Білім
саласы:
«Денсаулық»
Бөлімі:«Денешынықтыру»
Тақырыбы:
Күн нұры
Негізгі қимылы:
бағытты өзгерте отырып
жүру және жүгіру.
Көлбеу тақтайшада жоғары және төмен жүру.
Допты
тор арқылы бастан
аса лақтыру.
Мақсаты:
көлбеу тақтаймен жүру дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері;көлбеу тақтайшада
жоғары және төмен қарай жүруге үйрету, тепе- теңдікті сақтау,
ептілік пен батылдықты дамытуға ықпал ету. Тор арқылы доп лақтыруға
жаттығу, допты қолды шұғыл қимылдата түзеп жоғарыға, алға қарай
лақтыра білуді үйрену . Бағытты өзгерте отырып жүруге, жүгіруге
жаттығуды жалғастыру, берілген белгіні қимыл-қозғалысты орындау
кезінде басында немесе соңында қабылдай білуді бекіту. Қоршаған
ортаға оң көзқарас және жылы шырай таныта білуге
тәрбиелеу.
Ойын
: «Ұядағы құстар». Міндеті: зал
кеңістігенде бағдарын айқындауды
жетілдіру.
Күтілетін
нәтиже: қайталайды, таспамен
жасалатын ЖДЖ, көлбеу тақтайша үстімен жоғары-төмен
жүруді;
Түсінеді: жүргенде, жүгіргенде өз
қимыл-әрекеттерін педагогтің берген командасымен басқа балалардың
іс-әрекетімен сәйкестендіру, қозғалыс ойындарының ережелерін;
қолданады:шеңбер бойына тұру тәсілдерін, допты жоғарыға және алға
қарай тордан лақтыру, кеңістікте бағдарын
айқындау.
Құрал-жабдықтар:көлбеу тақтайша, волейбол
торы, екі баған, әр балаға сары таспа мен
шеңбер.
Билингвалды компонент:
сәлеметсіз бе–
здравствуйте, сау
болыңыз – до свидания, құстар – птицы, ұя –
гнездо.
ҰОҚ барысы: І..Күнге көңіл аудартады
: « Бізге
бүгін шұғыласын төгіп, күн қонаққа
келді
». Таспамен
жүру және жүгіру – қолында күннің сәулесі.
Балалар белгі
бойынша бағыттарын өзгертеді.
ІІ.Негізгі
кезең. Таспаны қолға ұстап жүру
және жүгіру. Берілген белгі бойынша балалар бағыттарын өзгертеді.
Таспамен жасалатын жалпы дамыту жаттығулары: – Б.қ.: түрегеп
тұрады, таспаның бір ұшын қолымен ұстап тұрады. 103 Таспаны алға
және артқа сермейді. Бірнеше рет қайталағаннан кейін, (4–6) таспаны
екінші қолға ауыстырып жаттығуды қайталайды. – Б.қ.: аяқтарын бірге
қосып отырады, таспаның екі ұшынан екі қолымен
ұстайды. Алға қарай еңкейеді. Таспаны
аяқтарының ұшына қояды, түзеледі, қолды жоғары
көтеріп оған қарайды. Тәрбиешінің нұсқауымен алға қарай
еңкейеді, таспаны
алады .
(3-4 рет) –
Б.қ.: шалқасынан жатады
, таспаны
алға қарай созылған қолдарымен
кеуде
тұсында ұстайды. Екі аяқты бір мезетте таспаға
дейін көтеріп, сосын қайта түсіреді. Аяқты созып та, бүгіп те
көтеруге болады. (3-4 рет). Бірінің соңынан бірі баяу жүру. Таспаны
өз орнына апарып қою.
Негізгі қимыл
түрлері: Көлбеу тақтайшамен жоғарыға,
төменге қарай жүру.Тепе-теңдікті сақтауға назар аударады. Қажет
кезінде сақтық шарасын көрсетеді. Допты жоғарыға және тор немесе
керілген таспа арқылы алға қарай лақтыру. Нұсқау – допты бастан
асыра жоғарыға лақтыру, қолды жылдам
түзету.
Қимыл-қозғалыс
ойыны : «Ұядағы
құстар».
Залдыңбір жағына бала санына
есептеліп шеңберлерді орналастырады, педагог құстарды топтың әр
шетіне барып қоректенеді.Бұдан кейін ол: «Абайлаңдар, мысық!» – деп
дауыстайды. Құстар өз ұяларына ұшып кетеді . Бір-бірінің қолынан
ұстап, шеңбер бойымен жүру.
ІІІ.Қорытынды кезең
(рефлексия). Релаксация Ал, кәнеки,
тұрайық, Қолды баяу көтеріп. Саусақтарды бүгіп-ашып, Төмен қарай
түсірейік. Осылай
тұрып демалып
жолға асықпай шығайық.