күйзеліске ұшыраған кезде, онымен күресу әдісі бар ма?
9. Қандай әдіс қолданасыз?


  1. «Анаграмма» әдісі арқылы дұрыс сөздерді табу

1. Күйзеліс

2. Темперамент

3. Психология

4. Медицина

5. Эмоция

6. Сангвиник

7. Қабілет

8. Ганс Селье

9. Коммуникативтік дағды

10. Эмпатия



  1. Күйзеліс сөзіне ассоциациясын құру


  1. ТShape1 апсырма

Shape2

Shape3 жабығу

Shape5 Shape4

Күйзеліс

әлсіздік


Shape7 Shape6

мұңаю шаршау


















VІ. Рефлексия


Shape8



«Білім теңіз» әдісі арқылы жаңа тақырып бойынша студенттер өздерін бағалайды: толық түсіндім(жасыл), аздап қиналдым(сары), түсінбедім(қызыл).

Осы кесте бойынша білім алушылардың парақшаларын жинап алып танысып, осымен жұмыстанатын боламын.

Қорытынды- Білім алушыларды бағалау

Тест бағасы төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:

«Өте жақсы» бағасы 100-90 балл- 1 қате болуы

«Жақсы» бағасы 89-70 балл -2-3 қате болуы

«Қанағаттанарлық» бағасы 69-50 балл- 4-5 қате болуы

«Қанағаттанарлықсыз» бағасы 0-49 балл 0-4 қате болуы


VІІ. Сабақты қорытындылау- 5 минут

Білім алушылардың белсенділігі, сабаққа қатысы, еңбек мәдениеті бағаланады. Білім алушылардың білімдерін бағалап, алған ұпайлары ватмандағы таблицаға құйылады. Бірнеше тапсырмадан жиналған баға қосылып, қорытынды баға анықталады.

Бүгін біз күйзеліс туралы ілім тақырыбымен танысып білдік. Сіздер ертең жұмыс барысында кез-келген пациентпен қарым-қатынас жасай отырып, олардың күйзелістік жағдайларын ажырата алатын боласыздар.

VІІІ. Үйге тапсырма -5 минут

«Күйзеліс туралы ілім» тақырыбын қайталау.

  1. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.- Алматы, 2004.- 377 б.

  2. Сәбет БАП-БАБА. Жантану негіздері. Алматы Дәнекер 2001ж

  3. Ә.Алдамұратов. Қызықты нсихология. Алматы. 1992ж.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2025
29
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі