Ашық сабақ Күкірт 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Күкірт 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпқа химия пәніен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



20 Сабақ



Химия




Сабақ тақырыбы:

Күкірт және оның қосылыстары. Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістері, күкіртсутек, күкірт оксидтері

Сілтеме:

9 ( жаратылыстану- математикалық бағыт) оқулық. Н. Нұрахметов, К.Жексембина, Н.Заграничная

Жалпы мақсаттар:

1 Күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиясы, физикалық және химиялық күкірттің оттекті қосылыстарына салыстырмалы сипаттама беру.

2.Жоспарды пайдалана отырып, өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру, негізгі ойды бөліп қорытындылап, салыстыра білуге үйрету.


3.Уақытты бағалауға, өз бетінше жұмыс істеп, қорытындылай білуге үйрету

Күтілетін нәтиже

Күкірт және оның қосылыстары мен химиялық қасиеттері туралы білім қалыптасады. Күкірттің қандай заттармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жаза алады. Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.

Түйінді идеялар

Күкірт және оның қосылыстары. Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау. Кеңейтілген тапсырмалар арқылы талантты және дарынды оқушылар айқындау. Топтық жұмыста көшбасы оқушылардың айқындалуы.

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі, өздік жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі

Күкірт, темір ұнтағы, тұрғы, индикаторлар, сынауықтар, құты, зат жағатын қасық, спирт шамы.


Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу.

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру


I нұсқа

II нұсқа

1. Br2 + H2

MgCl2 + AgNO3

2.Бейметалдарға тән физикалық қасиеттерін айтып, оттектің аллотропияқұбылысын еске түсіріңдер.

1. NaOH + HCl→

KBr + Cl2

2.Не себепті период саны өскен сайын бейметалл элементтер азаяды. Атом құрылысы тұрғысынан түсіндіріңдер.



«Ой қозғау »

Осы затпен ескі үйді аластайды,түсіне қарасаң алтынға ұқсайды

бұл не деп ойлайсыңдар, балалар?

Иә , бұл күкірт.

Ендеше бүгінгі сабағымызда «Күкірт және оның қосылыстары»

туралы әңгімелейтін боламыз.



Жаңа сабақ





Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

«Күкірт және оның қосылыстары» тақырыбы бойынша оқушылардың

слайд бойынша жұмыстарын қорғауы.

І топ «Күкірт»

ІІ топ «Күкіртсутек»

ІІІ топ «Күкірттің (ІV,VІ ) оксидтері


1- топ

Күкірттің периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы

Күкірт VІ А топ элементі.

Электрондық формуласы: S 1s2 2s2 2p6 3s2 3p4

Физикалық қасиеттері

Күкірт –сары түсті,қатты кристалды зат

Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, пластикалық

Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түрінде тұйықталған сегіз атомнан тұрады

Суда күкірт ерімейді, спирт пен эфирде нашар ериді;б ензолда, күкіртті көміртекте және т.б. жақсы ериді

Химиялық қасиеттері

Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады

күкірттің жай заттармен әрекеттесуі

күкірт жоғары температурада сутекпен әрекеттеседі

Жоғары температурада күкірт фтормен және оттекпен әрекеттеседі (жанады)

Табиғатта таралуы

Күкірттің табиғи қосылыстары

Балқаш, Шығыс Қазақстан облысында сульфидтер (ZnS,PbS, FeS,т.б) күйінде болса, сульфаттары

(СаSO4. 2 H 2O, Na 2SO4.10H2O, MgSO4. 7H2O) т.б болады

Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі

Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады

2- топ Күкіртсутек

Табиғатта таралуы және физикалық қасиеттері

Күкіртсутек –шіріген жұмыртқа йісті,түссіз газ.

-60°с-та сұйық күйге ауысады.ал -86° с-та қатады.

Күкіртсутек табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында,емдік қасиеті бар минерал суларда кездеседі (Алма-Арасан т.б)

Күкіртсутек өте улы, оның өте аз мөлшерімен тыныс алғанда адам есінен танып, тіпті өліп те кетуі мүмкін.

Күкіртсутек тыныс алғанда гемоглобинмен байланысып,сал ауруын туғызады.

Күкіртсутекпен уланған адамды тез арада таза ауаға шығару керек.

Химиялық қасиеттері

Күкіртсутеке тотықсыздандырғыш қасиет тән.

2S +O2→2S+2H2O S- тот-с-ш , O2- т-т-ш

Металдармен әрекеттесіп сутек бөледі, активтік қатарында сутекке дейін тұрған металдармен:

Н2S+Mg → Mg S+ Н2

Галогендермен әрекеттескенде сәйкес галогенсутек қышқылдарын түзеді:

Br2 + Н2S →2HBr+S

Күкіртсутек екі негізді қышқыл болғандықтан, орта (сульфидтер) және қышқыл тұздар (гидросульфаттар) түзеді. Н2S+КОН →КНS+H2O

Алынуы:

Зертханада:

Н2S Кипп аппаратында алынады:

ҒеS+ 2HCI Н2S + ҒеCI2

Қолданылуы:

Күкіртсутек емдік қасиеті бар, буын ауруларын емдеуде күкіртті сутек ванналарында қолданылады

Күкірттісутектің тұздарымен түсі әр түрлі тұнба түзуі аналитикалық химияда ерітіндіден сәйкес металл катиондарын бөлуде және анықтауда қолданылады

3- топ Күкірт окидтері

Физикалық қасиеттері

Күкірт екі түрлі оксид түзеді:S (ІҮ) оксиді-SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл-өткір тұншықтырғыш иісі бар, түссіз газ

S (ҮІ)оксиді-күкірт ангидриді- SO3,ұшқыш,түссіз сұйықтық; олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкіртті қышқыл Н2SO3 және күкірт қышқылы Н2SO4 түзіледі, олай болса бұлар қышқылдық оксидтер

Алынуы:

Зертханада: Күкіртті ауада жағу арқылы 2S+O2→ SO2

Өндірісте: 2ZnS+3O2 2ZnO+ 2SO2

2SO2+O2 → 2SO3

Химиялық қасиеттері:

Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:

SO2+Na2O→Na2SO3

Негізбен әрекеттескенде тұз және су түзе жүреді

SO2+2 NaOH →Na2SO3+H2O

Қолданылуы:

SO2-қантты,маталарды,сабынды ағарту үшін,қоймаларды аластау үшін қолданылады



Тапсырмалар

Өздік жұмыс.

І топ

1.Күкірттің химиялық таңбасы

2.Электрондық формуласы

3.Мүмкін болатын валенттігі

4.Мүмкін болатын тотығу дәрежесі

ІІ топ

Мына қосылыстардың ішінен күкіртті қосылыстардың формуласын тауып ,атын ата:

СаО,Н2S, NaOH ,SO2, H 2O, HNO3,MgCI2 ,Fe2 (SO 4)3

2.Күкірттің (ІҮ) оксиді ....оксид деп аталады

Күкірттің (ІҮ) оксиді сумен әрекеттесіп,түзеді

4.Күкірт қышқылының формуласы


ІІІ топ

1.Күкірт қышқылына және оның тұздарына қай зат сапалық реактив болып табылады ?

2.Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері қандай?

3.Мына реакция теңдеуін аяқта: а) Mg+H2S O4→ ә) Zn O+ H2S O4→ б) Na3 PO4 + H2S O4→



Кейінгі тапсырмалар

Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындау

Бағалау

Формативті бағалау : екі жұлдыз,бір ұсыныс.

Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды


Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу

Үйге тапсырма

§15



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2018
3865
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі